Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Толеранттылық пен демократия диалектикасыСодержание книги
Поиск на нашем сайте Деспотизмге, тоталитарлық жүйеге негізделген қоғамда таптық, сословиелік жік адамдарды бір-біріне қарсы қоюға, шеттетуге негізделді. Кейбір билеушілер халықтың еңбегін, елдің байлығын меншіктеп қана қоймай, елдің ақыл-парасатына да билік жүргізгісі келді. Оған да қанағаттанбай, шет елдердің жерін, байлығын, мәдени мұрасын жаулап, өз айтқанымен жүргізуге ұмтылды. Күні бүгін де демократияны бүркемелеп, бөтен елге өз идеясын, көзқарасын, өлшемдерін күшпен таңу саясаты орын алып отыр. Бөтен ойды шеттету адамзат тарихында талай-талай билеушілерге тән болған. Себебі, олар басқаша ойлайтындарды мойындау өздерінің билігіне, беделіне шек қояды да, өздеріне тең, тіпті артық ақылдың, беделдің бар екенін білдіреді деп санаған. Сондықтан дербес пікірі бар қайраткерден, дарынды ойшылдан, ғалым, жазушы, ақыннан дарынсыз билік үнемі қорыққан, себебі ақын, ойшыл оның келеңсіз істерін әшкере етеді. Көптеген ұлылардың кезінде өз туған елінде лайықты бағасын ала алмауы да осыдан. Еркін ойды қудалау, тура пікірді шеттету талай мемлекеттің түбіне жеткен. Тарихта билікке тоймаған патша, император қол астындағыларды күш-қайраты мол еркін азамат емес, айтқанын екі етпейтін роботқа айналдыруға тырысқан. Азаматтық, ұлттық сана бұл тұста көмескіленіп, халық топас бола бастайды. Пікірсайыстың, сөз бостандығының жоқтығы халықты рухани жағынан әлсіз ете береді. Ауру адамның соңғы демі таусылғанша емделуге тырысатыны сияқты, әлсіз ел билеуші де мемлекетті құлатпауға тырысатынын, бірақ түптің-түбінде ондай мемлекет күйрейтіндігін Кеңес Одағының тарихы мен ақыры көрсетті. Өз халқын жек көретін адам аз. Бірақ жабылып, өз елін, қандастарын, билікті тек мадақтай беру де отансүйгіштік өлшемі емес. Сондықтан Англияда үкіметтің билік пұрсатын теріс пайдаланушыларды сынауды патриотизм деп бағалайды. Бернард Шоу “Дені сау ұлт өз атын өзі шақырған көкектей кеуде қақпаса керек; дені сау адам өзінің ет пен сүйектен жаралғаны туралы ойлай бермейді ғой”, – депті. Саяси мәдениеті жаңа қалыптасып келе жатқан біздің мемлекетімізде саяси толеранттылық орнығып болды деу қиын. “Бізде демократиялық мәдениеттің терең дәстүрлерінің жоқтығы, еркіндікті ойыңа келгенді істеуге болады деп түйсіну елді тұрақсыздыққа ұрындыруы, біздің болашаққа арналған барлық жоспарларымызды белінен басып, өзімізді алысқа кері серпіп тастауы әбден мүмкін екенін мойындауымыз керек”, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында. Мемлекет басшысының бұл пікірін Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысында “Сіздерді бірден өзара толеранттылық пен сындарлылыққа шақырғым келеді. Тек солай ғана – консенсус пен өзара түсіністік арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізу мүмкін болады” деген тұжырымын нақтылай түседі. Демек, толеранттылықтың егіз сыңары ретінде сындарлылықты атаған жөн. Біздің жас мемлекетіміз алғашқы күннен бастап, екі қауіптен сақтанды: бір жағынан, шексіз, авторитарлық биліктен, екінші жағынан, әлсіз, әлжуаз мемлекет болып қалудан. Осы екі пәленің алдын алып, аман келе жатырмыз. Оппозиция билік тармақтары тежемелік және тепе-теңдік қағидатына негізделе алмай келеді деп сынайды, атқарушы билікке басқа да айып тағып бағуда. Біздің жас оппозицияның еркіндікті өзімшілдікке, тіпті еркіндіктің бой бермейтін үстемдігіне айналдырғысы келетіні байқалады. Либерализмді әлсіздік деп түсінеді. Президенттің Жолдауында “біз демократиялық дәстүрлерді дамытумен бірге оны қорғаудың жеткілікті қатаң жүйесін қарастыруымыз керек” деген ойына оппозиция күдік туғызуға тырысты. Әрине, соңғы кезде оппозицияның белгілі өкілінің қайғылы қазаға ұшырауы алаңдаушылық туғызуда. