Пакеттер және интерфейстер 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Пакеттер және интерфейстер

break операторы

breakоператоры цикл операторларынан, таңдау операторларынан және белгіленген блоктардан шығу үшін қолданылады.

Жазылуы: break таңба

 

 

Дәріс №7.

Объектілі бағдарламалаудың алғашқы түсініктері. Мұрагерлік және полиморфизм. UML-диаграммасы. Функциялар. Модификаторлар. Локальдың және глобальдық айнымалылар.

 this сілтеуі. Аталық және ішкі кластар. Super қызметші сөзі. Объектіге бағытталған бағдарлама

Классты жазу class сөзінен және оның атын жазудан тұрады.

class сөзінің алдынан класс модификаторларын (class modifiers) жазуға болады. Бұл мына сөздер public, abstract, final, strictf. Енгізілген класс атының алдынан protected, private, static модификаторларын жазуға болады.

Класс денесі өрістер, әдістер, енгізілген кластар және интерфейстер фигуралық жақшаға алынады.

Өрісті жазу кезінде міндетті емес модификаторлар public, protected, private, static, final, transient, volatile жазылуы мүмкін.

Пакеттер және интерфейстер

Java API стандартты кітапханасына жүздеген кластар кіреді. Әрбір программист жұмыс істеу кезінде оншақты өз класын қосады. Кластардың көп болуы ыңғайсыздық тудырады. Кластарды кітапханаға қосу бұрыннан қабылданған. Бірақ кластар кітапханасы стандарттан басқасы тіл бөлігі болып есептелінбейді.

Java құрастырушылар тілге қосымша құрылғы — пакеттерді (packages) қосты. Java-ның барлық кластары пакеттерге таратылады. Пакеттер кластардан басқа интерфейстер мен ішкі пакеттерден (subpackages) тұрады.

Java бағдарламасының құрылымы

Java тіліндегі файл құрылымы былай жазылады.

  • Файлдың бірінші жолында міндетті емес package операторы болуы мүмкін.
  • Келесі жолдарда міндетті емес import операторы болуы мүмкін.
  • Келесі кластар мен интерфейстер түсініктемесі болады.

Басқа екі ереже.

  • Файл кластарының ішінде тек бір ғана ашық public –класы болады.
  • Файл аты ашық класс атымен бірдей болуы керек, егер ашық класс бар болса.

Осыдан көретініміз егер проектіде бірнеше ашық кластар бар болса, онда олар әртүрлі файлдарда болуы керек.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)