Нарықтық қатынастар теориясы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Нарықтық қатынастар теориясы

Поиск

Жоспары

 

· Кіріспе

· Нарықтық қатынастар теориясы

· Қоғамдық-экономикалық формация теориясының мазмұны

· Рыноктық экономиканың даму кезеңдері

· Қоғамдық дамудың Өркениеттік теориясы

· Рынок экономикасының қазіргі көрсеткіштері

· Рынок инфрақұрылымы

 

 

Нарықтық қатынастар – нарықтың жұмыс істеуіне байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар. Қоғамдық еңбек бөлінісі мен өндірушілердің экономикалық оқшаулануы нәтижесінде бұдан бірнеше мыңдаған жыл бұрын пайда болған. Сырт көзге тауар иелерінің өзара іс-қимылы ретінде көрініс табады, осы іс-қимыл барысында тауарлар – сату үшін өндірілген өнімдер еркін, яғни тең құқықты негізде айырбасталады.

Нарықтық қатынастардың қоғамдық өндірістің жоғары тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретінін іс-тәжірибе дәлелдеді, әйтсе де жекелеген аяларда оларды заң шығару жолымен шектеу немесе оларға тән ішкі қайшылықтарды шешу мақсатымен реттеу талап етіледі. Жеке кәсіпкерлікеркіндігі мен мемлекеттік реттеудің оңтайлы ұштастырылуы қажеттігін іс жүзінде жалпы жұрт мойындап отыр. 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап нарықтық қатынастар аясы айтарлықтай кеңейді. Дамушы елдерде, сондай-ақ бұрынғы социалистік мемлекеттерде ұлттық экономикалардың өзара іс-қимылы мен өзара тәуелділігі тереңдеп, ғаламдық сипат ала бастады. Алайда ұлттық экономиканы нарықтық қағидат негізінде қайта құру ұзақ әрі шетін үдеріс екенін тәжірибе көрсетіп отыр.

 

Рынок мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан оқшауланған еңбектің өте нәзік әрі күрделі экономикалық байланыс механизмі. Қазіргі рынок шаруашылық байланыстары мен экономикалық қатынастардың күрделі жүйесі. Осы жүйеде орталық рөлді жеке мүдде мен бәсеке атқарады. Солар арқылы кең көлемді ақпарат өңделеді, тауарлар мен кызмет керсетуді, капитал мен еңбекті ке-ректі жеріне, керсетілген мерзімде жеткізіп отырады. Осының бәрін кезінде ағылшын экономисі А. Смит рыноктық күшті, "көрінбейтін қол" деп атаған болатын. "Көрінбейтін қол" идеясының мәні мынада, адамдар өз мүддесіне әрекет етіп, өзінің қара басының қамын ойластыра отырып, түтас болғанда қоғам үшін тиімді игіліктер рыногының негізін қалайды.

Рынокты бір сөзбен анықтап, сипаттау мүмкін емес, қалай болғанда да нақты алыс-беріс үшін сатушылар мен сатып алушылардың кездесетін орны деп түсіндіруге де болмайды. Рынок түсінігін тар және кең мағынада беруге болады. Тар мағынада тауар айналыс саласы — сауда, кең мағынада рынок бүл қоғамдық өндірісті үйымдастырудың белгілі формасы, онда өндірушілер мен тұтынушылар өзара әрекет ете отырып, нақты экономикалық мәселелерді ше-шеді:

1) Қандай тауарларды, қашан және қандай мөлшерде өндіру қажет? Киімді көп өндіріп, тамақты аз ендіру керек пе, әлде керісінше ме, жазғы киімді қыста тігу керек пе, әлде жазда тігу дұрыс па? Не ендіру керек екендігін жоғары оргавдар емес, рынокта қандай тауарларға сүраныс білдіретін тұтынушылар шешеді;

2) бүл тауарларды  қандай  ресурстардан  және  қавдай технологияның кемегімен өндіру керек?Жерді өңдеу әдістерін таңдап  алу, нан мен жемісті химиялық тыңайтқыштарды қолдану арқылы өсіру керек пе, әлде басқаша әдіспен бе? т. б. Осы проблемалар ендірушілердің өзара бәсекесі арқылы шешіледі. Мұнда тиімді ендіріс әдістерін, жана технологияны пайдалану жолымен ендіріс шығывдарын азайтқандар табысқа жетеді;

3) тауарды кімге арнап шығару керектігі құпиясы ұлттық табысты қоғамның әр қилы мүшелерінің арасында бөлу механизмінде дер едік. Бүл процесс рыноктағы сұраныс пен үсыныстың арақатынасынан байқалады, яғни халықтың төлем қабілетін сұранысы арқылы айқындауға болады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 29; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.006 с.)