Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Пікірсайыс негіздері туралы тағы бірер сөзПоиск на нашем сайте Жаңа аргументтер Ребатлда жаңа дәйектерді енгізуге тиым салынады, алайда жаңа мысалдар тек тиімді болады. Шын мәнінде, егер сараптау аймағы конструктивті сөздерде ұсынылмаса, ол сараптау сөзінде ұсыныла алмайды. Дегенмен, алдында ұсынылған сараптау аймағын кеңейту заңды болып есептеледі. Одан басқа, спикерлер қарсыластардың жауапсыз қалған пункттеріне ребатл кезінде негізінен жауап бере алмайды (бұл қағидадан бір-ақ ауытқушылық төменде). Яғни, ПМ мен ОЛ ескі дәйектерді нығайту үшін жаңа мысалдарды енгізе алады, бірақ жаңа дәйектер үшін ескі мысалдарды пайдалана алмайды. Мысалы: Дәйек: “ Авторитаризм басшылық – жанышталуға әкеліп соғады”. Алғашқы мысал: “ Ұлтшыл Германия” Ребатлда қолданыла алатын жаңа мысал: “ Сталиндік Ресей” Ребатлдағы енгізе алмайтын жаңа мысал: “Ұлтшыл Германияда болғандай басып-жаныштау экономиканың тұрақсыздығына әкеледі”. Егер ребатлдағы дәйек жаңа деп шешілсе, ол дәйек қаншалықты күшті әрі жарқын болса да алдында тұжырымдалмаған деген сөз. Жаңа дәйектерді табу – қарсылас топтың міндеті ( қараңыз төменде “Тәртіпті бұзу”). Бұл пункт қаншалықты жаңа және айқын болуына қарамастан төреші ребатлда жаңа пунктты бір дегеннен қабылдай алмайды. Ребатлда жаңа дәйек енгізуге болмайды деген қағидадан бір ауытқу (исключение) бар. ПМ ребатлы Үкіметтің ОМК-де айтылғанды терістеудің жалғыз мүмкіндігі болғандықтан, ПМ-ге бұл дәйектерге жауап қайтаруға рұқсат етіледі. ОЛК-де енгізген кейбір дәйектерді Үкімет байқамай қалса, бұл дәйектер тағы бір рет ОМК-де айтылса да, ребатлда оларға жауап қайтаруға рұқсат етілмейді. Стратегия «Жаппай соғыс - өліммен пара-пар» Әсіресе егер сіз «Оппозиция Мүшесінің құлату тактикасына тап болған ПМ болсаңыз, онда сізге қарсыластардың ұсынған әрбір пунктіне жауап беру үшін 4-5 минут жеткіліксіз болады. Жаппай соғыс» әдісі Сіздің белгілі бір маңызды нәрсені байқамағандығыңыздан ұтылатыныңыздың кепілі болып табылады. Сіз бәріне жауап қайтаратыныңызға сенсеңіз де, мұны кеш жасағандықтан, (сіздің сөзіңіз сонғы сөз) сіз пікірсайысқа шатасулар енгізіп, негізгі мәселелерден тыс қаласыз. Ребатлды 3-4 негізгі мәселеге (мәселелер тобына) шоғырландыру керек. Осы 4 минутта айтылған нәрсе раундты қорытындылап, әр топтың позициялардың тұғырлық принциптерінің ара-қатынасын көрсету керек. Ребатлға дайындала отырып, ОЛ мен ПМ сөздеріне сауал қоюы тиіс: 1.Осы раундтың басты пункты қандай мәселе? Көп жағдайда осы пункт топтардың базалық құндылықтарының қақтығысы болып есептеледі – теңдік еркіндікке қарсы, шындық “жоғарғы игілікке” қарсы, отандағы міндеттер шетелдегі міндеттерге қарсы. Раундтардың көпшілігінде шын мәнінде мықты 2-3 дәйек ОМК-де пайда болады, бұл ОЛ ребатлында дамытылып, ПМ-дің ребатлында соққыға ұшырауы тиіс. 2.Қарсы топ нені жіберіп алды? Пікірсайыс талқыланған дәйектермен қарсыластар жіберіп алған мәселелерді түсіну үшін өзіңіздің флоушитіңізді тексеріп өтіңіз. Алғашқысын тағы да талқылау керек, ал екіншісіне қысқа және нұсқа төрешінің назарын аударту қажет. 3.