Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Рыноктық экономиканың даму кезеңдеріСодержание книги
Поиск на нашем сайте Шаруашылықты рыноктық ұйымдастыру тарихы әлденеше ондаған ғасырларға созылғанымен, бірақ та ол адамзат қоғамының даму тарихынан қысқа. Алғашқы қауымда материалдық негіз — қоғамдық еңбек бөлінісі және қосымша өнім болмағандықтан рыноктың өмір сүру қажеттігі болмады. Өндіріс құралдарын жетілдіру және еңбек өнімділігінің өсуі нәтижесінде артық өнім, онымен қоса айырбас пайда болды. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі өндіргіш күштердің дамуына және адамдардың өмір сүруінің қажетті жағдайы ретінде рыноктық айырбасты қалыптастырады. Адамзат қоғамының дамуындағы әр түрлі кезеңдерде шаруашылықты рыноктық ұйымдастырудың маңызы әр қилы болды. Ежелгі дүниеде және орта ғасырларда орасан зор натуралды шаруашылық аймақтарымен қатар, жергілікті рыноктар құрылды. Жергілікті рыноктар арасыңда жай және кездейсоқ айырбас процесі қалыптаса бастады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі рыноктық эконо-миканың көптеген жаңа сфераларын және территорияларын қалыптастыруға жағдай жасады. Рыноктың дамуы тереңдей және кеңейе түсті. Жергілікті рьшоктардың арасындағы байланыстың жүйеленуі біртұтас ұлттық рыноктың қалыптасуына жол ашты. Рынок дегеніміз тауарларға сіңген еңбектің қоғамдық сипатын айқыңдайтын және тауарларды өткізуді жүзеге асыратын айырбас сферасындағы қатынастардың жиынтығы. Өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы рыноктық қатынастардың элементтері: баға, сұраныс және ұсыныс, бәсеке болады. Рыноктың маңызды қызметі (функциясы) еңбек шығынын, мөлшерін, көлемін және қоғамдық қажеттіліктерді айқындау. Рынок арқылы өндіріс құралдарын және еңбекті салаларға бөлу, сонымен қатар еңбек өнімділігін ынталандыру және қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жүзеге асырылады. Қоғамдық өндірістің реттеушісі ретінде рынок өндірілген тауарлар қүрылымын қоғамдық қажеттіліктер құрылымына және көлеміне сәйкестендіреді. Жеке меншік рыноктық шаруашылықтың экономикалық негізі болып табылады. Біріншіден, жеке меншік пен рыноктық механизм өндіргіш күштердің даму жолына кедергі болған жоқ, өз ішінен ғылыми-техникалық революцияның дамуы үшін бұрын болмаған кеңістік ашты және тез дамуына жағдай жасады. Екіншіден, экономикалық қатынастар қатып қалған, қозғалмайтын қүбылыс емес. Экономикалық қатынастар жүйесі, өндіргіш күштер мен азаматтық қоғамның әр түрлі институттары сияқты көптеген факторлардың әсерін өзіне қабылдай отырып, тұрақты қозғалыста болады. Өндіріс құралдарына жеке меншік өндірушілердің қоғамдық байланысының ерекше формасын қамтамасыз етеді. Сату, сатып алу жолымен айырбастау, яғни шаруашылықты рыноктық үйымдастыру. Рынок адамзаттың ерекше өнертабысы болды, әрі қоғамдық қажеттіліктерді барынша айқындады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 32; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.236 (0.008 с.) |