Оппозиция дәйектерін жою немесе тыс қалдыру 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Оппозиция дәйектерін жою немесе тыс қалдыру

Міндеттер мен стратегиялар

Раундтың қалған бөлігі Үкіметтің артықшылығымен өтуді қамтамасыз ету. Басқа сөзбен айтсақ, пікірсайысты Үкіметтің сипатындағы позицияларға қайта әкелу. Мысалы, Үкімет тобы өлім жазасын алып тастау туралы кейс ұсынған болсын және өз уәждерін дәлелдеу мақсатында моралдық және этикалық дәйектерге жүгінген делік. Оппозиция ауыр қылмыстардың жиілеп кеткендігін және оларға қатысты қатаң саяси шараның қажеттілігін айтуы мүмкін. Осыдан соң, Үкімет Мүшесі алғашқы пікірсайыстың өзегі ретінде моралдық және этикалық құндылықтардың болғандығын алға тартады. Оппозиция ұсынған саяси қажеттіліктің маңыздылығы көрсетілседағы Үкімет оның нақты осы кейске қатысы аз екендігін айтады. Осыдан соң Үкімет пікірсайысты өздері алғашында ұсынған бағыт бойынша дамыта түседі. (Егер Оппозиция өз міндетін жақсы орындайтын болса, онда ол бұған қатысты өзінің көзқарысын білдіріп, терістеуге тырысары анық)

Мысалы, өлім жазасына байланысты қарастырылған кейсте Оппозиция Лидерінің сөзінде мынандай дәйек келтірілген болсын: «Қылмыскерлерді қамауда ұстау қымбат болғандықтан және оған азаматтарға салынған салық жұмсалатындықтан ақталмайды». Үкімет Мүшесі оған «Өлім жазасына кесу мәселесін қарастыру барысында және келіп түскен көптеген арыз-шағымдарды талдауға жұмсалатын шығын қамауда ұстаға жұмсалатын шығыннан әлдеқайда көп болмақ», – деп жауап бере алады. ҮМ Оппозицияның ұсынған дәйектерін қате деп көрсеткеннен соң, қамауда ұстау өлім жазасына кесуге қарағанда шығынды көп қажет еткен күннің өзінде де қылмыскер болсын, не жазықсыз адам болсын шығарылған шешімнің моралдық ауыртпалығын айтады. Себебі моралдық құндылықтарды қаржының жұмсалу шамасымен салыстыруға келмейді. Бұл стратегияның екі нәтижесі болады. Қарастырған кейсімізде Үкімет Мүшесі дәйектерді өз кейсінің артықшылығы мен кемшілігі турасында жіктесе, артынан өз тараптарының маңыздылығын да көрсетіп шығады. Дегенмен, Оппозиция дәйектерін залалсыздандыру оңай болмас. Егер Оппозицияның дәйектерін турасынан қате деп айту тым қатты болатын болса, онда оларды Үкіметтің ең мықты дәйегімен салыстыру қажет. Оппозиция «Өлім жазасы қорқытудың құралы ретінде ақталады. Ол қылмыскерлерге адамдардың өмірін нақақ қиғаны үшін сіздердің де өмірлеріңізді әділдік орнату үшін қиямыз демек», – деген тұжырым ұсынған делік. Үкімет Мүшесі: «Әрине, бұл өлім жазасының қызметіне деген идеалистік көзқарас болуы мүмкін, алайда өмірдің шындығында өмір жазасының қызметі – кек қайтару болмақ». Бұған қоса Үкімет Мүшесі кейде жазықсыз адамдардың қате өлім жазасына кесіліп жатқандығын келтіруіне болады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 46; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)