Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Толеранттылықтың қырларыСодержание книги
Поиск на нашем сайте Жарастық табу – толеранттылықтың негізі. Тарихи тәжірибе толеранттылық сананың әр түрлі деңгейі барлығын көрсетеді: – “Бөтенді” барынша кінәлау, қудалау немесе күшке негізделген келісім; – “Бөтенмен”” ымырасыз күрес, оны идеялық “әшкерелеу”, тыйым салу, бірақ жазалауға бармау; – Парықсыздық, талғаусыздық, “маған бәрі бір” деп құндылықтарға бей-жай қарау; – “Бөтенді” қабыл алмау, бірақ оған және оны қолдаушыларға құрмет көрсету; – “Бөтенді” іс жүзінде қолдау, оны күшпен ығыстырумен келіспеу, қоғамда өз орнын алуын мойындау. Толеранттылықтың барлық талаптарына сай мемлекет көп емес. Әр түрлі идеологиялық ағымдар мен мінез-құлықтар, мәдениеттер мен ұлт өкілдеріне сыйластық танытып, қоғамдық тұрақтылықты қалыптастыру бүгін әлеуметтік және рухани дамудың маңызды шартына айналды. Себебі, қоғамда қай заманда да қайшы пікірлер орын алады. Тіпті қылышынан қан тамған тоталитаризм заманында коммунистік идеологияға қарсы балама, әр түрлі көзқарас тараған, оларды ұстанушылар биліктің саясатымен сырттай жұғысқанымен, іштей оны жек көріп жүрген. Олар: – Кәсіби білім деңгейінен коммунистік режімнің болашағы жоғын сезініп, байсалды тұрғыдан партияның сойылын соққан боп көрінгендер; – Демократиялық, ұлттық құндылықты жақтаушы, іштей социализмнің ұлттық саясатынан жиреніп жүргендер; – Қуғын-сүргінге ұшырағандар, олардың ұрпақтарының тағдырын бүлдірген осы саяси жүйемен келіспегендер; – Нарықтық экономиканың қажеттігін түсінген шаруашылық басшылары; – Номенклатураға кіре алмай, шеттетіліп, лауазымды қызметке қолы жетпей жүргендер; – Кімнің тарысы піссе, соның тауығы, сыйынатыны да, сүйенетіні де билік, ал өзі билесе тіпті жақсы. Ондайлар бүгін де бар; – Қазақстанды орталықтың тұқыртқаны соншалық, бірен-саран диссиденттер болды. Іштей жеккөретіндер мен сырттай жақындасып жүретіндердің қоғамда қайсысының басымырақ екенін айту қиын. 19 миллионнан астам мүшесі бар коммунистік партия құлағанда, 19 адам қорғамады. Бірлік алдамшы болып шықты. Сондықтан сөз еркіндігі, адамдардың емін-еркін сөйлеуі, қай саққа жүгіртіп, қалай сөз етсе де, тыйым салғаннан артық. Бүгінгі Қазақстан қоғамына да әр түрлі баға беріп жатады. Егер оларды топтастырып қарар болсақ, былай болып шығады: Біріншіден, моральдық құлдырау, қылмыстың өсуі, өмірдің, тіпті арнаулы қызметке дейін комерциялануы, БАҚ-тағы зорлық-зомбылық. Ең сорақысы, соған қарсы қоятын күш жоқ. Шет ел, еліміздегі “демократтар” қоғам азған үстіне аза берсін дейді; Екіншіден, екі миллионға жуық адам ауылдық жерде пайдалы іспен айналыспайды; Үшіншіден, қалада күнде той, мейрам, банкет-фуршет, марапаттау, қаптаған “жұлдыздар”. “Пир во время чумы” деген осы емес пе?” деп сұрақ қояды; Төртіншіден, түсінбейсің, ақша массасы көптігінен экономика “қызып” кетеді дейді. Екінші жағынан, таза суға, мектеп, жол салуға ақша жоқ. Осы пікірге уәж айтатындар, біткен іске сыншы көп дейді. Әуелі тоталитаризм жүйесінен, бодандықтан құтылсақ, мәселе өзінен өзі бола қалатындай көрінді. Ел халқы, қай этносқа жататынына қарамай, болашағымызға сенді. Бұл жерде өмір бойы төзімділікке тәрбиеленген қазақ халқының топтастырушылық рөлін, оның адал ниетіне қарай басқа этностардың Қазақстанды екінші отаным деп санауға құлықтылығын, елде экономиканың жедел қарқынмен дамуын, Елбасы Н.