Американдық Парламенттік Формат және дебат ережесі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Американдық Парламенттік Формат және дебат ережесі

Американдық Парламенттік Формат және дебат ережесі

Американдық парламенттік формат проблеманың ұсақ-түйек аспектілерін зерттеп факт жинаудан гөрі табанасты ойлап, мәселеге сыни көзқараспен қарауға, логикалық дәйектемеге және сараптамалық талдауға негізделген. Сондықтан кез келген жазылған дәлелдерді бүкіл пікірсайыс барысында пайдалануға тиым салынады. Бұл оқу құралы АПФ-тың негізгі кіріспесі ғана. Кейін жазылған материалдар соңғы инстанциядағы шындық болып табылмайды, ол әр жеке пікірсайысшы немесе ол пайдаланатын пікірсайыстырудың бірегей әдісі үшін қабылдап алынатын пікірсайыстың жалпы философиясы мен негізгі ережелерін көрсетеді.

Премьер – министрдің (ПМ) конструктивті сөзі

ПМ міндеті – конструктивті сөзінде қарар терминдеріне анықтама беру және пікірсайыстың барысын анықтайтын кейс (дәйектер мен дәлелдердің жиынтығы) ұсыну. ПМ пікірсайыстың бағытын және негізін айқындайды. ПМ өзінің кейсі мен Қарар арасындағы байланысты көрсетіп, Үкімет ұсынатын кейсті (бағытты) нақты бекіту керек және кейсті 3 тәуелсіз дәйек (аргумент) арқылы қолдауы тиіс.

Қарар

Кез-келген тұжырым Қарар бола алады. Мысалы, философиялық немесе саяси пайымдау, өлең жолы, адамның пікірі және т.б. Қарарлардың ерекшеліктеріне байланысты түрлі-түрлі кейстер ұсынылады («АҚШ Боснияға әскер енгізуі керек»). Білім беруді жақсарту («Аз білім – қауіпті») немесе сөз бостандығы («Сіздің көзқарасыңыз маған жат, бірақ Сіздің оны білдіру құқығыңыз үшін өмірімді қиюға әзірмін») сияқты жалпы тақырыпта болуы мүмкін.

Тікелей байланыс

Егер Сіз қарармен тікелей байланысты таңдайтын болсаңыз, онда сіз қарарда айтылған мағына бойынша ғана пікірсайыстыра аласыз. Ал түсініксіз болған немесе жалпылама мәселелерді ПМ түсіндіріп кетуі мүмкін. Бірақ қарардың ерекше жағдайлары мен жалпы принциптерін ұстану керек. Мысалы ұсынылған қарар мынандай болсын: «Парламенттің бейбіт мақсатта күш қолдануға құқығы бар». Бұл жағдайда Үкіметтің Қарарды қолдану аясы кеңдеу болады (нақтылау үшін «күшті» «әскери күш» деп алуы мүмкін). Көрсетілген өзгеше қарар бойынша пікір сайыстыруды да таңдай алады. Шындыққа жанаспайтын немесе нақтыланбаған кілтті (негізгі) сөздерге тиым салынады: көрсетілген мысалда Үкімет «күш қолдануды» «кедейшілікпен күрес» деп анықтай алмайды және қаланы қамтамасыз етуге үкіметтік шығындарды көбейтуді ұсына алмайды. Кей жағдайда қарар анықталмаған тараппен ұсынылуы мүмкін: «АҚШ үкіметі суицидті ресмилендіру қажет/қажет емес». Бұл жағдайда үкімет тобының өз позициясын таңдап алуға құқы бар. Таңдауды ПМК сөзіне дейін жарияламаса да болады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.005 с.)