Арқалықтық тақтаны есептеу және құрастыру 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Арқалықтық тақтаны есептеу және құрастыру

Поиск

1.4 Арқалықтық тақтаны есептеу және құрастыру

Есептік аралықтарды және жүктемелерді анықтау

Тұтасқұймалы арқалықтық тақтаның негізгі өлшемдері конструктивтік схемасында көрсетілген . Арқалықтық тақтаны есептеу үшін ені 1 м жолақты алып (1.1 суреттердегі 1-ші жолақ) көп аралықты кесілмеген арқалық ретінде қарастырамыз. Аралығы бестен көп болғандықтан, бес аралықты деп есептейміз .

Орта аралықтардыңъ мәнін (1.2)[2] формула бойынша анықтаймыз:

ly = l02 = l1 – b = 160-10=150 см;

         Шеткі аралықтарды (1.1) бойынша:

L01 = l1 – b/2- 20+ с/2 = 160-5- 20 +15/2=142,5см;

Тақтаның ұзын бағыттағы есептік аралығы бас арқалықтардың қырлары арасындағы қашықтыққа тең:

lx = l2 – bб.а = 650-30=620 см;

мұнда l2 – тақтаның орта аралығындағы бас арқалықтар арасындағы арақашықтық

          bб.а – бас арқалық қимасының ені. 

Аралықтар қатынасы lx/ly = 620/150  > 2

Сондықтан тақтаның қысқа бағытында жұмыс арматураларын есептейміз, тақта арқалықтық деп белгіленеді.

Аражабынның 1 м2  түсетін жүктемелердің анықтауы 1.1 кестеде келтірілген.

Тағайындау бойынша сенімділік коэффициентті γп = 0.1 ескергенде тақтаның 1 м2 толық есептік жүктемесі:

q=(g+v) γп = (2,78+14,43)*1= 17,21 кН/м².

Тақтаны есептеу үшін ені 1 м жолақты бөліп (1,1-сурет) қима өлшемдері b×hf=100×5см тік төртбұрышты тақтаны үздіксіз көп аралықты арқалықты ретінде есептейміз .

Тақтаның 1 құма метріне есептік толық жүктеме:

q = 17,21  кН/м² × 1м = 17,21 кН/м

 

1.1-кесте Жүктемелерді жинақтау

Жүктемелер

Нормативтік жүктеме кН/м2

Жүктеме бойынша сенімділік коэф-ті

Есептік жүктеме кН/м2

Тұрақты (g) :

Тақтаның өз салмағы

δ =60 мм, ρ =22 кН/м3

1,32

1,1

1,45

Цементтік ерітінді қабаты 

δ = 50мм, ρ =18 кН/м3

0,9

1,3

1,17

Тақтайшалы еден

δ = 12 мм , ρ =12 кН/м3

0,144

1,1

0,16

Уақытша (ν) :

11,1

1,3

14,43

Барлығы:

 

 

g = 2,78

ν = 14,43

 

Ию моменттерді анықтау

Көп аралықты тақтада ию моменттерінің қайта бөлінуі ескеріліп [2] шамалары 1.3 және 1.3 формулалар бойынша анықталады:

- шеткі аралықтарда

М1= МВ=±ql01²/11=± 17,21×1,43²/11= ±3,2 кН/м.

- орта аралықтар мен тіректерде

М23= -Мс= ± ql02²/16= ±17,21×1,5²/16= ±2,4 кН/м

Төрт жағы да арқалықтарға (контуры бойынша) тірелген тақталардың (1.1суреттердегі II-ші жолақ) ию моменттерін 20%-ға азайтамыз себебі (1.5) шарт орындалып тұр:

 

М=0,8×2,4=1,92 кН/м



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 42; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)