Төрешінің сізді ұтылған топ деп шешуіне қандай себептер әсер етуі мүмкін? Бұл мәселе «басты пунктен» (1) өзгерек, себебі кейбір кездері жақсы пікірсайыс онша маңызды емес және еркін тоқтатылатын қателер мен жіберулердің кесірінен жеңіліс тауып жатады. Егер сіз ОЛ болсаңыз, ПМ өз ребатлында шабуыл жасау үшін қандай пункттерді қолданатынын алдын ала болжап, бұл дәйектерді қарсылас қолданар алдында талқандаңыз. Егер сіз ПМ болсаңыз, оппозиция тұрғысына тиімді қарсылық көрсету үшін ОМК мен ОЛС (сараптама) сөзінің шама-шарқының бағыттылығын мұқият байқап отырыңыз. Ребатл техникасы Ребатл техникасының түрлері сансыз көп, төмендегілері ең кең таралғандары. Олардың бәрін бір сөзіңізге жинақтауға тырыспаңыз. Оларды жеке-жеке пайдаланған жақсы. Есіңізде болса, сізде 4-5 минут қана бар. Өз ойларыңызды қысқа етіп құрастырып, оларды 3-4 «тақырыпша» аясына жинақтап алыңыз. Сіз соққы ұшырататын аймақты айқындап, оларды логикалық жақтан тізбектеп шығыңыз. 1.Жинақтау ОЛ мен ОМ сізге “сараптаудың 14 жеке деңгейін” ұсынуы мүмкін, дегенмен өзіңізді қапыда қалдырмаңыз. Көптеген жағдайда аталған пункттер 3-4 жалпы дәйекке топтастырылуы мүмкін. “Сіз ақ өтірікке бой ұрмауыңыз керек” деп тұжырымдайтын кейсте төрт жеке пункт достықтың маңыздылығы, өтіріктің достыққа әсері, алданған достың ашуы және сіздің дос ретіндегі жауапкершілік туралы,-олардың барлығы бір базалық дәйектің бөліктері, яғни өтірік достыққа да, өзіңізге де зиянды нәрсе. Мұндай дәйектеме – сіздің досыңыз. Артықшылығыңызды пайдаланыңыз: қарсыластарыңыздың кейсін жинақтап (бұл арқылы олардың жұмысын істеп), олардың дәйектемесі 2-3 негізгі идеяға саятынын көрсетіп, бұларға кейінірек күшті қарсылық білдіре аласыз. 2.Таңдама (выборка) Бұл техника – «жаппай соғысқа» шақыруға ұтымды жауап. Шайқастарыңызды нақтылап таңдаңыз: шекті дәйектерге қысқаша жауап қайтарыңыз не назар аудармаңыз да пікірсайыстың мәніне қарай жылжыңыз. Егер раундта дефициттан құтылу үшін бензиннің 1 галлонына 50 цент салық енгізу жөнінде сөз болса, онда Америкадағы жеке меншік машиналар туралы пікірталас жүргізу орынсыз болар еді. Негізі мәні – мұның экономикаға зиянынан пайдасы көп бола ма? Не себепті салық басқаға емес бензинге салыну тиіс. Дефицит көрсетілгендей соншалықты үлкен жауапкершілік болып табылады ма? Бензинге салынатын салық регрессивті ме? Яғни – ребатлдағы 3-4 проблемалы пункттен аспау керек. 3.Көптік жауаптар Бұл әсіресе ПМС-де тиімді техника. Оппозиция кейсіне күмән тудыру үшін бірнеше дәйектерді “атқылауға” мүмкіндік береді. Оппозицияға жауап қайтару қалмағандықтан бұл мәселелер төрешінің ойында раундтың аяғына дейін қалады. Жоғарыдағы мысалды жалғастырайық. Оппозицияның негізгі дәйегі – бензинге 50 цент салық экономикаға кері әсер етеді. ПМ былай деп айтуы мүмкін: “Бұған менің 3 жауабым бар. Біріншіден, бұл дәйек өтірік, себебі ЖҰӨ-ді қысқартуды тоқтату Федералды Резервпен монетарлы саясатты өзгерту арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл дәйек тағы да өтірік, себебі тұтынушылар мен өндіріс автоиеленушілердің бірлесуі және жанармайдың тиімділігіне үлкен талпыныс арқылы бағалардың өсуіне дағдылана алады, аталған екі өзгеріс өте маңызды. Қорыта келгенде, оппозиция дәйегі қысқа мерзім үшін дұрыс болса да, өсетін ұлттық қарыз жүктейтін мемлекетке деген салмақ бұл салыққа қарағанда өте қауіпті. Оппозиция шындықты қабылдамайды, ал біз болсақ ұзақ мерзімдегі АҚШ экономикасының мықты болуы үшін әрекет етеміз”. 