Тақтаны дәнекерленген торлармен темірлеу 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тақтаны дәнекерленген торлармен темірлеу

Поиск

         

     Бұл мысалда hf=60мм болғандықтан, бойлық жұмыстық арматурасы бар үздіксіз темірлену нұсқасын қарастырамыз.

 

   Екі тор төселген кезде олардың ені (1.7) формула бойынша:

     Үш тор төселсе:

     Біздің жағдайда, екі тор төселген Аmin = 3200мм нұсқаны қабылдаймыз.

     Контуры бойы арқалықтармен қоршалған тақтаның орта аралықтары үшін және орта тіректер үстіне Asорт.к= 124 мм2 бойынша 1.1-кестеден жұмыстық шыбықтары Ø6 A-III (As=141 мм2) қадамы 200 мм, 1.2-кестеден бөлгіш шыбықтары Ø3 Вр-I қадамы 350 мм Т1 торын қабылдаймыз.

     Тордың нақты енін Ан анықтау:

     Қатынас Amin/v = 3200/10032 ұя қабылдау керек, сонда тордың нақты ені Ан =100×32 + 2×20=3240 мм.

Тор белгіленуі:

Бас арқалықтар араларына ені 2940 мм жұмыссыз бағытта 90 мм-ге айқастырып екі Т1 торларын төсейміз.

Осы тақталардың шеткі аралықтарына және бірінші аралық тіректер үстіне жұмыстық және бөлуші сырықтары Т1 торындағыдай қосымша Т2 торын төсейміз. Сонда тақтаның шеткі аралығында және бірінші аралық тірек үстінде жұмыстық арматура қимасының ауданы Аs=212 мм2 -124 мм2=88мм2 болады, ол есеп бойынша қажетті Asшет.т=94мм2 көп. Т2 торының ені Т1 торындағыдай қабылданады, яғни 2940 мм, ұзындығы 1975 мм тең; Т2 торын бірінші аралық тірек өсінен екінші аралық бағытында 500 мм-ге кіргізіледі. Т2 торының белгіленуі:

Контуры бойы арқалықтармен қоршалмаған тақталардың (яғни ғимараттың көлденең қабырға тұсында орналасқан тақаталардың) орта аралықтарына және орта тіректер үстіне, Asорт= 155 мм2 бойынша, жұмыстық шыбықтары Ø6 A-III (As=184 мм2) қадамы 150 мм және бөлгіш шыбықтары Ø3 Вр-I адымы 350 мм болатын Т3 торын құрастырамыз. Тордың аралық моменттер аймағанан тірек аймағына және кері майыстыруын – сәйкес келетін тірек өсінен 400 мм қашықтықта жасайды. Т3 торының габариттік өлшемдері Т1 торындағыдай. Т3 торының белгіленуі:

Контуры бойы арқалықпен қоршалмаған тақталардың шеткі аралықтарында (көлденең қабырға тұсындағы аражабын бөлімідері) және олардың бірінші аралық тіректер үстіне жұмыстық шыбықтары Ø6 A-III (As=94 мм2) қадамы 300 мм және бөлгіш шыбықтары Ø3 Вр-I адымы 400 мм болатын қосымша Т4 торын құрастырамыз. Сонда шеткі аралықтағы және бірінші аралық тіректердегі жұмыстық арматура қимасының нақты ауданы As=212-155=57 мм2, ол есеп бойынша қажетті Asшет.т=94 мм2 көп. Т4 торының габариттік өлшемдері Т2 торындағыдай. Т4 торының белгіленуі:

Есептелген торлар бойынша тұтасқұймалы арқалықтық тақтаның үздікті темірленуі 1.2-суретте келтірілген.

 

 

         

       Сурет-1.2 Тұтас қималы арқалықтың үздікті темірленуі.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.009 с.)