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қызметкерлердің азаматтарға қиянат жасауы қанымызды қайнатады. Осы қылмысты істі заңнама талаптарына сай тергеп, ащы да болса шындыққа елдің көзін жеткізу – толерантты ахуалды орнықтыра түсудің жолы. Бірақ қуатты мемлекет демократияға қауіп төндіреді, әкімшілдік-әміршілдік жүйені қайта жаңғыртады деуге негіз жоқ. Қылмысқа қарсы тұру, елдің саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету, оппозицияны да қорғау қуатты мемлекетті қажет етеді. Толерантты ахуал қалыптасқан елде билік пен оппозиция жиі орын ауыстырып жатады. Үкіметті көп сынайтын парламент спикері премьер-министр болып, парламентпен келісе бермейтін премьер спикер болып жатады, сол сияқты министрлер депутат болып, депутаттар министр болуы да жиі кездеседі. Айналып келгенде елді екіге бөліп, “біз” бен “олар”, біреуі баррикаданың ар жағында, біреуі бер жағында деу қауіпті. Билік басындағылар ауысқанмен ақыр заман болмайды, ел қорғаусыз, жетім қалмайды. Ондай психология тек жеке басқа табынған елде ғана болады. Саяси реформалар бүгін парламент төрінде қай партия өкілдері көбірек депутат болып отыруында емес, ел халқының саяси, құқық санасын тәрбиелеуде, оның жауапкершілігін қалыптастыруда жатыр. Толеранттылық сананың прагматикалық қыры да бар. 1985 жылы Пекинде Тяньаньмэнь алаңында қытай студенттерінің қаны судай ақты. Бұл оқиға көптеген елдерде, әсіресе АҚШ-та ашу-ыза туғызды. Бірақ Қытай басшылары демократия деген нақты тарихи ұғым, 1 млрд.300 млн халық толқыса, бүкіл жер жүзіне өзінің жағымсыз ықпалын тигізер еді, біз аз шығынмен жағдайды тұрақтандырдық, деді. Көрші елден бізге, Қазақстанға 20-30 млн. босқын келсе, бізді өздеріне тез сіңіріп алар еді де, біз ұлттық болмысымыздан айырылар едік. Америкалық саясаттанушы Роберт Даль: “Цена репрессий иногда бывает выше, чем цена свободы” деген екен. Осы мысалмен біз тіпті де репрессияны жақтайық деп отырған жоқпыз, шексіз еркіндіктің жоқтығын, толеранттылықтың жағдайға байланысты мәжбүрлік сипат алатындығын, бүлікке емес, бірлікке бейімділігін айтқымыз келеді. Толеранттылық туралы ой қозғағанда біз дінаралық қатынастарды айтпай кете алмаймыз. Қазақ жерінде ислам және басқа да діндер кеңес заманында қудалауға ұшырады, мешіттер қиратылды, діни әдебиет өртенді. Дін қызметкерлері жаңа демократиялық заманға енді-енді бейімделуде, халықтың рухани талаптарын толық деңгейде қанағаттандыра алмай жүргені де белгілі. Бұл олардың кінәсі емес, өткен заманның оспадарлығы. Жаһандану әлемді біртұтас қауымдастыққа айналдырып, “өзім” мен “өзгенің” мәнін өткір қойып отыр. Егер бұрын “бөтен” қол жетпес алыстағы жұмбақ, шет болып көрінсе, бүгін “бөтен” біздің өмірімізге басып енді. Соның бір көрінісі – шетелдік діни конфессиялардың елімізге ағылып келуі. Шет ел діни конфессияларының ықпал жасау технологиясы бізге таныс емес, біздің дәстүріміз, тарихымыз, тіпті заңдарымыз оларға жат. Олармен үйлесім табу бізге де қиын. Оларды жау деп қарау да дұрыс болмас, дос деп айтуға да асығыс. Олардың қаржысы мол, нарықтық экономика жағдайына бейімделген, бұқараның психологиялық ерекшеліктерін меңгерген және өздерін жарнамалай да біледі. Сондықтан діни сауатсыз, атеистік идеологияның ығынан шығып болмаған біздің халықты діни секталар өз ықпалына түсіруде. Шындығын айтсақ, тәуелсіздікпен келген демократияның жемісін шетелдік діндер пайдаланып кетті. Олар үгіт-насихатқа өте бейімді, аңқау елдің отбасына, мәдениетіне жік салып жатыр. Барлық діни секталар мейірбан, шапағат әкеледі деуге келмейді. Тек ұлттың болмысымен, наным-сенімімен, мәдениетімен, дүниетанымымен берік, тығыз байланысқан дін ғана өміршең. Ұлт діннен қуат алып, дін ұлттан қолдау тапқанда ғана дін ізгілік дарытады. Бүгінгі шетелдік діни бірлестіктердің басты мүддесі біздің жастарды кемелділікке емес, батыс құндылықтарын санаға сіңіру үшін қызмет жасап жатыр. Сондықтан дінаралық қатынастарда толеранттылықтың да, байсалдылықтың да шегі бар. “Менің дүние-мүлкіме қол сұққан адам қандай қылмыс жасаса, менің ар-намысыма, ұлтымның жан-дүниесіне, сеніміне, имандылығына ақшамен, жалған ақпаратпен қол сұғу сондай қылмыс” деген қағиданы барлық діндер ұстанады. Толеранттылық идея сырт көзге қарайып көрінгенімен, шындығында, жай төзімділік қана емес. Ол өмір талабынан туып отыр, әр түрлі салдарға апарып соғады. Өзінен бөтенге, дербес пікірі бар, өзге тілде сөйлейтіндерге, бөтен дінге жататындарға, бөтен құндылықтарды мойындайтындарға деген ашу, ыза, төзімсіздік кектесушілікке айналады. Ол жеке адамнан бастап, ұлттарға, дінге, мемлекеттерге қауіп төндіреді. Демократия – ол тек еркіндік қана емес, ол ісің мен сөзіңе деген жауапкершілік, өзіңді өзің билей білу. Ойланбай айтылған сөз оқтан да қауіпті. Толеранттылық ой-пікіріміздің, наным-сеніміміздің шектілігін, әрқайсымыздың да қателесуімізге “құқымыздың” барлығын мойындатады. Татулықсыз, келісімсіз демократияның мүмкін еместігі секілді, демократиясыз, еркіндіксіз татулық мүмкін емес.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 32; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.) |