оғамдық-экономикалық формация теориясының мазмұны 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

оғамдық-экономикалық формация теориясының мазмұны

Поиск

Қоғамдық шаруашылықты рыноктық үйымдастырудың қажеттігіне қазіргі кезде күмән келтірушілер өте сирек.

Қоғамдық-экономикалық формация тарихи материализмнің негізгі категориясы (ғылыми үғымы). Оның күрделі жүйеленген иерархиялық (өзара тәуелді) құрылымы бар. Оның құрылымдық элементтері — өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар.

Дамудың белгілі бір деңгейінде тұрған өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың қозғалысының бірлігі мен әрекеттесуі өндіріс әдісін құрайды. Өндірістік қатынастардың жүйесі базис ретінде көрінеді, оның үстіне қондырма бой көтереді. Ол — саяси, құқықтық, идеологиялық ұлттық, жанұялық және басқа коғамдық қатынастар мен институттар жиынтығын керсетеді. Өндіріс әдісі қондырмамен өзара бірлесіп, әрекеттесуінің нәтижесі қоғамдық-экономикалық формацияны қүрайды. Адамзат дамуының табиғи-тарихи жолы қоғамдық-экономикалық формацияның жүйелі ауысуын көрсетеді. Бүларға: алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік қоғамдық-экономикалық формациялар жатады.

Материалистік диалектика дамудың жалпы теориясы ретінде қоғамдық-экономикалык формация дамуын зерттеудің методологиялық негізі болып табылады. Бүл теория дамудың қайнар көзі мен қозғаушы күші деп объективті қайшылықтар, қарама-қарсы жақтардың бірлігі мен күресін алып қарайды. Жүйенің маңызды жақтарының арасындағы қайшылықтардың дамуы, қарама-қарсы жақтардың сәйкес келуінің күшеюі жолымен іске асып жатады. Формациялық теорияның негізгі жағдайлары төмендегідей:

- Қоғамдық-экономикалық формациялар біртіндеп табиғи-тарихи процесс орын ауысуы түрінде дамиды;

- материалдық өмірдің рухани өмірмен салыстырғанда жетекші рөлі негізгі және туынды қатынастардың өзара себеп-салдарлы байланысы, мазмұны, мәні жағынан өте бай;

- өндірістік қатынас қоғамның базисі болып табылады, қондырманың базистен туынды сипаты бар;

- таптар тарихтың тұлғасы және қоғамның негізгі бірлігі болып табылады, ал таптық күрес — таптардың өзара қатынастарының негізгі формасы.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 38; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.007 с.)