Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Технология. Жылдамдық. Дикция. Тыңдаушылармен байланысПоиск на нашем сайте Технология “Флоушит” – пікірсайыстың маңызды техникаларының бірі, бұл пікірсайыс раунды кезінде әртүрлі түйіндеу, сілтеулер, жауаптар мен дәйектерді бақылау жүйесі. Көптеген пікірсайысшылар раундты конспектілеу (флоушит) үшін 8,5*11 не 8,5*17 дюймдік қағаз бетін пайдаланады. Флоушит жасау үшін қағаз бетін 6 тізбекке бөліңіз, әрқайсысы раундтың бір сөзі үшін резолюция мен кейстің тұжырымын парақтың жоғарғы бетіне жазыңыз, Сіз оларға раунд бойы жүгінесіз. Дәйектедің енізілуіне қарай оларды нөмірлеп тиісті тізбекке жазып отырыңыз. Стрелка мен сызықтарды,дәйектер мен жауаптарды, оларға деген контр-жауаптармен байланыстыру үшін пайдаланыңыз. Жауапсыз қалған не ұмытылып кеткен дәйектерді дөңгелетіп қоюға болады, т. с. Сауатты толтырылған флоушит раунд бойына дәйектермен не болғанын көрсетеді, жауап беруді қажет ететін, еске салынатын дәйектерді тауып алуға көмектеседі. Флоушитті өзіңіздің сөзіңізге дайындалар кезіңізде сараптаманың сызықтарын анықтау үшін пайдаланыңыз. Өзіңіздің сөзіңізден кейін де флоушитті толтыруды ұмытпаңыз, бұл сіз үшін жақсы тәжірибе болады, сондай-ақ әріптесіңізге көмектесуге, раундқа біткен соң баға беруге көмектеседі. Есіңізде болсын – көптеген төрешілер шешім шығарар кезде өз флоушиттеріне жүгінеді, сондықтан өз флоушитіңіздің дұрыс толтырғандығына күмәніңіз болмасын. Стиль Ең мықты дәйектердің өздері жалықтыратындай, сенімсіз ұсынылса пәрменді әсер ете алмайды. Есіңізге сақтаңыз, парламенттік пікірсайыс сендіруге негізделген, ол не ұсынылғанына ғана емес, қалай ұсынылғанына да байланысты. Осыған сәйкес, көптеген төрешілер шешім қабылдар кезде кейбір стилистикалық факторларды ескеріп отырады. Сөйлеу стилі – бірнеше бетке сыйғызатын нәрсе емес. Стиліңізді жақсартудың ең тиімді жолы – тәжірибе. Одан кейінгісі өте тәжірибелі пікірсайысшылар мен шешендерді тыңдап, олардың бойындағы ұнаған жақтарына еліктеу. Риторика мен стилистиканың дамыған технологиялары әдістемелік құралдан тыс болғанына қарамастан, онда жас пікірсайысшылар әрдайым тап болатын стилистикалық қиыншылықтармен күресетін біршама жалпы нұсқаулар бар. Дауыс Көптеген жас пікірсайысшылардың ортақ проблемасы – монотонды сөйлеу. Бұл төрешіні ұйықтатудың ең оңай жолы. Тон мен фразаларды ұсынуды құбылтыңыз, ауызекі стиль мен дауыс тонын қолдануға болады. Сөзіңіздің әрі сенімді, әрі тәкәппар шығуына, тым паң болмауына тырысыңыз. Бұл төрешінің назары мен қызығушылығын тудырып отырады, Сізге маңызды сәттерде драмалық (жоғарғы) тон арқылы өз сөзіңіздей кейбір мәселелерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Төрешінің сізді естіп отырғанына көзіңізді жеткізіңіз, бірақ бар дауыспен айқайлаудың қажеті жоқ. Сіздің даусыңыз бөлменің