Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Дәйектеме (Аргументация)Поиск на нашем сайте Оппозиция философиясы Үкіметтің негізгі ойлары мен тұжырымдарын естігеннен кейін, Оппозиция өзінің философиясын анықтап жариялауы керек. Аты айтып тұрғандай Оппозиция философиясы деп даттау тобы жақтайтын және оны негіздеуге әрекет ететін негізгі һәм басты идеяны айтады. Үкіметке кейс негіздемесі қаншалықты маңызды болса, Философияның Оппозиция үшін маңыздылығы пара-пар нәрсе. Қолдайтын немесе негіздейтін идеяны ұсыну қарапайым терістеуге қарағанда оңай шаруа. Оның артықшылығы келесіде: біріншіден, бұл Оппозицияға Үкіметтің айтқанын сынап, құрғақ терістеуден гөрі өз тұжырымдарын негіздеуге мүмкіндік берсе, екіншіден, өз философиясын ұсына отырып Оппозиция Үкіметті де терістеуге әрекет етуге мәжбүр етпек. Яғни, Үкімет енді өз кейсін дәлелдеумен қатар Оппозицияның да философиясын сынай бастайды. Оппозиция философиясы екі міндет атқаруы тиіс: -Ол Үкіметтің идеясына қарама-қарсы келетін, анық және аяқталған тұжырым болуы тиіс. -Ол Оппозицияға өз дәйектерінің шеңберін құрастыруға жағдай жасауы керек. Оппозицияның терістеме жасауы міндетті екен деп, олар Үкіметтің «'Ақ» дегенін «қара» деуі шарт емес. Яғни, Оппозиция Үкіметке тура қарама-қарсы позиция ұстануы міндетті емес. Контркейс Мысалы, Үкімет мынандай бір тұжырым жасаған болсын: «Америка Құрама Штаттарында қару-жарақ сатуға тиым салу керек». Тура шаба жөнелетін және қарапайым ойлайтын Оппозиция келесідей жауап берер еді: «Жоқ, қару-жарақ сатуға тиым салуға болмайды». Ал тәжірибелі Оппозиция өз көзқарасын келесідей етіп жасар еді: «Әрине, біз қару-жарақтың қолда жүруі үлкен қауіп төндіретіндігін мойындаймыз, дегенмен Азаматттардың негізгі құқықтарын да ескеру керек. Сондықтан біз қару-жарақты иемденуді шектеу керек, ал оның сатылуына толықтай тиым салуға болмайды деп санаймыз». Тактиканың мұндай түрі «контркейс» деп аталады. Контркейсдегеніміз – Үкіметтің ұсынған болжамдарына байланысты жасаған ұсынысынан тиімді болмақ Оппозицияның іс-әрекеттерінің жоспары. Контркейс ретінде бойында Үкіметтің жасаған кемшіліктері жоқ кез-келген жоспар бола алады. Қойылатын жалғыз ғана талап бар. Ол – кейс пен контркейс біріне-бірі қарама-қарсы болуы шарт. Яғни, екі жоспарды бір уақытта орындау мүмкін болмауы керек немесе оларды бір уақытта орындау тиімсіз болуы тиіс. Толықтырулар Егер Оппозиция Премьер-министр аталған критерилерді (тавтология, арнайы білімді қажет ету, труизм) бұзатын кейс ұсынды деп санаса, онда Оппозиция Лидері сөзінің алғашқы минутында оларды атап көрсетіп дәлелдеп беруі тиіс. Егер Оппозиция осы жерде айтып кетпеген болса, онда Оппозиция раунд бойы үкімет ұсынған кейс бойынша пікірсайыстыруы тиіс болады. Ал егер кейс өзгертілген болса, онда ОЛ Үкіметтің кейсін толықтырып оған қосқан ұсыныстары арқылы пікірсайыстыруға болатындай жасауы қажет. Бірақ барлық өзгертулер алдыңғы кейстің ізімен жүргені дұрыс. Толықтыруларды енгізудің мақсаты пікірсайысты қамтамасыз ету. Себебі басқа жағдайда: «Бұл труизм»/ «Жоқ, бұл трузм емес» деп дауласқаннан ешкімге де пайда әкелмесе керек. Толықтырудың алғашқы қадамында қарастырылып отырған кесте Оппозиция үшін терістеуді күрделендіретін немесе мүмкін етпейтін жақтарын түсіндіру талап етіледі. (Барынша салмақты болып, құрғақ айқайдан аулақ болу керек). Осыдан кейін Оппозиция өз ұсыныстарының қажеттілігін түсіндіріп, екі міндетті атқаратындығын дәлелдеп беруі керек. Біріншіден, Үкімет ұсынған кейстің ізімен өзгертілгендігін, яғни Үкіметтің негізгі ойын дамытатын, ал екіншіден, Оппозицияға терістеуге мүмкіндік беретіндігін көрсетуі керек. Мысалы, Кейс: «Ата-аналар балаларын себепсіз жазаламауы керек» – труизм. Толықтырулардан кейін: «Ата-аналары балаларын сабамауы керек». «Үкімет полиция қызметінің қатаңдығын шектеуі керек» – труизм. Толықтырулардан кейін: «Полиция қызметін реттеуші Заң қаталдануы тиіс». «1994 жылы саяси тұтқындауға жол бергендіктен АҚШ Гвенея-Биссау үкіметіне қолданылатын санкция ретінде астыққа эмбарго енгізуі керек» – арнайы білім. Толықтырулардан кейін: «АҚШ адам құқықтарын сақтамайтын және оларды бұзу тіркелген елдерге экномикалық санкциялар қолдануы керек». Егер кейске Оппозиция Лидермен толықтырулар енгізілген