Аражабынның конструктивтік схемасы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Аражабынның конструктивтік схемасы

Поиск

1.1 Аражабынның конструктивтік схемасы

    Арқалықтық тақтасы бар тұтасқұймалы қырлы аражабындыны есептеп құрастыру керек. Ғимараттың жоспардағы өлшемдері 19,2´65м. Ұстындар торы 6,4´6,5 м. Пайдалы жүктеме мәні 8,4 кН/м², оның ішінде ұзақ мерзімді - 17 кН/м² (жүк бойынша сенімділік коэффициенті γf=1,3).

  Аражабын элементтерін жобалау үшін төмендегідей конструктивтік схема қабылданды (1.1-сурет).

Бас арқалықтар көлденең бағытта (lб.а=6,4м), көмекші арқалықтар бойлық бағытта (lк.а=6,5м) орнатылды.

Сурет-1.1 Арқалықтық тақтасы бар тұтас қималы аражабынды.

 

1.2 Элементтердің көлденең қималарының өлшемдерін тағайындау

Элементтердің өз салмақтарын және есептік аралықтарын анықтау үшін алдын-ала арқалықтардың және тақтаның көлденең қима өлшемдерін 1.1 тарауының талаптарына сәйкес тағайындаймыз:

Бас арқалық қимасының биіктігі h= ,ені b=(0.4 ÷ 0.5)h.

Қима биіктігін тағайындаймыз: см.≈70см;

Қима енін тағайындаймыз: см ≈30см

Көмекші арқалық биіктігі: ; b = (0,3 ÷ 0,5)h.

Көмекші арқалық биіктігін тағайындаймыз:

Көмекші арқалық ені: bк.а = (0,3 ÷ 0,5)·hк.а.= 0,3·30=15 см

Тақта қалыңдығын h’f =60 мм қабылдаймыз.

1.3 Жобалауға арналған мәліметтер

   Құймалы қырлы қабат аралық жабынға ауыр бетон В30 класы алынды. Бетонны4 есептік кедергісі 13 кестеден [1]  Rb = 17 МПа, Rbt = 1,2МПа.

Бетонның серпімді модулі: Еb =32500 МПа 18 кесте [1].

Бетонның жұмыс жағдайының коэффициенті: γb2 = 0,9.

Онда Rb = 17·0.9=15,3 МПа, Rbt =1,2·0,9= 1,08 МПа. Rbn=22·0,9=19,8 МПа; Rbtn=1,8·0,9=1,62 МПа;

Тақтаны A-III классынан жасалған дәнекер тормен темірлейді.

Көмекші арқалықтың бойлық жұмыстық арматурасы А-II класынан. Есептік кедергілері 22* кестеден [1] (Rs=280 МПа, Es=2,1·105 МПа).

Көлденең арматуралар Вр‑І класынан 23 кестеден [1]  (d=5 мм болса Rs=360 МПа; Rsw=260 МПа; Es=170000 МПа).

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)