Назарбаев жүргізіп отырған көреген саясатты атап өткен жөн. Елдің басын қоса білдік, дау-жанжалдардың алдын алдық, жинақы болдық. Шекарамызды айқындадық. 7591 шақырым шекарамызды бекіттік. Ішкі қауіпсіздігімізді, әскерімізді жасақтадық. Экономикаға инвестиция тарттық, еліміздің заңдылық негізін қаладық. Әлеуметтік бағытты да айқындадық. Мүгедектер, көп балалы аналар, зейнеткер, барлық әлжуаз топтар мемлекеттің қорғауында. Сөз жоқ, халық төзімділік танытты, көрегендігін паш етті. Елбасы олардың алдында әруақытта да басын иеді. Жақсылықтың бәрін үйіп-төгіп жасап тастай қоймады деу орынсыз делінеді. Осындай пікірлерді жалғастыра беруге болар, дегенмен, басым көпшілік еліміздің ертеңіне сенімді. Ал сенім – үлкен күш. Бүгін әлеуметтану ғылымы толеранттылықтың мынадай түрлерін атайды: 1. Келіспеушілік, бас тартушылық (несогласие); 2. Өздігінен, өз бетімен келісу (самосогласие); 3. Өзара келісім (взаимосогласие); 4. Бірауыздан келісу (единогласие); 5. Алауыздық, қайшылық (разногласие); 6. Өзімен өзі келіспеушілік (самонесогласие); 7. Өзара келіспеушілік (взаимонесогласие); 8. Қарсы келісім (противосогласие). Осы келісімнің қай көрінісі де жеке адам мен қоғамдық санада орын алып отыр. Сондықтан келісім, толеранттылық әр уақытта да шартты, уақытша ұғым. Оған уақыт, заман талаптары өз ықпалын тигізеді. Келісім әр уақытта да келіспеушілікке, келіспеушілік келісімге ұласып, диалектикалық қарама-қарсылықтар тудырады. Азаматтардың жеке құқы қайшылық, алауыздық тудырмай тұрмайды. Оған біздің мемлекет, саяси қайраткерлер, қоғамдық ұйымдар және қатардағы азаматтар дайын ба деген сұрақ күнде алдымызға тартылады. Толеранттылық сана қоғамның әр саласында орын алып отыр. Отбасылық мәселелер, гендерлік саясат пен ұлттық менталитет, қоғам алдындағы парыз бен салықтан жалтару, сайлауға барып дауыс беру не бермеу, ұлттық тәрбие және эротика мен порнографияны қолдау не қолдамау, ішімдік пен темекі тартуға әуестік туралы ойлар қоғамдық пікірде зор орын алады. БАҚ пен қоғам арасындағы байланыс – толеранттылық қатынастардың маңызды қыры. Себебі баспасөз бен теледидар арқылы зорлық-зомбылықтың, жыныстық қатынастар мен ел халқының мінез-құлқына, салт-дәстүріне жат қылықтардың тарауы үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Бұл мәселеде толеранттылық ахуал, қоғамдық келісім жоқтығы байқалуда. Бірқатар мемлекеттерде бұқаралық ақпарат құралдары өз халқына ақпараттық соғыс жариялап, елді рухани жағынан ыдыратып, тіпті денсаулығын да әлсіреткен мысалдары аз емес. Енді қоғамның рухани-адами ахуалына тікелей ықпал ететін салаға қоғамдық бақылаудың қажеттілігі туып отыр. Көпшілік цензураны