Операциялардың орындалу реті 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Операциялардың орындалу реті

Кеңес

Файл атын класс атымен атаңыз.

Біздің мысалды кезекті каталогқа HelloWorld.java атымен сақтаймыз. Сосын компиляторды шақырамыз, оған атты аргумент ретінде көрсетеміз:

javac HelloWorld.java

Компилятор байт-кодтармен файл құрады, оған Helloworid.class атын беріп файлды кезекті каталогқа жазады.

Интерпретаторды шақырғанда аргумент түріндегі класс атын береміз (файл аты емес):

Java HelloWorld

Экранға мына сөз шығада:

Hello, 21st Century World!

Ескерту

Интерпретаторды шақырғанда class қосымшасын көрсетпеу керек.

Суретте MS Windows 2000 операциялық жүйесіндегі Command Promptтерезесінде осы программаның бейнеленуі көрсетілген.

Сурет 1.1. Command Promptтерезесі

Жұмыс істеу кезінде менюдің арнайы бөлімі арқылы немесе пернетақта арқылы теріліп шақырылады — нақты бір ереже жоқ.

 

 

Дәріс №2.

Объектіге бағытталған жобалау және NetBeans платформасы. Процедураға және объектіге бағытталған бағдарламалау. Сілтенген түрлермен жұмыс жасау. NetBeans жобалары. Пакеттер. Кластар. Түсініктеме

Программада түсініктемелер былай жазылады:

  • екі көлденең сызық //;
  • жұлдызшасы бар көлденең сызық /* бірнеше жолдардан тұруы мүмкін */ (белгілер арасынан бос орын жіберуге болмайды).

Java үшінші түр JDK — программа javadoc үшін енгізілген түсініктеме бар. HTML форматындағы жеке файл үшін қолданылады және гиперсілтеулер жасай алады: көлденең сызық екі жұлдызша /** түсініктемелер */ жазылады және javadoc программасымен өңделеді. Бұндай түсініктемеге javadoc программасындағы @ жазуға болады.

JDK құжаты осылай құрылады.

Тұрақтылар

Java тілінде тұрақтыларды әртүрлі түрмен жазуға болады.

Бүтін

Бүтін тұрақтыларды үш түрлі есептеу жүйесінде жазуға болады:

  • ондық тұлға: +5, -7, 12345678 ;
  • сегіздік тұлға, нөлден бастап: 027, -0326, 0777 ; бұндай тұрақтыларда 8 және 9 сандары кірмейді;
  • он алтылық тұлға, нөлден және латын әріптері х немесе X бастап: 0xff0a, 0xFC2D, 0x45a8, 0X77FF ; бұнда үлкен әріп пен кіші әріп бірдей.

Бүтін тұрақтылар  int түріндегі форматта сақталады.

Бүтін тұрақтылар  соңынан L немесе l(кіші) тіркеп жазссақ, онда тұрақты ұзын long түріндегі форматта сақталады: +25L, -0371, OxffL, OXDFDF1 .

Нақты

Нақты тұрақтылар ондық санау жүйесінде екі түрде жазылады:

  • тұрақты нүктелі: 37.25, -128.678967, +27.035 ;
  • жылжымалы нүктелі: 2.5е34, -0.345е-25, 37.2Е+4 ; Кіші және үлкен латын әріптері Е жазуға болады  ; бос орын мен жақшаны жазуға болмайды.

Тұрақты нүктелі тұрақтының соңынан F немесе f әріптерін жазуға болады, онда тұрақты float түріндегі форматта сақталады: 3.5f, -45.67F, 4.7e-5f . Ал D (немесе d ) әріптерін жазсақ: 0.045D, -456.77889d, онда double түріндегі форматта сақталады.

Белгілер

Белгілер мынандай түрде жазылады:

  • Жазу белгілерін апострофқа аламыз: ' а ', ' N ', ' ? '.
  • Басқару белгілері апостроф ішінде кері көлденең сызықтан кейін жазылады:
    • ' \n ' —жолды ауыстыру newline код ASCII 10;
    • ' \r ' —каретканы қайтару CR код 13;
    • ' \f ' — бетті ауыстыру FF код 12;
    • ' \b ' — бір қадам кері қайту BS код 8;
    • ' \t ' —көлденең  табуляция НТ  код 9;
    • ' \\ ' — кері көлденең сызық;
    • ' \" ' — тырнақша;
    • ' \' ' — апостроф.

