Жобалық талдау тұжырымдамасы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жобалық талдау тұжырымдамасы

Поиск

11.2. Жобалық талдау тұжырымдамасы

Жобалық талдау – жобалық шешімдерді қою мен негіздеу үшін пайдаланылатын әдістемелік құрал-жабдықтардың жиынтығы. Жобалық талдау дегеніміз – инвестициялық жобаны іске асыру шығындары мен оны орындағаннан алынатын тиімділікпен салыстыру.

Жобалық талдау түрлері:

– техникалық мақсаты – техника мен технологияның ең тиімді нұсқасын анықтау;

– коммерциялық (маркетингтік) мақсаты – өнімді түпкілік тұтыну бағыттар жағынан бағалау;

– ұйымдастырушылық мақсаты – жобаны іске асыру аумағындағы ұйымдастырушылық, құқықтық, саяси және әкімшілік жағдайларды бағалау;

– экономикалық мақсаты – жобаны халық шаруашылық көзқарас жағынан тұтас алғанды зерделеу;

– қаржылық мақсаты – жобаның нақты бөлімдеріне сәйкес шығындар мен нәтижелерді зерттеу;

– экологиялық мақсаты – қоршаған ортаға нақты зиян келтіргенді дәлелдеу;

– әлеуметтік мақсаты – жоба нұсқаларының пайдаланушыларға жарамдылығын, жұмыс орындарының өзгеруін, еңбек жағдайларының жақсаруын айқындау.

 

11.3. Күрделі қаржының (инвестицияның) абсолюттік

және салыстырмалы тиімділігі

Экономикалық процестер мен құбылыстардың, олардың даму заңдылықтары мен беталысының сандық сипаттамасы үшін пайдаланылатын абсолюттік және салыстырмалы шамаларды – экономикалық көрсеткіштер дейді. Мақсаттарына қарай жоспарлық, статистикалық, талдамалы экономикалық көрсеткіш түрлеріне бөлінеді.

Күрделі қаржы салымдары – кәсіпорынның жаңа негізгі қорларын құруға, қолданыстағы қорларды жаңғыртуға, жаңа техника мен технологиялық процестерді енгізуге жұмсалған ақшалай қаражат.

Жаңа құрылыс – бұл жаңа өндірістік кәсіпорындарды құру, ол олардың толық жобалық қуатын іске қосудан кейін аяқталған деп саналады.

Жұмыстағы кәсіпорынды кеңейту деп – негізгі және қосымша өндірістің аз күрделі шығындармен өндірістік қуатын арттыруды түсіну.

Кәсіпорынды қайта құру – шығарылатын өнімнің көлемін ұлғайтып, сапасын жақсарту немесе жаңа түрлерін игеру мақсатымен негізгі қорларды, техника мен технологияны жетілдіру, жаңғырту мен жаңарту. Күрделі қаржы салымдары, оларды пайдалану тиімділігі бойынша бағалануы қажет. Ал экономикалық тиімділікті есептегенде, екі түсінікті пайдаланады: экономикалық нәтиже және экономикалық тиімділік. Экономикалық нәтиже – техникалық, шаруашылық немесе өзге де міндеттерді шешу тиімділігінің абсолюттік сомасы.

Күрделі жұмсалымдардың экономикалық тиімділігі – негізгі қорларды құруға немесе дамытуға арналған күрделі қаржы салымдар шамасы мен алынған нәтижелердің арақатынасы. Экономикалық тиімділік деп – экономикалық нәтиже мен соған жетуге қажетті шығындарға қатынастарды айтуға болады. Ол күрделі қаржы салымдарының, жаңа техниканы енгізудің және басқа шешімдердің абсолюттік (жалпы), салыстырмалы экономикалық тиімділігін ажыратады.

Халық шаруашылығы саласы және кәсіпорын, акционерлік қоғам деңгейінде ұлттық табыс, таза нормативтік өнім мен пайда көлемінің өсуін туғызған күрделі қаржы салымдарға қатынасы – абсолюттік экономикалық тиімділік көрсеткіштері болуы мүмкін. Еңбек өнімділігі, өнім сапасы, оның материал сыйымдылығы, қор сыйымдылығы, өндіріс тиімділігінің қосынды көрсеткіштері болады.

Кәсіпорын деңгейінде абсолюттік экономикалық тиімділік мына формуламен нықталады:

 

Эа = DП / К немесе Т = К / DП,                       (11.1)

 

мұндағы Эа – күрделі қаржы салымдарының абсолюттік тиімділік коэффициенттері;

DП – күрделі қаржы салудан алынған кәсіпорын пайдасының өсуі;

К – пайда көлемінің өсуін туғызған күрделі қаржы салымдардың мөлшері;

 Т – күрделі қаржы салымдарының өтелімділік мерзімі.

Күрделі жұмсалымдардың салыстырмалы экономикалық тиімділігі, белгілі техникалық немесе шаруашылық мәселені шешуде екі немесе одан да көп нұсқалардан біреуін таңдауында есептеледі. Осы әдістеме бойынша экономикалық мақсатқа сай келетін нұсқа, барынша аз келтірілген шығындарды қамтамасыз ететін нұсқа болып саналады, яғни:

 

      Сі + Ен * Кі ® mіn,                  (11.2)

немесе

Кі + Тн * Сі ® mіn,                           (11.3)

 

мұндағы Сі – нұсқалар бойынша өнімнің өзіндік құны;

  Кі – нұсқаларға сәйкес күрделі қаржы салымдары;

 Ен – күрделі қаржы салымдарының салыстырмалы тиімділігінің нормативтік коэффициенті (тау-кен өнеркәсібінде оның мөлшері 0,14-ке тең); 

  Тн – күрделі жұмсалым өтелімділігінің нормативтік мерзімі            (7 жыл).

Күрделі қаржы салымдары тиімділігінің салыстырмалы коэффициенті (Ес) мына формуламен анықталады:

 

Ес = (С1 - С2)/(К2 – K1).                     (11.4)

 

Егер Ес > Ен болса, онда күрделі шығындар экономикалық жағынан негізделген болып табылады.

Қосымша күрделі қаржы салымдарының өтелімділік мерзімі (Тк) былай есептелінеді:

Тк = (К2 - К1)/(С1 - С2).                   (11.5)

Жылдық экономикалық нәтиже (Эж), базалық және енгізілетін нұсқалардың келтірілген шығындар арасындағы айырмасы ретінде анықталады:

Эж = (С1 + ЕнК1) – (С2 + ЕнК2).                   (11.6)

 Күрделі қаржы салымдарының салыстырмалы тиімділігін анықтау әдістемесінің негізгі кемшілігі — ең жақсы нұсқаны анықтағанда, негізгі критерий келтірілген шығындар, ал пайда — нарықтық экономика талаптарына сай келетін критерий болып саналады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.008 с.)