Тақырып. Еңбек ресурстары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тақырып. Еңбек ресурстары

Тақырып. Еңбек ресурстары

Жұмыскерлердің явкалық саны – күнде, міндетті түрде жұмысқа келгендердің минималды саны

Жұмыскерлердің тізімдік саны – барлық тұрақты және уақытша істейтін жұмыскерлер саны. Календарлы күнге есептелінеді.

Жұмыскерлердің орташа тізімдік саны – келесі түрде анықталады: жұмыскерлердің барлық календарлы күндердегі тізімдік саны бөлінеді сол мерзімнің толық календарлық күндер санына.

Еңбек сыйымдылық – белгілі бір өнімді жасап шығару үшін немесе тиісті жұмысты атқару үшін жұмысшының жұмсаған еңбегінің шама көрсеткіші.

Еңбек өнімділік - өндіріс процесінде жұмсалған еңбектің тиімділігін, нәтижелілігін көрсетеді.

Өндіру нормасы – бір уақыт өлшемі ішінде өнім өндіруы, немесе бір жұмысшыға келетін өнім көлемі.

 

Тақырып. Еңбек ақы төлеу

Еңбек ақы – жұмыскерлердің жасаған еңбегіне алатын ақысы, ол еңбектің құны болып табылады.

Тарифтік жүйе – бұл еңбек түрлеріне, жағдайына, жұмысшының квалификациясына байланысты жұмыскерлердің еңбек ақыларын төлеу деңгейін анықтау үшін пайдаланылатын нормативтік құжаттар.

Тарифтік төр – еңбек ақы мөлшерін көрсететін кесте, бұл мөлшері тарифтік коэффициентіне және тарифтік ставкаға байланысты болады.

Тарифтік ставка - әр түрлі өндірістік және өндірістік емес қызметтер үшін ресми түрде белгіленген ақы төлеу мөлшері.

Тарифтік коэффициент – бірінші разрядтың тарифтік ставкасы әр разрядтың тарифтік ставкасынан қанша есе өскенін көрсетеді.

Кесімді еңбек ақы – жұмысшының еңбек ақысы нақтылы жасап шығарған өніміне немесе істеген жұмысына қарай төленеді.

Мерзімді еңбек ақы – белгілі бір жұмысты орындауға кеткен уақыттың мөлшеріне қарай ақы төленеді және нақты істелген жұмыс уақытының ұзақтығына және жұмысшының мамандығына байланысты болады.

Тікелей кесімді еңбек ақы – өнім көлемін өнім бірлігінің бағасына (расценкасына) көбейту арқылы есептелінеді.

Кесімді-прогрессивті еңбек ақы - жоспардан көбірек жасалған жұмысқа жоғары расценкалар белгіленеді.

Аккордтық еңбек ақы - барлық жұмыстар алдын-ала жоспарлайды және ақысын алдын-ала есептейді және белгілеп қойады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 26; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.006 с.)