4.Шолу Шолулар – жоғары дәрежедегі тақырыптар мен құндылықтар қақтығысын қамтамасыз ететін тәсіл. Әрбір кілтті мәселелерді, әрбір тараптың оларға қалай жауап бергенін (не жауап бере алмағанын) және де не себепті Сіздің тарапыңыз әрбір жағдайда басым түскендігін көрсетіп беріңіз. Раунд бойынша бекітілген мәнді тұстар мен басты факттарды қалпына келтіріңіз (яғни ПМК-нен кілтті бөлімдерді). Қақтығыс аймақтарынын раунд бойында текетіресті тудырған ерекше тұстарды көрсетіңіз. Екі жақтың көзқарасы тарапынан дәйектің пайда болуы мен дамуын қалпына келтіріп, мұның сіз үшін ұтымды жағын түсіндіріңіз. “Дәлелденген факттарды” талқылаңыз. Мысалы: “Құрметті төреші, біз АҚШ экономикасы ұзақ мерзімді болашағы таласқа түспейтін приоритет екенін дәлелдедік. Біздің көрсеткеніміздей, бензинге салынатын салық тұтынушылармен өндірісшілерді жанармай тиімділігін өсіруге итермелейді және федералды бюджетті қысқарту мақсатында Үкіметке қысым көрсетіледі. 5.Диохотомиялық Бұл техника ребатл жасайтын адамға әлемнің тағдырын Үкімет жоспары мен оппозиция жоспары бойынша салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл қақтығыс негізгі аймақтарын қызықты мәнерде көрсетудің ұтымды әрі қарапайым әдісі. Сізге керек пункттерді қамтитын 3-4 контраст пен қарсы тұруларды таңдаңыз. Мысалы: “ Үкімет жоспары бойынша АҚШ Үкіметі орта тап үшін тек тағы бір әділетсіз салықты қосады. Оппозиция жоспары бойынша бюджетті қысқарту арқылы біз салықтың көбейюінен құтылып қана қоймай, сонымен бірге дефицитті азайтамыз. Егер Үкімет ұсынысымен жүретін болсақ, онда онсыз да төмендеп бара жатқан стагнацияны жалғастырып асқындыра түседі. Оппозиция жоспары бойынша біз экономиканы ынталандырып, фискальды жауапкершілікті енгіземіз” Диохтомиялар мына формалар (қалыптар) арқасында ребатл тез арада құрылым мен тәртіпке келтіреді: “Олар Х істейді және Х-жаман. Біз У жасаймыз және У-жақсы, себебі Z”. Сонымен қатар, диохтомиялар қарсылас жоспарына іліккендей зұлымдықтар мен сіздің әділдік байрағыңыз әкелетін жердей жұмақтың тірі бейнесін көрсете алады. 6.Кешірімсіз қателіктер Жоғарыда көрсетілгендей байқалмай кеткен дәйектер раундтың басты пунктіне айналуға бейім. Егер сіз енгізген дәйекті қарсылас топ жіберіп алса, онда бұл жағдайдың өзі раундты жеңіп алу үшін жеткілікті. Мұны ребатлда “жандандырып жіберіңіз”. Бұған нұсқау жасаңыз, анекдот айтып беріңіз, қарсы топ бұл дәйекке не себепті жауап бере алмағанын түсіндіріңіз, дәйекті тереңдетіңіз. Бірақ, өз кезегіңізде қарсыластың бірде бір дәйегін жіберіп алмағандығыңызға көзіңізді жеткізіңіз. Егер сіз “ОМ-н талқандау” техникасына тап болған ПМ болсаңыз, бұл өте ұтымды болар еді.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 45; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.) |