Тақырып. Өнімнің бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тақырып. Өнімнің бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету

Тақырып. Өнімнің бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – нарықта өнімнің бәсекеге төзімділігі, ұстамдылық қабілеттілігі, яғни нарықта тауардың жемісті сатылуы және тауар қасиеттеріне тұтынушының көңіл бөлу, қатысу дәрежесі.

Өнім сапасы - өнімнің белгілі бір сұранысты қамтамасыз ететін қасиеттердің жиынтығы.

Өнімнің сапасын басқару – сапа талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде жобалау-конструкторлық және өзара ақпараттық талаптарға сай келуі үшін пайдаланылатын әдістер мен тәсілдер жиынтығы.

Сенімділік көрсеткіштері - өнімнің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.

Тағайындау көрсеткіштері - өнімді белгілі бір бағыт бойынша қолданудан алынған экономикалық пайдалы тиімділікті көрсетеді.

Технологиялық көрсеткіштері - өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлы – технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді.

Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері – шығарылған өнімдердің стандартталған және сәйкестірілген бөліктерінен тұрады.

Эргономикалық көрсеткіштері – адамдар мен заттардың арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді.

Эстетикалық көрсеткіштері - өнімнің сыртқы орындалуын, формасын, тауарлы түрін қамтамасыз етеді.

Тақырып. Табыс және өндіріс рентабельділігі

 

Жалпы табыс - өнімді өткізуден түскен түсім мен өткізілген өнімнің өзіндік құнының айырмасы.

Негізгі қызметтен түсетін табыс – жалпы табыс пен кезең шығындар айырмасы

Кезең шығындар – олар тұрақты шығындар болып саналады, олар өнімді өндірумен байланысты емес. Бұл шығындарға кіретін – жалпы және әкімшілік шығындар, өнімді өткізумен байланысты шығындар және процент төлеуге арналған шығындар.

Таза табыс –  салық салғанға дейін табыс пен корпоративті табыс салығын және басқа міндетті төлемдердің айырмасы, яғни кәсіпорынның меншігінде қалатын табыс.

Рентабелділік – кәсіпорынның табыстылық деңгейін көрсететін көрсеткіш.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 25; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.005 с.)