көлеміне ыңғайлану керек, лекцияда ұтымды болғаны кішкентай класста ұнамсыз әрі ұтымсыз естіледі. Жылдамдық Парламенттік пікірсайыс – бұл жоғарғы жылдамдықтағы саяси пікірсайыс емес. Егер сіз “Карл Попперде пікірсайыстың жоғары жылдамдығын пайдалануға үйреніп кетсеңіз, бұл әдеттен құтылудың уақыты келді. Төрешілер тез сөйлеудің арнайы тренингтерінен өтпеген, сондықтан егер сіздің жылдамдығыңыз минутына 200 сөзді құраса, бұл өте тез, төреші сіздің кейбір дәйектеріңізді жазуға үлгермей қалуы мүмкін. Шын мәнінде әрбір пікірсайысшыға жылдамдықты сәл басу жақсы кеңес болар еді. Кілтті пункттердің арасында жаңа дәйектердің алдында, маңызды мысалдан кейін кідіріс жасаудан қорықпаңыз. Көптеген жас пікірсайысшылар конструктивті сөздердің көбінде 8 минут бойы қобалжыған күй кешеді: одан құтылудың бір жолы – сізде бар минуттың артықшылықтарын іске асыру, жылдамдықты басыңыз, сонда сөзіңіз әрі түсінікті, әрі тез жететін болады. Дикция Нақты сөйлей отырып ауызекі стильді сақтаңыз. Сөздерді жұтпаңыз және бұрмаламаңыз, әйтпесе төреші сіздің сөзіңіздегі маңызды нәрсені жіберіп алуы мүмкін. Сөйлеу қоспаларынан құтылыңыз, сөйлемдеріңізді үрей тудыратын “Умммм” және “Ээээ..” сияқтылармен бөлмеңіз. Бұлар сөзіңіздің мәнінен көңілді аудартып жібереді. Өз әріптесіңізге бұларды қолданбауын қадағалап тұруына өтініш жасаңыз. Және де үлкен өтініш – маужырап, ұйықтап кетпеңіз және еркек спикерді “спикер ханым”, ал әйел спикерді “спикер мырза” деп атамаңыз. Олар мұны түсініп өкпелемейтін шығар, бірақ бұл шын мәнінде ыңғайсыз естіледі. Сіздің алғашқы парламенттік пікірсайысыңыз үлкен аудитория алдында өтпейтін (өтпеген) шығар. Бөлмеде 6-7 адам отыруы мүмкін. Осы кезде сізде көз байланысынан, не аудитория алдында бірнеше рет сөйлеуге байланысты ескі қорқыныштардан (егер олар сізде бар болса) құтылуға мүмкіндік туады. Басқа топқа емес, әріптесіңізге, төрешіге қараңыз. Барлық ойлар төрешіге бағытталуы тиіс – сіз басқаны емес тек соны сендіруіңіз керек. Күлімсіреп қарауды ұмытпаңыз, сіз істеп тұрған істен рахат алып жатқандай болып көрінуіңіз керек (шын мәнінде тәжірибе арқасында көпшілік алдында сөйлеуден ләззат ала бастайсыз). Бұл төрешіге ұнап, сіздің сөзіңізді ол үшін сенімді етеді. (Әрине, бұл қағидадан да ауытқушылықтар бар, мысалы: Босниядағы зұлымдықтар туралы күлімсіреп айтуға болмайды). Сөзіңіз жазылған параққа қарауға тырыспаңыз. Оның орнына көзіңізді параққа маңызды пункт аяқталып, келесісі басталар алдында салыңыз – бұл ойыңыздың жинақталуына көмектеседі. Одан соң қайтадан төрешіге қарап, жаңа пунктті түсіндіре бастаңыз. Жас пікірсайысшылардың уақыттың 80%-да параққа қарап, 20% уақытта төрешіге қарайды. Бұдан қарама-қайшы нәтижеге тап боласыз.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 47; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.) |