тәжірибе. Сірке қышқылын оның тұздарынан алу.
1-тәжірибе. Сірке қышқылын оның тұздарынан алу.
Жұмыстың барысы: Колбаға 3-4 г құрғатылған натрий ацетатан салып, оның үстіне 3-4 мл концентрлі күкірт қышқылын құйып, аузын газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындайды. Газ түтігінің екінші ұшын қар салынған стаканға батырылған пробиркаға енгізіледі. Қоспада реакция бірден жүре бастайды. Қоспаны қайнатпай баяу қыздырып, сірке қышқылын газ түтігі арқылы пробиркаға айдайды. Пробиркада таза сірке қышқылының кристалдары пайда болады.
Реакция теңдеуін жазыңыздар.
2-тәжірибе. Сірке қышқылының амил эфирін алу.
Жұмыс барысы:Пробиркаға 2 мл амил спиртін, 2 мл сірке қышқылын және 1 мл концентрлі күкірт қышқылын құяды. Қоспаны абайлап араластырады. Пробирканы 20 минут қайнап жатқан су моншасында ұстайды. Содан кейін пробирканы суытып, қарайған сұйықты суы бар пробиркаға құяды. Сұйық екі қабатқа бөлінеді, жоғары қабатта- алмұрт иісті сірке қышқылының амил эфирі түзіледі. Оны бөлгіш воронкамен бөліп аламыз.
3-тәжірибе. Олеин қышқылының тотығуы
Жұмыс барысы: пробиркаға 1 мл 5%-тік калий перманганаты ерітіндісі 1 мл 10%-тік күкірт қышқылы ерітіндісі және 0,5 мл олеин қышқылын құямыз. Пробиркадағы қоспаны шайқап араластырамыз. Не байқадыңдар?
Реакция теңдеуі:
СН3-(СН2)7- СН = СН-(СН2)7-СООН+ КМnО4+ Н2О ®
Олеин қышқылы
® СН3-(СН2)7- СН- СН- (СН2)7- СООН + МnО2+ КОН
ú ú
ОН ОН
9,10- диоксистеарин қышқылы
4-тәжірибе. Олеин қышқылының тұзын алу
Жұмыс барысы: Пробиркаға 2 тамшы олеин қышқылы және 4-6 тамшы дистилденген су құяды. Мұқият араластырып, 6-8 тамшы сілті ерітіндісін қосады. Алынған қоспаны спирт шамында қыздырады. Суда еритін натрий сабыны түзілгендіктен шайқағанда көбік пайда болады. Алынған сабын ерітіндісіне 2-3 тамшы кальций хлоридінің ерітіндісін тамызыңыздар. Суда ерімейтін кальций сабынының ақ тұнбасына назар аударыңдар.
1)Натрий сабынының түзілу реакциясын жазыңыздар.
2)Кальций сабынының түзілу реакциясын жазыңыздар.
|