Кластар мен пакеттердің импорты 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Кластар мен пакеттердің импорты

Кластар мен пакеттердің импорты

Егер толық аттар ұзын бролса және кластар көп қолданылса оларды қайта-қайта тере бермес үшін import оператор қолданылады, ол компиляторға кластың толық атын көрсетеді.

Жазылуы: import кластың толық аты.

Егер жұлдызша * қойылса онда компилятор барлық пакетті қарайды.

Мысалы:

import p1.*;

Ескерту, public модификаторымен белгіленген ашық кластарды ғана импорттауға болады.

StringBuffer класы

StringBuffer класының объектілері – жол ұзындығының айнымалылары болады.

ensureCapacity(int minCapacity) әдісі арқылы буфер көлемін үлкейтуге болады.

Үлкейту мына ереже бойынша жүзеге асады. Буфер көлемі N тең болсын. Онда жаңа көлем Мах(2 * N + 2, minCapacity) тең болады.

setLength (int newLength) әдісі арқылы кез-келген жол ұзындығын беруге болады.

Егер ол берілген ұзындықтан үлкен болса, онда қосымша белгілер ' \uOOOO' тең болады. Егер ол берілген ұзындықтан кіші болса, онда жол кесіледі де соңғы белгілер жойылады, яғни олар '\uOOOO' белгісімен ауыстырылады. Бұл жағдайда көлем өзгермейді.

newLength саны теріс болса ерекше жағдайға тап болады.

Кеңес

Объект ұзындығын көбейткенде абай болу керек.

Жолдағы белгілер санын String класындағы сияқты, length() әдісімен, ал көлемін  — capacity() әдісімен білуге болады.

stringBuf fer класының объектісін тек конструктор арқылы құруға болады.

Конструкторлар

stringBuffer класының 3 конструкторы бар, олар:

stringBuffer() — 16 белгі көлеміндегі бос объект құрады;

stringBuffer .(int capacity) — capacity көлеміндегі бос объект құрады;

StringBuffer (String str) — str жолынан тұратын str . length () + 16 көлеміндегі объект құрады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 48; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)