Белгілер char түріндегі форматта сақталады.

Ескерту: Компилятор және Java орындаушы жүйесі тек Unicode кодировкасымен жұмыс істейді.

Жолдар

Сөздер мен сөйлемдер тырнақшаға алынып жазылады

Мысалы:

"\n - бұл жолды ауыстырады"

"\"Спартак\" — Чемпион!"

Ескерту

Бір жол біткеннен кейін сөйлемді екінші жолға жазу керек болса ортасына қосу " + " таңбасын қоямыз.

Атаулар

Айнымалылардың, әдістердің, кластардың және басқа да объектілердің аттары (names) қарапайым болады (жалпы аталуы — идентификаторлар (idenifiers)) және құрамдас (qualified names).

Ескерту : Ат бергенде доллар белгісін жазуға болмайды. 

Дұрыс идентификаторлар мысалы:

a1 my_var var3_5 _var veryLongVarName

aName theName a2Vh36kBnMt456dX

Ат бергенде кіші латынның l әріпі мен 0 қолданбау керек, себебі оларды нөл мен бірмен шатастырады. Қызметтік сөздерді  class , void , static ат орнына қолдануға болмайды.

Дәріс №3.

NetBeans ортасыенда Java қарапайым бағдарламаларын құру. Жоба файлдарын компиляциялау. NetBeans жобасының құрылымы. Java графикалық интерфейстері.Шартты операция

Бұл операцияның үш операнды бар. Бірінші кез-келген логикалық өрнек, яғни нәтижелері true немесе false болады, сосын сұрақ таңбасы, содан кейін қос нүкте арқылы ажыратылған екі кез-келген өрнек жазылады, мысалы,

х < 0 ? 0 : х

х > у ? х - у : х + у

Шартты операция былай орындалады. Бірінші логикалық өрнек есептелінеді. Егер true нәтижесі берілсе, онда сұрақ белгісінен кейінгі бірінші өрнек орындалады және оның мәні барлық операция нәтижесі болады. Соңғы өрнек орындалмайды. Егер false нәтижесі берілсе, онда соңғы өрнек орындалады және оның мәні барлық операция нәтижесі болады.

Бұл былай жазуға мүмкіндік береді n = = о ? иә : m / n нөлге бөлінуден қорықпаймыз.

Өрнек

Тұрақтылар, айнымалылар, операциялар, әдістерді шақыру және жақшалар өрнке (expressions) деп аталады. Өрнектерді есептеу кезінде 4 ереже қолданылады:

1. Бір түрдегі операциялар солдан оңға қарай орындалады: х + у + z былай есептелінеді (х + у) + z. Ерекшелік: меншіктеу операциясы оңнан солға қарай орындалады: х = у = z есептелінеді х = (у = z).

2. Сол жақтағы операнд оңжақтығы операндтан бұрын орындалады.

3. Операндтар операция алдында толық есептелінеді.

4. Құрама операцияны орындау кезінде сол жақтағы меншіктеу мәні оң жақтағы мән үшін сақталады.

Мысалы

int а = 3, b = 5;

Өрнек нәтижесі ь + (Ь = 3) мәні 8 тең болады; бірақ (Ь = 3) + ь мәні 6 тең болады. Өрнек ь += (Ь = 3) мәні 8 тең болады, себебі жоғарығыдағылардың біріншісі орындалады.

Операциялар реті кемімелі түрде берілген. Бір жолдағы операциялар бірдей болады.

1. Постфикстік операция ++ және —.

2. Префикстік операция ++ және —, толықтыру ~ және теріске шығару !.

3. Түрлерді келтіру.

4. Көбейту *, бөлу / және қалдықты табу %.

5. Қосу + және азайту -.

6. Ығыстырулар <<, >>, >>>.

7. Салыстыру >, <, >=, <=.

8. Салыстыру ==, !=.

9. Биттік конъюнкция &.

10. Биттік болдырмау НЕМЕСЕ ^.

11. Биттік дизъюнкция | .

12. Конъюнкция &&.

13. Дизъюнкция | | .

14. Шартты операция ?: .

15. Меншіктеу =, +=, -=, *=, /=, %=, &=, ^=, |=,

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 56; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.005 с.)