кімет мүшесінің конструктивті сөзі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

кімет мүшесінің конструктивті сөзі

Талдау

Үкімет тобы белгілі бір проблеманы шешуге арналған және дүниені жақсартуға септігін тигізетін кейс (бағдарлама) ұсынып тұрмыз деп ойлайды. Оппозиция тобының міндеті – енгізілетін саясаттың немесе бағдарламаның кемшілігін, болмаса зияндығын дәлелдеп көрсету. Үкіметтің ұсынған жоспарын орындаудан кім ұтады? Дегенмен, Оппозицияның міндеті аталған жоспарды орындаудан зардап шегетін тарапты анықтау болмақ. ПМ сөзбасында өз тұжырымдарын жариялап тұрған кезде, Оппозиция лидері мен мүшесі оларды талқылап бойындағы бар кем-кетік тұстарды анықтап үлгеруі абзал. Дәйектерге жауап беру барысында Оппозиция олардың аталуына, яғни екі мағыналы болмауына назар аударуы керек. Оған қоса оның логикасына (адамның сезіміне негізделбеген бе? Оны Оппозиция пайдасына қолдануға болмас па еді?) және маңыздылығына (Пошта маркасының 2 тиынға көтерілгендігі біреу-міреуді толғандырады ма?). Кейстің негізделуі қаншалықта мықты болды? Үкіметтің тағы қосып айтқысы келгендігі немесе кейсін пікірсайыс барысында қалай өзгерткісі келгендігі аса маңызды емес. Оппозиция бар назарын кейстің қалай негізделгендігіне аударуы керек.

Оппозиция тобының кейбір арнайы стратегиялары:

«Мекенсіз арал» қорғаны. Бұл әдісті Үкімет тобы труистік болмасадағы, бірақ соған жақын болған кезде қолдана бастайды. Мұндайда Оппозиция тобы мұңаймай-ақ қойсын. Олар Төрешіге Үкімет тобының негізгі міндеті пікірсайыстыруға ыңғайлы болатын кейсті ұсыну екендігін көрсетуі керек. Ал мұнда «қарсы» бір-ақ дәйек айтуға болатын тұжырым айтылған. Егер Оппозиция өз ұстанымының анық бекуін қамтамасыз етсе немесе оның тарқатып дамытқан болса, онда Оппозиция тобының жеңіске жетуі ықтимал. Естеріңізде болсын, Парламенттік сайыстың алғашқы талаптарының бірі көп дәйек ұсыну емес, топтардың пікірсайыстыру дәрежесі болмақ. Айтса да қорғанудың бұл әдісін өте сақ пайдаланған дұрыс. Егер Оппозиция Үкімет тобының аталған әдісті пайдаланғандығын айтса және Төрешінің Оппозиция тобын қолдайтын бірнеше салмақты дәйегі бар болатын болса, онда бұл әдістің пайдасы болмайды. Керісінше болуы да мүмкін. «Үшінші мүмкіндік» қорғаны. Әдетте Үкімет тобы балама екі ұстанымды қамтамасыз ете отырып, Оппозицияға өзінен қалған тарапты қалдырады. Кейде үшінші, төртінші немесе бесінші тараптардың бар болуына қарамастан Оппозиция өзінің еркі бойынша немесе мәжбүрліктен ұсынған тарапты қабылдайды. Осы мүмкіндіктерді пайдалану арқылы Оппозиция жақсы қорғаныс ұйымдастыра алады, себебі Үкімет тобы Оппозицияға қалдырған тарапты қабылдайды деп сенеді және соған дайындалады. «Алдын ала залалсыздандыру» қорғаны. Кейде Үкімет басында ашық және түсінікті болып көрінгенімен Үкімет мүшесінің сөзінде тавтологияға немесе труизмге жақын болатын конструкция (әдетте Үкімет Мүшесінің қосқан тың ақпараттарының әсерінен) ұсынуы мүмкін. Мұндайда Оппозиция мұны көрсетіп үлгермейді. Алайда егер ақылды, алғыр Оппозиция Лидері: «Бұл тұжырымдардың кейіннен келесідей болып түрленіп кетуінен сескенеміз» деп алдын ала назар аударған болса, онда бұл әдістің жүзеге аспайтындығына сенуге болар еді.

Премьер-министрдің сөзі қаншалықты конструктивті болса, Үкімет Мүшесінің сөзі соншалықты сыни болады. Үкімет Мүшесі конструктивті сөзі жеңіс пен жеңілістің арасын ажыратушы белес болмақ. Үкімет Мүшесі екі мақсатты орындауы тиіс: Үкімет кейсінің артықшылығын қамтамасыз ету және Оппозиция тобының тарапынан мүмкін болатын терістеудің алдын алу. Егер бұл міндетті орындау Үкімет Мүшесінің қолынан келмеген болса, онда Оппозицияның 12 минут бойы Үкіметтің ұсынған жоспарынан түк қалдырмай тас талқанын шығару мүмкіндігі пайда болады. Егер Сіз Үкімет Мүшесінің Конструктивті сөзінде дәрменсіздік танытсаңыз, онда бүгін Сіздің жеңілгеніңіз. Басқа жағынан қарастырсақ, мүмкін емес болып көрінгенімен жақсы жасалған Үкімет Мүшесінің сөзі пікірсайысқа да нүкте қоюы мүмкін. Ал қалғаны айтылған нәрселерге эпилог ретінде қарастырылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 49; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)