Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Листинг 19. Жолдарды сөздерге бөлуПоиск на нашем сайте Ішкі жолдарды қосу stringBuffer класында жол соңынан ішкі жолды қосатын он append () әдістері бар. Олар өзгертілетін жолға сілтеу жасайды, бірақ жаңа дана құрмайды. append (string str) әдісі берілген жол соңына str жолын қосады. Егер сілтеу str == null, онда "null" жолы қосылады. append (type elem) алты әдісі өзгертілген жолға boolean, char, int, long, float, double түрлерін қосады. append (char[] str) және append (char[.] , sub, int offset, int len) әдістері str массиві жолына sub ішкі массив белгілерін қосады. Оныншы append (Object obj) әдісі объектіні қосады. Бұның алдында obj объектісі tostring () әдісінің жолына түрленеді. Ішкі жолды қою insert () әдістерінің берілген жолға көрсетілген параметр бойынша жолды қоятын он түрі бар. Қою орынына бірінші параметр ind әдісімен қойылады. Бұл жол элементінің индексі. insert (int ind, string str) әдісі берілген жолға str жолын and индексі бойынша қояды. Егер сілтеу s tr == null онда "null" қойылады. Мысалы String s = new StringBuffer("Бұл жол"). insert(4, "үлкен").toString(); Нәтижесінде s == "Бұл үлкен жол". sb.insert(sb.length о, "xxx") әдісі sb.append("xxx") әдісі сияқты жұмыс істейді. insert (int ind, type elem) алты әдісі boolean, char, int, long, float, double түрлерін қояды. Екі әдіс өзгертілетін жолға str массивін және sub ішкі массив белгілерін қояды: i nsert(int ind, chart] str) insert(int ind, char[] sub, int offset, int len) Оныншы әдіс объектіні қояды: insert(int ind, Object obj) obj объектісі жолдарын өз әдісі toString () арқылы өзгертеді. Ішкі жолды өшіру delete tint begin, int end) әдісі begin индексінен бастап end индексіне дейінгі жол белгілерін өшіреді, егер end жол ұзындығынан үлкен болса, онда жол аяғына дейін өшіреді. Мысалы String s = new StringBuffer("Бұл он жол"). delete(4, 6).toString(); аламыз s == "Бұл жол". Егер begin == end, өшіру орындалмайды. Белгіні өшіру deieteCharAt (int ind) әдісі көрсетілген ind индексіндегі белгіні өшіреді. Жол ұзындығы 1 азаяды. Ішкі жолды өзгерту replace (int begin, int end. String str ) әдісі begin индексінен бастап end индексіне дейінгі жол белгілерін өшіреді, егер end жол ұзындығынан үлкен болса, онда жол аяғына дейін өшіреді, содан кейін олардың орынына str жолын қояды. replace () әдісі — delete () және insert () әдістерін жалғастырушы. Жолды кері жазу reverse әдісі сөздерді кері ауыстырады. Мысалы String s = new StringBuffer("Бұл жол"), reverse().toString(); нәтижесінде s == "лож лұБ". Бақылау сұрақтары 1. StringBuffer класының объектілерін атаңыз 2. Конструкторлар дегеніміз не? 3. Ішкі жодармен жұмыс істейтін әдістер дегеніміз не? 4. Операторлар дегеніміз не?
Дәріс №12 Java тіліндегі объектілік бағдарламалаудың қосымша элементтері. Ағындар (threads) және синхрондау. Thread класы және Runnable интерфейсі. Әдістер. и интерфейс StringTokenizer класы java.utii пакетіндегі StringTokenizer класының үш конструкторы және алты әдісі бар. Бірінші конструкторы StringTokenizer (String str) – бұл объект құрады. Ол str жолын бос орын, '\t' табуляция, '\r' каретканы қайтару, және '\n' белгісі арқылы сөздерге бөледі. Бөлгіштер сөз санына кірмейді. Екінші конструкторы StringTokenizer (String str. String delimeters) екінші параметр deiimeters бөлгіштерді береді, мысалы: StringTokenizer("Бұл,жақсы:бос орындар жоқ", " \t\n\r,:-"); Бұндағы бірінші бөлгіш — бос орын. Сосын табуляция, жолды ауыстыру белгісі, каретканы қайтару белгісі, үтір, қос нүкте, дефис. Бөлгіштердің орындары ауысып келуі мүмкін. Бөлгіштер сөз санына кірмейді. Үшінші конструктор бөлгіштерді сөз санына қосады: StringTokenizer(String str, String deiimeters, boolean flag); Егер flag параметрі true тең болса, онда бөлгіш сөз санына қосылады, егер false болса — қосылмайды. Мысалы: StringTokenizer("а - (b + с) / b * с", " \t\n\r+*-/(), true); Талдау кезінде екі әдіс қолданылады, олар: nextToken () әдісі жол сияқты келесі сөздерді қайтарады; hasMoreTokens() логикалық әдісі true мәнін береді, егер жолда басқа сөздер әліде бар болса, және false, егер басқа сөздер болмаса. Үшінші countTokens() әдісі қалған сөздер санын береді. Төртінші nextToken(string newDeiimeters) әдісі бөлгіштерді кез-келген жерде ауыстырады. Келесі сөздер жаңа newDeiimeters бөлгіштермен ерекшеленеді; жаңа бөлгіштер ескі бөлгіштермен бірге жұмыс істейді. Қалған екі nextEiement() және hasMoreEiements() әдістері Enumeration интерфейсін таратады. Олар nextToken() және hasMoreTokens() әдістеріне байланыс орнатады. String s = "Сөздерге бөлінетін жол"; StringTokenizer st = new StringTokenizer(s, " \t\n\r,."); while(st.hasMoreTokens()){ // Сөзді аламыз және өзгертеміз, мысалы, // экранға шығарамыз System.out.println(st.nextToken()) ; }
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 45; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.) |