Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Сұрақтар (“point of information”)Поиск на нашем сайте “Сұрақ” – нақ осы сәтте сөйлеп жатқан қарсы топтың ойыншысына бағытталған сұрақ немесе пайымдау (утверждение). Сұрақ қою үшін пікірсайысшы орнынан тұрып, “сұрақ” не “рұқсат етіңіз” деп айту арқылы өзінің сұрақ қойғысы келіп тұрғанын көрсетуі қажет. Осы сәтте сөйлеп жатқан ойыншы сұрақты қабылдауға не қабылдамауға құқысы бар. Бұл сұрақ қоюшы тұрғаннан кейін 10-15 секундтан соң көрсетілуі тиіс. Егер сұрақ қабылданбаса, сұрақ қоюшы орнына отыру керек. Ал қабылданса, сұрақ қоюшы сөйлеушіге қысқа сұрақ пен комментариді айта алады. Сұрақтың ұзындығы 15 секундтан аспауы керек. Сұраққа жауап беруге кеткен уақыт оны қабылдаған адам үшін ескерілмейді. Сұрақтар 4 конструктивті сөздердің алғашқы және соңғы минуттары арасында қойыла алады, бірақ ребатл кезінде сұрақ қоюға рұқсат етілмейді. Сұрақ оны қоюшы мен жауап беруші үшін тиімді болуы мүмкін, сондықтан кейбір пікірсайысшылар көп сұрақ қоюға, көп сұраққа жауап беруге тырысады (бірақ, мұндағы тым шектен асушылық көңілді алаңдатып, не қауіпті болуы мүмкін). Әдетте әрбір ойыншы өз сөзі кезінде 2-3 сұрақты қабылдап, қарсыластың сөзі кезінде бірнеше сұрақты әдейі арандатпайтындай етіп, көңілді алаңдату мақсатын көздеместен қойғаны орынды. Спикер өз сөзін сұрақ қабылдау үшін бөлмеуі тиіс; одан да сөйлемді не идеяны аяқтап барып сұрақ қабылдаған жөн. Сіздің сұрақты дәл қазір емес, раундтың даму барысына байланысты қабылдаймын деп айтуыңыз заңды нәрсе. Сұрақтар мына мақсаттарда пайдаланады: 1.Нақтылауды сұрау. ПМК-де анық емес кейс ұсынылған кезде сұрақ Үкімет ойларын бұзу үшін, оларды кейсті нақтылауға итеру үшін және раундты дефинициялар бойынша ұзақ нәтижесіз сөзталасқа айналдырмас үшін пайдаланылуы мүмкін. 2.Қарсылас топтың дәйегіндегі қарама-қайшылықтарды көрсету. Егер спикер өзінің алдында сөйлеген әріптесінің сөзіне қарама-қайшы сөз айтса, “сұрақты” осыны көрсету үшін және қарсыластарға деген төрешінің сенімін әлсірету үшін қолданыңыз. 3.Қарсыластар енгізген дәйекке жауап қайтару. Конструктивті сөздерде сіз дәл осы сәтте сөйлеп жатқан спикердің дәйегіне тікелей жауап беру үшін “сұрақты” пайдалана аласыз. Әсіресе, дәйек логикалық байланысқа емес эмоция мен негізсіз ойға құрылатын болса өте тиімді шығады. Дәйекті негізінен құрту үшін 15 сек. жеткілікті. Алайда абай болыңыз: егер сіздің қарсыласыңыз шабуылды бірден орынды қарсылықпен қағып тастаса, онда алғашқы дәйек одан сайын күшейеді.4.Басқа топ жіберіп алған не жалған фактіге нұсқау жасау. Кейбір кезде спикер (әдейі не абайсызда) өзінің дәйектерін дұрыс емес фактілерге құрайды. “Сұрақ” қарсылас топқа бұл тұжырымдарды “жауапқа тартуға” мүмкіндік береді. Парламенттік пікірсайыс көбіне эмпирикалық пікірталастарға құрылмаса да, бірақ факттардағы асыра сілтеушіліктерге нұсқай отырып, қарсыластың кейсін осылайша әлсіретесіз. 5.Келесі сөздің негізін салу. Ұтымды сұрақ не тұжырымдама келесі сөзде ұсынылатын басты идеяның іргетасын құрай алады. Сонымен бірге алдында жауапсыз қалған пунктке соққы бере отырып, немесе “сұрақ” кезінде сараптаманың жаңа сызығын енгізе отырып, сіз осы арқылы оны «ағымға қосасыз” да, қарсыластарыңыздың “сараптама кезінде жаңа дәйек енгізді” дегенінен тайсалмай бұл дәйекті қайталауға, кеңейтуге, тіпті оған жауап беруге (егер бұл дәйек қарсыластардың дәйегі болса) мүмкіндік аласыз. 6.Раундқа қалжың ұшқынын қосу. Қысқа, өткір әрі орынды қосынды көптеген жағдайда дәйекке құрғақ прозадан гөрі көбірек пайда әкеледі. “Сұрақ” арқылы сіз пікірсайысқа қалжың еңгізесіз және өз қарсыластарыңызды қарусыздандырасыз.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 45; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.) |