Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Кәсіпорын экономикасы» пәні бойыншаПоиск на нашем сайте
«Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша глоссарий Мамандық «Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша)» 3 курс
Орындаған оқытушы Доланбаева Н.С.
Алматы 2017 «Кәсіпорын экономикасы» пәнінен глоссарий Тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде Кәсіпорын – өнім өндіру және қызмет көрсету арқылы қоғамның тұтынушылығын қанағаттандыру және пайда табу мақсатымен құрылған өндірістік-техникалық, ұйымдастыру-әкімшілік және шаруашылық жұмыстарын өз бетінше жүргізе алатын өндірістік бірлікті айтамыз. Кәсіпорынның жарғысы – кәсіпорынның заңды тұлға ретіндегі толық және қысқартылған атауын, ең басты міндетін, мақсатын, негізгі қызметін, басқа ұйымдарымен қарым-қатынасын, құрылтайшылар төлейтін жарғылық капиталдың мөлшерін, құқықтық мәртебесін, ережелерін көрсететін негізгі құжат. Акционерлік қоғам - бірнеше жеке капиталдың бірігуі арқылы акция шығарып оны сатудан түскен пайданы өзара дивиденд түрінде бөліседі. Қоғамның әрбір мүшесінің жауапкершілігі оның акцияларының құнымен шектеледі. Толық серіктестік - оның қатысушылары арасындағы келісім шартқа сәйкес серіктестіктің атынан кәсіпкерлік жұмыспен айналысады және оларға қатысты барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болады. Сенім (коммандитті) серіктестік – оның қатысушылары 2 топқа бөлінеді. 1 топ қатысушылары кәсіпорын қарыздары бойынша өзінің барлық мүлкімен жауап береді, ал ол жеткіліксіз болса, онда толық серіктестер өзінің барлық мүлкімен қосымша, ал 2 топ қатысушылары (салымшылары-коммандиттер) салымдар шегінде жауап береді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – бір немесе бірнеше тұлғаларымен құрылған серіктестік, оның қатысушылары өздерінің қосқан салымдары шегінде ғана жауапты болады. Өндірістік кооператив – пайға негізделе отырып пай иелерінің біріккен жұмыс жүргізуін айтады. Кооператив мүшелері жеке мүлкімен қосымша жауапты болады. Өндірісті ұйымдастырудың үш түрлері болады: 1. Жеке- дара өндіріс - өнімдерді жекелеп шығарумен сипатталатын өндіріс үлгісі, олар жеке тапсырыстар бойынша жеке тұтыну заттарын шығаратын кәсіпорындар. 2. Сериялық өндіріс - кең номенклатуралы, біртектес өнімдерді бір уақытта сериялармен, партиялармен шығаруды көздейді. Оның түрлері: ұсақ сериялы, орташа сериялы, жаппай сериялы өндірістер. 3. Жаппай өндіріс – бұл түрі бойынша әр түрлі өнімдер бір уақытта үзіліссіз шығарылып отырылады, өте үлкен көлемде өнім шығарылады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындағы өндірістік құрылымының 3 түрлері: 1. заттай – бұл құрылымды қолданған кезде кәсіпорынның негізгі цехтары мен участкілерінің әрқайсысы белгілі бір өнімді, не болмаса, белгілі бір бөлшектерді, бұйымдарды өндіруге маманданады. 2. технологиялық құрылым – технологиялық процестің ретіне байланысты цехтар орналасады және жұмыс орындалады. 3. аралас түрі – екі құрылымның да элементтерінен турады. Кәсіпкерлік – заң шеңберінде жүзеге асырылатын, өз бетінше, тәуекелмен байланысты, сұранысқа ие және пайда табу мақсатындағы шаруашылық қызмет. Өндірістік кәсіпкерлік- өнім өндіру, жұмыстар орындау, қызмет көрсету, тағы тағыларға бағытталған қызметтер жатады. Коммерциялық кәсіпкерлік - саудамен немесе тауар айырбастаумен байланысты қызмет. Қаржылық кәсіпкерлік – сатып алу-сату қызметтегі мұнда тауар болып – ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылады. Жеке-дара кәсіпкерлік – жеке адамдың өз бетінше, өз мүлігі арқылы, тәуекелмен байланысты, сұранысқа ие және пайда табу мақсатындағы шаруашылық қызмет. Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелі – кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігіне зиян келтірудегі ресурстардың жоғалу қауіп-қатері.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 30; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.) |