Дәріс 16. Органикалық заттар және олардың жіктелуі. Изомериясы және номенклатурасы (аталуы) 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дәріс 16. Органикалық заттар және олардың жіктелуі. Изомериясы және номенклатурасы (аталуы)

Поиск

  Органикалық химия көміртегі қосылыстарын зерттейді. Органикалық заттардың негізгі көздері: мұнай, табиғи газ, тас көмір, ағаш және өсімдік қалдықтары.

  Органикалық химия өнеркәсіптің әр түрлі салаларындағы технологиялық процестердің негізгі болып табылады. Атап айтқанда: отын өндірісі, бояғыш заттар өнеркәсібі, витаминдер, химиялық талшықтар, пластмасса, дәрі- дәрмек, қопарылғыш заттар және т.б. Ауыл шаруашылығында органикалық тыңайтқыштар: арам шөпке қарсы заттар (гербицидтер), саңырауқұлақтар мен зиянкестерге қарсы заттар (инсектофугицидтер) және т.б. Органикалық химияның дамуына үлкен үлес қосқан орыс ғалымы А.М.Бутлеров болды. Ол 1861 жылы химиялық құрылыс теориясын ашты. Бұл теория химиктерге молекуланың ішкі құрылысын түсінуге, химиялық процестердің мәнін білуге, органикалық заттарды алудың жаңа жолдарын жобалауға, сол арқылы өнеркәсіпті дамытуға үлкен көмегін тигізді.

  Теорияның негізгі қағидалары:

Органикалық қосылыстардың молекуласын құрайтын атомдар белгілі бір реттілікпен байланысады, бір- бірімен байланысуға бір немесе бірнеше валенттілік жұмсалады.

Органикалық заттардың қасиеттері молекуласының құрылысына, яғни атомдардың

қосылу реттілігіне және байланыс сипатына тәуелді болады. Сонымен органикалық заттардың қасиетін зерттеу арқылы оның молекула құрылысын анықтап және белгілі формуламен көрсетуге болады.

Атомның немесе атомдар топтарының химиялық қасиетіне молекуладағы басқа 

атомдар мен топтар әсер етеді, әсіресе өзара байланысқан атомдардың әсері үлкен 

болады.

Химиялық құрылыс теориясы изомерия құбылысын түсіндіруге мүмкіншілік береді.

Изомерлер деп құрамы және молекулалық массалары бірдей, бірақ құрамы мен қасиеттері әр түрлі заттарды айтады.

Органикалық қосылыстардың негізгі етіп көмірсутекті алады да, қалған қосылыстарды, олардың туындылары ретінде қарайды. Көміртек тізбегінің құрылысына қарай органикалық қосылыстар ашық тізбекті (алифаттық) және циклді (тұйық) қосылыстарға бөлінеді.

Ашық тізбекті қосылыстар екіге бөлінеді: қаныққан көмірсутектер (формуласы СnH2n+2) және қанықпаған көмірсутектер (формуласы СnH2n  бұлардың құрамында қос үш байланыс та болады).

Тұйық тізбекті қосылыстар екіге бөлінеді: карбоциклді және гетероциклді.

Карбоциклді қосылыстардың тұйық тізбегі тек көміртегі атомынан тұрады және өз алында алициклді және ароматты болып екіге бөлінеді.

Гетероциклді қосылыстардың тұйық тізбекті көміртегі мен сутегі атомдарымен қоса басқа да атомдардан құралады. Гетероциклді қосылыстар түзуге көбінесе азот, күкірт, оттегі атомдары қатысады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Органикалық химия нені зерттейді?

2. Органикалық заттардың шығу көздері қандай?

3. А.М.Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясының негізгі қағидаларын атаңыздар.

4 Изомерлер дегеніміз не?

5 Органикалық қосылыстар қалай жіктеледі?

6 Құрамы: а) С6Н8 ә) С6Н14 болып келетін қосылыстардың барлық изомерлерінің структуралық формуласын жазыңыздар?

7  Құрамы С3Н8 болып келетін заттардың структуралық формуласын жазыңыздар.

8 Метандағы көміртегі мен сутегінің массалық үлесін анықтаңыздар. 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 101; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.)