Тақырып. Өнеркәсіптік өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тақырып. Өнеркәсіптік өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

Тақырып. Өнеркәсіптік өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

Экономикалық тиімділік - өндірістік қызметтің экономикалық нәтижесі, яғни экономикалық нәтижені өндірістік шығындармен салыстыру арқылы сипаттауға болады.

Салыстырмалы тиімділік - белгілі бір өндірістік және шаруашылық есептерді шешуде екі немесе бірнеше шешім варианттарының ішінен біреуін таңдап алуда есептелінеді.

Кәсіпорынның өтімділігі – кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін орындау мүмкіншілігі.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы –  кәсіпорынның өз қаржыларымен қамтамасыз етілуі қабілеттілігі.

Кәсіпорынның төлемқабілеттілігі – кәіпорынның қысқа мерзімді қарыздарын өз ақшасымен немесе қаржыларымен жабу қабілеттілігі

Өндіріс тиімділіктің дифференциалды көрсеткіштері – кәсіпорынның жеке ресурстарын пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.

 

Тақырып. Негізгі капитал

 

Негізгі капитал - өндірістік процесінде ұзақ уақыт бойы түгелдей қатысатын, бірақ өз құнын жасалған өнімге өзінің тозуына қарай бірте-бірте бөлшектеп аударатын өндіріс құралдары мен құрал-жабдықтары.

Негізгі құралдардың алғашқы (бастапқы) құны  - бұл негізгі құралдарды сатып алу немесе құру құны.

Негізгі құралдардың ағымды құны – бір календарлық датаға келетін негізгі құралдардың нарықтық құны.

Негізгі құралдардың баланстық (қалдық) құны – негізгі құралдардың алғашқы құны немесе ағымды құны және тозу құны арасындағы айырмасы.

Негізгі құралдардың жойылу құны – негізгі құралды жою кезіндегі олардың жұмыс уақыт аяғындағы құны.

Физикалық тозу – негізгі құралдарды өндірістік процесте пайдалану кезінде олардың физикалық қасиеттерінің жоғалуы және олардың алғашқы құнының бірте-бірте жоғалуын айтамыз.

Моралдық тозу - ғылыми-техникалық прогресске байланысты болады, жетілдірілген техниканың шығуына байланысты бұрынғылардың ескіруі, сондықтан жұмыс мерзіміне дейін негізгі құралдардың құны азаяды.

Амортизация – негізгі құралдардың құнын сол құралдар арқылы өнімдер құнына бірте-бірте көшіру процесі.

Материалдық емес активтер – материалдық емес объектілер, олар ұзақ уақыт бойы пайдаланылады және кәсіпорынға пайда (табыс) әкеледі.

Тіркелген активтер – негізгі құралдар мен материалдық емес активтер жиынтығы

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 32; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.236 (0.006 с.)