Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Жеке басқа қол сұғушылықПоиск на нашем сайте Тәртіп бұзу Тәртіпті бұзу – басқа топ өкілі сөйлеп жатқан кездегі пікірсайысшымен ұсынылатын пікірсайыс ережелерін бұзуға деген қарсылық. Тәртіптің бұзылғанын жария ету үшін пікірсайысшы орнынан тұрып: “Тәртіп бұзылды” деп айтуы керек. Одан соң ережелердің бұзылғанын қысқа түрде түсіндіруі тиіс. Осы сәтте сөйлеп жатқан спикер сөйлеуін тоқтатып, төрешінің қарсылықты қабылдағанын не қабылдамағанын күтуі керек. Егер қарсылық қабылданса, тәртіпті бұзушылықты түсіндіруге кеткен уақыт спикер уақытынан алынып тасталады. Ал егер қарсылық қабылданбаса, онда бұл уақыт спикер үшін ескеріледі. Тәртіпті бұзу ойдан өткізіліп, құрылып жатқан кезде сөйлеп жатқан спикерге жауап беруге рұқсат етілмейді. Бұл ережелер қатып қалған қағидалар, топтар оны өзгерте алмайды. Тәртіпті бұзу мынадай кезде көрсетілуі мүмкін: 1.Сараптама сөз кезінде жаңа дәйек енгізу. Егер де спикер ребатлда раунд бойынша енгізілмеген пункт кіргізсе немесе басқа топ айтқан нәрсеге алғаш рет жауап беріп жатса (бұған тек ОМК-де айтылған ойға жауапты қайтара алатын ПМ құқылы), онда қарсылас топ тәртіптің бұзылғаны туралы айту керек. Егер қарсылық қабылданса онда төрешілер жаңа дәйекке мән бермейді және оны енгізген спикерге әрі қарай түсіндіруге рұқсат етілмейді. Төреші ребатлдағы жаңа пунктты біржақты бейтараптандыра алмайды; екі топ та жаңа пункттердің енгізілуін бақылауға міндетті болып есептеледі. 2.Сараптама кезінде кейсті ауыстыру. Егер Үкімет тобы ПМС-де кейстің тұжырымдарын өзгертуге не ауыстыруға тырысса, онда оппозиция қарсылық білдіре алады. 3.Спикердің уақыт шектерінен шығып кетуі. Сөздің шектелген уақыты аяқталған кезде әрбір ойыншыда өз ойын аяқтау үшін 30 секунд болады. Егер ол осы лимиттен асып кетсе, онда қарсылас топ мүшелері қарсылық білдіре алады. Егер қарсылық қабылданса, онда сөйлеп жатқан спикер сөзін аяқтап, отыруға міндетті. Егер сіз қарсылас топтың мүшесі Сіздің сөзіңізді қатты өзгертіп не жеке намысыңызға тиіп жатқанын сезсеңіз, онда “Жеке басқа қол сұғушылықты” пайдалана аласыз. Тұжырымдау, шешім қабылдау мен уақытша бағалау процедурасы тәртіпті бұзу процедурасымен тепе-тең. Егер жеке басқа қол сұғушылық қабылданса, онда сөйлеп жатқан спикер сізге берген ұнамсыз бағасын түсіріп тастап, өз сөзін жалғастыруы керек. Жеке басқа қол сұғушылықты тек Сіздің сөзіңізді шынымен бұрмалап, намысыңызға тиген жағдайларда ғана пайдаланыңыз. Өз қарсыластарыңызға аздап еркіндік беріңіз, сіздің кейс бойынша жеңіл сарказм мен әзіл-қалжың сізді үрейлендірмеуі тиіс. Егер сіз қарсылықты таласты жағдайда білдірсеңіз, онда бұл шектен асушылық болып көрінеді. Өзіңізге өзіңіз төреші бола отырып, шын төрешінің реакциясын болжай біліңіз.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 74; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.) |