болса, онда Үкімет Мүшесінің екі амалы бар. Біріншісі, кейстерінің тавтология немесе труизм еместігін дәлелдеу. Бұл үшін ол саналы адамның қақтығыста жасауға мүмкіндік беретін кем дегенде бір (мүмкіндігінше екі немесе үш) дәйек ұсынуы керек. Екіншіден, кейстің труизм екендігімен келісе отырып, толықтырулар енгізілген кейс бойынша пікірсайыстыру. Бұл жағдайда Үкімет мұндай кейсті ұсынғаны үшін жазалануы мүмін, дегенмен Оппозиция да жаңартылған кейспен пікірсайыстырып та жеңілуі мүмкін нәрселер. Дәйектердің шекарасын қалыптастырған кезінде Үкімет тобы дайындаған дәйектерінің негізгі бағытын, яғни дәйектердің кейсті тікелей қолдайтындығына көз жеткізуі керек. «Барлық Әлеуметтік сақтандыру жүйесі таратылуы қажет» деген тұжырымда осы жүйедегі барлық кемшіліктерді атап шығу аз болмақ. Бұл жағдайда Үкімет бар жүйені түзету мүмкін еместігін және оны түбегейлі өзгерту керек екендігін көрсетуі керек. Арнайы білім Арнайы білімнен қорғанудың Оппозиция қолдана алатын екі түрі бар. Біріншісі – білімдерінің жетпейтіндіктерінен пікірсайыстыра алмайтындығы туралы ойнай алмайтындығын хабарлау және осы бойынша пікірсайыстыру. Бұл жағдайда мүмкін болатын шара ретінде толықтырулар енгізуді қарастыруға болады. Екіншіден – Төреші мен Үкіметке Оппозиция тарапының ақпараттары жетпесе дағы пікірсайысты философиялық құндылықтардың негізінде жалғастыра беретіндігін жеткізу. Байланыс Егер Оппозицияның пікірі бойынша Үкімет Лидері қарарға байланыссыз кейс ұсынды деп санайтын болса, онда ОЛ сөзінің алғашқы минутында оны хабарлап айтып оны дәлелдеп беруі тиіс. Кейс әлсіз байланысқа негізделген деген қарапайым әрі әлсіз тұжырымыңыз ешкімді де сендіре алмаса керек. Төрешіге байланыстың үзілгендігін көрсетіп бермейінше ол оны өзі анықтап қарастыра алмайды. Ескерту жасағанна кейін Төреші байланыстың бар екендігіне келіссе, онда Оппозиция осы кейспен пікірсайыстыра беруге мәжбүр болады. Оппозиция байланыстың жоқтығын көрсетуге әрекет жасай бастағаннан кейін Үкіметтің екі міндеті болады. Ол байланыстың бар екендігін және оны ұсынған дәлелдердің есебінен көрсете білуі керек. Осы қателігі үшін көп жеңіліс таба бермесе де, Үкімет жазалануы мүмкін. Екіншіден, байланыстың жоқтығына сілтеме жасау кезінде байланысқа негізделген дәйектерді пайдаланбауға тырысыңыздар. Олар орынсыз деп бағаланып, Төреші тарапынан Оппозицияны жазалауға апаруы да мүмкін. Қайткенде де Оппозиция Үкімет ұсынған кейс бойынша ондағы критерийлердің бұзылғандығы анықталғанға дейін пікірсайыстыра беруі қажет. Оппозиция ұсынған кейс Үкіметтің кейсіне қарағанда парасатты екен деп, ПМ ұсынған кейсті түбегейлі өзгерте алмайды. Пікірсайыс анықтамалар мен өзектілігін анықатау дәрежесіне дейін түспеу керек. Бұл жағдайда екі топқа да шаралар қолданылады. Өзгертулер енгізілгеннен кейін егер қажет болса, Оппозиция бірнеше тәуелсіз дәйек ұсынуы керек. Оппозиця Лидері 8 минут бойы қызыл сөзді сапырып Үкіметтің адасып кеткендігін талдауы абырой әпермейді, және ұзын сонар әңгімені тыңдап отырған да оңай шаруа емес. Тағы бір мәселе: әр дәйекке бірінен соң біріне жауап беру. Оппозицияның тиімді стратегиясы ретінде Үкімет ұсынған құрылымға балама бола алатын құрылым жасау. Егер өз философияңыз бар болатын болса, онда тәуелсіз бірнеше түйінге негізделіңіздер және олар сіздің философияңызды қолдауы тиіс. Өз құрылымыңыз дайын болысымен Үкіметтің ұсынған тұжырымдарына жауап беруіңізге болады. Тиімді әдістің тағы біреуі «Көлденең қосымша» жасау. Яғни Үкіметтің ұсынған түйіндеріне (дәйек пен дәлелдеріне) Оппозиция философиясының дәйектерін қарастыру арқылы жауап беру. «Көлденең қосымшаны» пайдалануда ұйымдастыру мәселесі әсіресе маңызды болмақ. ОЛ өте мұқият болуы керек және өзінің тәуелсіз дәйектерін көрсете отырып, олардың қай жерде Үкіметтің позициясына жауап беретіндігін де анықтап кетуі керек. Алайда, аталмыш әдіспен таныс болмаған Үкімет пен Төреші ұсынылған дәйектерге тікелей жауап берілмеді деп қарастыруы мүмкін. Мұндайда Оппозиция Лидері 8 минут бойы қай жерде жауап беріп тұрғандығын көрсетумен болады. Бұдан оңай түрі Оппозиция философиясынан кейін тікелей терістеу жасауды қарастыруға болады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 50; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.) |