жаңғыртпай, қоғамдық кеңес құрып, адамгершілік тұрғысынан сараптама жасау жолдарын іздеу, адамгершілік цензура қажеттілігі туралы пікірді ұсынады. Сонымен бірге, бірқатар азаматтар қоғамдық кеңес бәрібір ештеңе шешпейді, ұсыныстар кеңес деңгейінде қалып қояды, цензура қажет десе, үшінші біреулер БАҚ-қа ешқандай тыйым салмай, шексіз еркіндік беру керек дейді. Еуропа журналистерінің шексіз, жауапкершіліктен тыс еркіндігінің 1,5 млрд. мұсылман қауымының арына тигеніне бүгін біз куәміз. Қазір Қазақстанда да кейбір БАҚ иелері халық талабымен есептесуден гөрі, өз мүдделерін, табысын басымырақ ойлайды. Осы және басқа да жағдайлар елімізде бай адамдарға да толерантты оң көзқарас туғызбай отыр. Адал еңбегімен, іскерлігімен байлық жинағандарды сыйлаймыз, ал біздің байлар негізінен ұрлық, алдау, алаяқтық жолмен байығандар, бізде басқа жолмен баю мүмкін емес дейді бірқатар адамдар. Бірақ қазақстандықтар байлардың мүлкін тартып алуға, оларға жаза қолдануға шақырмайды. Ал Ресейде 90-шы жылдардағы жекешелендірудің салдары әлі өткір талқыланып жатыр, тіпті үш ресейліктің бірі оның қорытындысын қайта қарауды қалайды, тағы 33%-ы орынды болар деп қарсы болмайды. Жекешелендірудің пайдасынан зияны көп деушілер оны іске асырушылар сот алдында жауап беру керек дейді. Қазақстандықтар мен ресейліктердің толеранттылыққа деген көзқарастар деңгейінде, әсіресе басқа саяси ағымдарға, партияларға, жеке тұлғаларға, саяси оқиғаларға баға бергенде өзіндік ерекшеліктерінің барлығын көреміз. Қазақстан қоғамы келісімге, татулыққа, солар арқылы толеранттылыққа бейім. Жуырда Астанада болған сапарында ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Карл де Гюхт “бүкіл әлемде өркениеттер қақтығысы деп аталатын құбылыс байқалып тұрғанда, Қазақстанда қазір орын алып отырған толеранттылық ахуалын” атап өтті. Толеранттылықтың әлеуметтік ғылымда әр түрлі деңгейі барлығын айтқан жөн. Біріншіден, инстинкт, сақтану түйсігі деңгейінде “әйтеуір елде тыныштық болсын” дейтіндерді көреміз. Екіншіден, іштей келіспей, сырттай келісім ишаратын танытушылықты жоққа шығаруға болмайды; Үшіншіден, жалтақ келісім, ойланбай келісе салу, келісімпаздық кездесіп жатады; Төртіншіден, парасатты келісім бар. Қазақстан – толеранттылы қоғам, жаппай наразылық білдіріп, қарсылық көрсетуге негіз жоқ деген пікір орынды, бірақ бұл жеке дара аумақтар, қалалар, ұжымдар мен әлеуметтік топтар арасында қарсылық акциялар, экстремистік әрекеттердің, саяси тұрақтылықтың шырқын бұзушылар болмайды дегенді білдірмейді. Көп жағдайда бұл ресми билік мақұлдаған қадамдардың бұқараның мақұлдауына, рухани-мәдени мәселелердің ел, ұлт мүддесімен үйлесім табуына байланысты болмақ. Ал үйлесім, жарасым табылмаған мемлекеттерде экстремистік көңіл-күй өршіп кетуі де мүмкін екенін басқа елдер мысалынан көріп отырмыз. Бұл тұста тек орталық билік емес, жергілікті биліктің беделі, оларға халықтың сенімі өте маңызды.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 33; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.) |