continue операторы және белгілер (меткалар) 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

continue операторы және белгілер (меткалар)

Операторлар

Кез келген программалау тілі алгоритмдерден тұрады. Олар тіл операторлары (statements) деп аталады. Операторлар сызықтық есептеулерден, шартты операторлардан және циклдік операторлардан тұрады.

Java тілінің операторлары:

  • айнымалылар мен басқа объектілерді жазатын операторлар;
  • өрнектер операторлары;
  • меншіктеу операторы;
  • шартты  оператор if;
  • үш цикл операторы while, do-while, for;
  • таңдау операторы switch;
  • ауыстыру операторы break, continue жәнеи return;
  • өріс (блок) {};
  • бос оператор — нүктелі үтір.

Ескету

Java тілінде  goto операторы жоқ.

Кез-келген оператор нүктелі үтірмен аяқталады.

Нүктелі үтірді кез-келген өрнек соңынан қойсақ ол оператор (expression statement) болады. Бірақ оның мәні тек меншіктеу операциясында, инкрементте,  декрементте және әдістерді шақыруда ғана анықталады. Басқа жағдайларда мәні болмайды, себебі есептеу мәні жоғалады.

Өріс

Өріс нөлден немесе бір оператор ретінде орындалатын бірнеше операторлардан тұрады. Мысалы, {х = 5; у = ?;}. Бос өрісті де жазуға болады {}.

Операторлар өрісі айнымалылардың қолдану аймаған шектеу және программа мәтінін оқуды жақсарту үшін қолданылады.

Меншіктеу операторлары

Кез келген операция соңындағы нүктелі үтір меншіктеу операторы болады. Меншіктеу оператордың негізгі бөлігі болып табылады.

Операция мен меншіктеу операторының айырымы тек теоретиялық мінездемесінде. Меншіктеу операциясы көбінесе оператор ретінде қолданылады.

Тармақталу операторы

Шартты оператор (if-then-else statement) Java тілінде былай жазылады:

if (логӨрнек) оператор1 else оператор2

Бірінші логикалық өрнек орындалады. Егер нәтиже true болса, онда оператор1 орындалып  шартты оператор аяқталады, оператор2 орындалмайды, содан кейін келесі if операторы орындалады. Егер нәтиже false болса, онда оператор2 орындалады да оператор1 орындалмайды.

Шартты оператор қысқартылған болуы мүмкін (if-then statement):

if (логӨрнек) оператор1

Бұл жағдайда өрнек нәтижесі false болса ештеме орындалмайды.

Мысал 1:

if (а < х) {

х = а + b; } else {

х = а — b;

}

Бұтақтар фигуралық жақшаға алынып жазылады бұл әрбір бұтаққа операторларды қосуға мүмкіндік жасайды. 

Мысал 2:

if (п == 0}{

sign = 0;

} else if (n < 0){

sign = -1;

} else {

sign = 1;

}

Мынандай жағдай болуы да мүмкін ("dangling else"):

int ind = 5, х = 100;

if (ind >= 10) if (ind <= 20) x = 0; else x = 1;

Бұл ережені блок арқылы жазып бөлуге болады:

if (ind > 10) {if (ind < 20) x = 0; else x = 1;}

Бұл шарттарды оңайлатып жазу үшін логикалық операцияларды қолданған тиімді болады, мысалы:

if (ind >= 10 && ind <= 20) х = 0; else х = 1;

Таңдау операторы

Таңдау операторы switch тармақталудың бірнеше бағытын көрсетеді. Әрбір тармақ бүтін түрдегі тұрақтылардан немесе тұрақты өрнектерден тұрады (long түрі емес) және мән тұрақтымен сәйкес келсе таңдайды. Мына түрде жазылады.

switch (бүтін Өрнек){

case тұрақтыӨрнек1: оператор1

case тұрақтыӨрнек2: оператор2

. . . . .

case тұрақтыӨрнекN: операторN

default: операторDef

}

Жақша ішіндегі (бүтінӨрнек) byte, short, int, char түрлерінің біреуінде болады тек long түрінде емес.

Таңдау операторында барлық тұрақты өрнектер алдын ала есептелінеді. Сосын сол тұрақтыға сәйкес келетін өрнек есептелінеді.

