Рынок экономикасының қазіргі көрсеткіштері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Рынок экономикасының қазіргі көрсеткіштері

Поиск

Рынок қазір өз алдына қызмет ететін жүйеге айналды да, оның басты тетіктері "сұраныс", "баға" және "ұсыныс" т. б. болды, олардың бірлігі "рынок" деген ұгымды құрайды.

"Рынок экономикасы" деген үғым "рынок" үғымынан кең, оған екі сала, "өңдіріс" және "тұтыну" жатады. "Әлеуметтік реттелетін рынок экономикасы" деген ұғым одан да кең, ол рынок экономикасына, ягаи сұраныс, баға, ұсыныс, өндіріс және тұтынушыға реттеуші механизмді тікелей және жанама қоса тіркейді. Реттеуші механизміне мемлекет, рынок институттары, әлемдік экономика әсерлері жатады.

Рынок әлеуметтік реттеуші деп аталады. Реттелуге жататын субъект бүкіл қоғам, оның институттары, реттелетін объект —қоғамдық экономика", яғни рыноктық процестер, оның институттары мен факторлары (олар фирма-лардың өндіріс ішіндегі қызметі емес); реттеудің мақсаты — қоғамдық қажеттерді қамтамасыз ету, рынок экономикасы басқа салаларының жалпы проблемаларын шешу.

Рынок бүгінде сатып алу, сату обьектісіне тән дәстүрлі тауарлармен бірге қызмет көрсету, еңбек, ақша, капитал, бағалы қағаздар, информация және интеллектуалды жетістіктерді біріктіреді. Соңғылары ете ерекше тауарлар, оларды сатып алу, сату рыноктың жаңа сапада болуын талап етеді. Ол рыноктың материалдық-техникалық жүйесі; сатушы мен сатып алушылардың кәсіпкерлік білімі және айырбастың механизміне де сапалық өзгерістер енгізеді. Рынок экономикасы жүйесінде сұраныс рөлі өзгереді. Әрине, қандай болмасын экономиканың "өзегі" әрқашанда өндіріс болып қала береді. Ал енді рынок экономикасы үшін өндіріс нәтижесін бағалау бүрын тарихта болмаған сипат алатынын айту керек. Бүл ең алдымен ғылыми-техникалық революцияның жетістіктері нәтижесінде өңдіріс технологиясында түбірлі өзгерістердің жасалуына байланысты. Осы өзгерістер адамзат тарихында түңғыш рет постиндустриалды елдерде халықтың басым көпшілігінің негізгі материалдық қажетін толық өтеуге мүмкіндік берді. Әңгіме бір жағынан түрғын үй, тағам, киім, аяқ киім туралы болса, онымен бірге жоғары білім және денсаулық сақтауға қажеттілікті өтеуге де саяды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 31; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.236 (0.006 с.)