Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Арқалықтық тақтасы бар қырлы тұтасқұймалы аражабындарСодержание книги
Поиск на нашем сайте КІРІСПЕ
Жазық темірбетон аражабындары өнеркәсіп және азаматтық ғимараттар мен құрылымдарда кеңінен таралған конструкцияларға жатады. Олардың жоғары индустриалдығы, үнемділігі, отқа төзімділігі және ұзақ уақытқа шыдамдылығы құрылыста кеңінен қолдануына себеп болды. Темірбетон аражабындарын конструктивтік схемалары бойынша екі негізгі топқа бөлуге болады: арқалықтық және арқалықсыз. Арқалықтық аражабындылар көлденең және бойлық бағыттарда орналасқан арқалықтар мен оларға тірелген және олармен бірге жұмыс істейтін тақталардан құралады. Арқалықсыз аражабындыларда тақталар ұстынның жоғары басы кеңейтілген, капитель деп аталатын бөлігіне тікелей тіреледі. Салу әдісі бойынша аражабындылар жиналмалы, тұтасқұймалы және жинамалы-тұтасқұймалы болады. Аражабындының конструктивтік элементтер құрамындағы тақта, өзінің тірелетін жақтар қатынасына байланысты: – арқалықтық болады, егер де жақтарының қатынасы l2/l1≥2 болса, ол кіші жақ бағыты бойынша иілуге жұмыс істейді, үлкен жақ бағыты бойынша шамасы кіші болғандықтан иілу моменті ескерілмейді; – контур бойымен тірелген болады, егер де жақтарының қатынасы l2/l1<2 болса, екі бағытта да иілуге жұмыс істейді, жұмыстық арматура айқасқан түрде қабылданады. Әр жағдайда аражабынды конструкциялар түрлері ғимараттың арналуына, әсер ететін жүктемелерге, жергілікті жағдайларға және т.б. байланысты экономикалық тиімділігі бойынша қабылданады. Қырлы тұтасқұймалы аражабындар қысқа бағытта жұмыс істейтін тақтадан, көмекші және бас арқалықтардан құралады. Тақта көмекші арқалықтарға тіреледі, ал көмекші арқалықтар бас арқалықтарға тіреледі, олардың тіректері ұстын немесе қабырғалар болады. Тұтасқұймалы аражабындының жобалауына конструктивтік схеманы жинақтау; тақта, көмекші мен бас арқалықтарды есептеу және оларды құрастыру жұмыстары кіреді. Конструктивтік схема жинақтауына ұстындар қадамын және арақашықтығын таңдауы, бас арқалықтардың бағыты белгілеуі, көмекші арқалықтардың қадамын таңдауы жатады. Конструктивтік схема жинақтауы ғимараттардың тағайындауына, сәулет-жобалық шешімдеріне, техника- экономикалық көрсеткіштеріне тікелей байланысты.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.) |