Егер бір операторды әртүрлі бұтақта орындағымыз келсе case операторынан бірнеше метканы қолдану керек. Қарапайым мысал.

switch(dayOfWeek){

case 1: case 2: case 3: case 4:case 5:

System.out.println("Week-day");, break;

case 6: case 7:

System.out.println("Week-end"); break;

default:

System.out.printlnt"Unknown day");

Қайталану операторлары

Негізгі цикл операторы  while — жазылу форматы:

while (логӨрнек) оператор

Бірінші логикалық өрнек орындалады. Егер нәтиже true болса, онда оператор орындалады. Содан кейін тағы да  логӨрнек тексеріліп оператор орындалады, бұл қашан false мәні шыққанша жалғаса береді. Егер логӨрнек басында false мәніне тең болса, онда оператор бірде бір рет орындалмайды. 

Цикл операторы бос болуы да мүмкін, мысалы, код фрагменті:

int i = 0;

double s = 0.0;

while ((s += 1.0 / ++i) < 10);

мұнда, қашан s қосындысы 10 тең болғанша i рет қосу орындалады.

Ақырсыз цикл құруға да болады:

while (true) оператор

Бірақ бұндай циклден шығу жолын қарастыру керек, мысалы, break операторын қолдануға болады. Басқа жағдайда программа орындала береді және оны тоқтату үшін MS Windows операциялық жүйесінде пернелер "комбинациясы" <Ctrl>+<Alt>+<Del>, UNIX операциялық жүйесінде пернелер <Ctrl>+<C>, Windows NT операциялық жүйесінде команда Task Manager орындау керек. Егер циклге бірнеше операторларды енгізу керек болса, онда оларды {} блогына алып жазу керек.

Екінші цикл операторы do-while —жазылу форматы:

do оператор while (логӨрнек)

Бұнда бірінші оператор орындалады содан кейін логикалық өрнек тексеріледі. Цикл қашан логӨрнек true тең болмағанша орындала береді.

do-while оператор кем дегенде бір рет орындалады.

Bisection класының әдісі қиын болады, себебі онда main() әдісінен басқа f(x) функциясын есептеу әдісі де бар. Бұл әдіс көпмүше мәнін есептеп функция мәні ретінде қайтарады және бұл бір оператор арқылы орындалады:

return өрнек

main() әдісіндегі жаңа оператор break циклдің орындалуын қажет болса тоқтатады.

Циклдің үшінші операторы — оператор for — жазылу форматы:

for ( Өрнектер тізім 1і; логӨрнек; Өрнектер тізімі 2) оператор

Цикл орындалмас өрнектер тізімі 1 орындалады. Олар солдан оңға қарай орындалады.

Сосын  логикалық өрнек тексеріледі. Егер ол ақиқат, true, болса оператор орындалады, сосын Өрнектер тізімі 2. Тағы логикалық өрнек тексеріледі. Егер ол ақиқат, true, болса оператор орындалады, сосын Өрнектер тізімі 2 осылай жалғаса береді. Логикалық өрнек жалған, яғни false болса циклдің орындалуы аяқталады.

Ұзын сөздің қысқасы операторлар тізбегі орындалады

Тізім өрнек1; while (логӨрнек){

оператор

тізім Өрнек 2; }

for операторының кез келген бөлігі болмауы мүмкін: цикл бос болады, бірақ нүктелі үтір сақталады. Ақырсыз циклді беруге болады:

for (;;) оператор

Бұл жағдайда цикл денесінен шығу жолын қарастыру керек.

Мысал, код фрагменті

int s=0;

for (int k = 1; k <= N; k++) s += k * k;

// k айнымалысы белгісіз

Бірінші N натурал санның квадратының қосындысын есептейді.

 

continue операторы тек цикл операторларында ғана қолданылады. Ол оператордың екі түрі бар. Бірінші тек continue сөзінен тұрады және циклдің келесі итерациясына өткізеді. Мына жағдайда continue операторы нөлге бөлуден өткізіп жібереді:

for (int i = 0; i < N; i++){

if (i '== j) continue;

s += 1.0 / (i - j);

}

Екінші түрі белгіден тұрады:

continue таңба

таңба басқа идентификаторлар сияқты жазылады. Таңба оператор алдына қойылады немесе ашылған фигуралық жақшамен қос нүкте арқылы бөлінеді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 51; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.005 с.)