Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістеріСодержание книги
Поиск на нашем сайте Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері – инвестициялық жобалардың пайдалылығы мен өтелімділігінің болашағын бағалау мақсатымен, инвестициялардың (капиталдың) ұзақ мерзімді жұмсалым тиімділігін анықтау тәсілдері. Техника-экономикалық жобаларға жұмсалған күрделі қаржы, оларды іске асырудан алынған пайданың бөлігімен бірге, келешекте пайда мен табыс алу мақсатында активтерге қайта инвестицияланатыны мәлім. Пайда, табыстылық, рынок үлесі, өнім сапасы инвестициялық жобаны негіздеуде басты критерий болмақ. Бұл орайда ақша ағынының бағытын есептеп, қадағалаудың маңызы зор: өнім өндіру үшін дайындық жұмыстарын жүргізу, үйлер мен ғимараттар салуға, жабдық пен машиналарды сатып алуға, мамандарды оқытуға жұмсалатын күрделі шығындар; ағымдағы шығын – материал, отын мен энергия, еңбек шығыны, т.б.; кіріс баптары – шығынды үнемдеу, өнім сапасын жақсарту, т.б. Инвестициялық жобалар түрлі тәсілдермен бағалануы мүмкін, тегінде олардың кез келгенінде (экологиялық және әлеуметтік тәсілдерден басқа) инвестициялар қамтамасыз ететін табыстың деңгейін, олардың қандай мөлшерде қосымша пайда әкелетінін білудің маңызы зор. Жобаларды бағалау үшін қолданылатын критерийлер – басты аспектілерді, оны іске асырудың шарттарын көрсетуге тиіс. Оларды алуан түрлілігіне қарамастан мынадай топтарға бөлуге болады: қаржы-экономикалық, нормативтік, ресурстармен қамтамасыз етілу критерийлері. Қаржы-экономикалық критерийлер – жобаның құны, ағымдағы таза пайда, пайда мен пайдалылық, инвестициялардың қайтарымы, тиімділіктің ішкі коэффициенті, өтелімділік кезеңі, т.б. Әрбір әлеуетті жоба – оның елдегі саяси, әлеуметтік жағдайларға сәйкес келуі, олардың өзгеру мүмкіндігі тұрғысынан да бағалануы тиіс. Күрделі қаржы салымдарды бағалаудың кең таралған әдістері: өтелімділік әдіс, пайданың жай нормасының әдісі, қаражатты, ағымдағы таза пайданы дисконттау әдісі. Өтелімділік әдіс – осында критерий ретінде жобаға жұмсалған инвестициялардың қайтарылуы үшін қажет, уақыт кезеңін пайдалануға негізделген. Өтелімділік мерзімі – жобаға түскен пайда есебінен, бастапқы күрделі қаржының орнын толтыру үшін қажет уақыт. Сөйтіп, инвестицияларды қайтару (өтеу) кезеңі бастапқы күрделі жұмсалым шамасы мен болжалды таза пайдаға немесе жылдық табыс пен шығынның арасындағы айырма қатынасымен айқындалады. Пайданың жай нормасы әдісі – ол инвестициялық жобаларды пайдаланудың толық бір жылғы пайдасының бастапқы инвестициялық шығынға қатынасымен айқындалатын критерийге негізделеді. Қаражатты дисконттау әдісі – инвестицияланған жобалардың тиімділігін бағалау әдісі, ол болашақта алынатын немесе жұмсалатын ақшалай қаражаттың құны, қазіргіден аз не көп болады деген жорамалға негізделеді. Ағымдағы (келтірілген) таза құн – тіркелген, күні бұрын белгіленген процент нормасы жағдайында жобаның бүкіл жұмыс істеу кезеңінде жиналған қолма-қол ақшаның барлық кірісі мен шығысының айырмасын әрбір жылға арнап, бөлек-бөлек дисконттау жолымен алынған құн. Инвестициялық жобалар тиімділігін бағалаудың ЮНИДО (UNІDO – БҰҰ-ның өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы) ұсынған әдістерінің бірі.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 51; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.007 с.) |