Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Күрделі қаржы және уақыт факторыСодержание книги
Поиск на нашем сайте 11.4. Күрделі қаржы және уақыт факторы Егер тау-кен кәсіпорындарының құрылыс нұсқаларының ұзақтығы, күрделі қаржы салымдар шамасы және олар құрылыс жылдары бөлініп жұмсалу жағынан ерекше болса, онда салыстыратын нұсқалардың күрделі қаржы салымдарын бірыңғай базистік кезеңге келтіру керек. Ұлғайтылған өндіріске жұмсалған бір теңге жыл сайын 14 % пайда (Ен=0,14) әкеледі. Сонымен, өндіріске жұмсалған бір теңгеге екінші жылы (1+Ен), үшінші жылы (1+Ен)2 тең болады. Онда t жыл аяғында бір теңге (1+Ен)t-1-ге тең болады. Егер күрделі жұмсалымдар кәсіпорынды пайдалану мерзімге келтіретін болса, сонда олар (1+Ен)t коэффициентке көбейтілуі қажет, ал егер базистік кезең кәсіпорын құрылысының басы болып саналса, онда күрделі қаржы салымдарын, келтіру коэффициентіне бөлу керек.
11.5. Тау-кен өнеркәсібінде инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау Тау-кен кәсіпорындарының параметрлерін оңтайландыруы (карьер тереңдігі, өндірістік қуаты) серпінді есептер тобына жатады. Мұнда бағаланатын, салыстыратын нұсқалар – шығындар шамасымен ғана емес, қаржы жұмсау уақытымен, пайда шамасымен және оны алу уақытымен ажыратылады. Салыстыратын нұсқалар, жұмыстың жылдық көлемдерінің бірқалыпсыздығымен, өндіру жұмыстарына жұмсалған шығындардың бірталай түрлі уақыттылығымен, соны орындау үшін керекті кен-даярлау (әзірлік) немесе аршу жұмыстарымен сипатталады. Бұдан басқа нұсқалар – пайдалы қазбаларды өндірудің жылдық көлемдерімен бағаланатын кезеңде, өнімнің өзіндік құны мен сапасының өзгеруімен, сондай-ақ бағалайтын кезеңдердің ұзақтығымен өзгешеленуі мүмкін. Кен өндірісінде техникалық шешімдерді экономикалық бағалауда профессорлар Б.И. Бокий, П.И. Городецкий, Б.П. Боголюбов, В.В. Ржевский, А.И. Арсентьев, В.С. Хохряков көп үлестерін қосты. 1960 жылдардың басында профессор В.С. Хохряков ашық кен жұмыстарын оңтайландыруда уақыт факторын есепке алуды, бағалаудың бір кезеңіне келтірілген жиынтық күрделі және пайдалану шығындары мен пайданы ұсынды. 1996 жылы профессор В.С. Хохряковтың "Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау" атты оқу құралы басылып шықты. Профессор В.С. Хохряков пікірі бойынша серпінді есептерді бағалағанда, келтірілген шығындар формуласын (Сі+ЕнКі) кен өндірісінің ерекшелігімен байланысты іс жүзінде пайдалану қиын. Бұл формула профессордың жазуы бойынша орталықтан және текке қаржыландыру кезінде күрделі қаржы салымдарының барынша көп мөлшерін негіздеуге қолайлы болған. Кен жұмыстарының дамуы, күрделі қаржы салымдарды бір жолғы емес, кенорнын қазудың барлық мерзімі ішінде жұмсауды талап етеді. Құрылысқа, кәсіпорынды жаңғыртуға, жабдықтарды ауыстыруға жұмсалатын инвестициялар көлемін негіздеу, пайда мен инвестициялардың тиімділігімен байланысты, олар – нарықтық экономиканың негізгі критерийлері болып саналады. 1877 жылы шетелдік ғалым Хаскольд ұсынған формула кеніштің қазіргі құны кенорнын қазудан алынған келешекте алатын пайданың шамасы қазіргі уақытқа келтіру арқылы анықталады, яғни:
мұндағы Vp – пайдалы кен байлықтарының жалпы қазіргі құндылығы; А – орташа жылдық пайда; t – кенорнын қазу уақыты; r – нормативтік пайда; r ¢ – тәуекелдік деңгейін ескеретін пайда. Шетелде инвестициялық жобалардың тиімділік критерийлері мына көрсеткіштер болып саналады: 1) NPV (Net Present Value) – қазіргі таза құн, яғни бағаланатын мерзімде дисконтталған пайданың сомасы. Осы критерийдің басқа түрі, дисконтталған ақша ағыны (dіscounted cash flow) болып саналады; 2) ІRR (Іnternal Rate of Return) – пайданың (қайтарымның) ішкі ставкасы (нормасы) – дисконтталған пайданың сомасы нөлге тең болатын жағдайдағы дисконттың шамасы; 3) PVR (Present Value Ratіo) – нағыз құндардың қатынастары немесе басқа сөзбен айтқанда, пайдалылықтың индексі (РІ – Profіtabіlіty Іndex) – бұл кенорнын қазудың толық мерзіміндегі дисконтталған пайда сомасының, дисконтталған күрделі қаржы салымдары сомасына қатынастары; 4) PBP (Pay Back Perіod) – өтелімділік (қайтару, өтелу, өтеу) мерзімі. Ресей Федерациясының үкімет органдары 1994 жылдың мамыр айында "Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың әдістемелік ұсынысын" бекітті және оның 2000 жылдағы екінші редакциясында ресми түрде шығындар мен пайданы мына критерийлер негізінде дисконттауды ұсынды: – таза табыс (ТТ); – дисконтталған таза табыс (ДТТ); – пайданың (табыстың) ішкі нормасы (ПІН); – қосымша қаржыландырудың қажеттілігі; – шығындар мен инвестициялар табыстылығының индекстері; – өтелімділік мерзімі; – жобаға қатысушы кәсіпорынның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің тобы. Техникалық және экономикалық мәселелерді шығындардың әр түрлі уақытта жұмсалатынына, анықтайтын факторлардың серпініне және бағалау мерзіміне байланысты: динамикалық және статикалық түрлерге бөлуге болады. Олар бағалау критерийлері мен уақыт факторын ескеру әдістері арқылы ажыратылады. Мына шарттарға сәйкес келетін экономикалық мәселелерді статикалық есептерге жатқызуға болады: – әр нұсқада бағалайтын мерзім ішінде жылдық және ағымдағы шығындар шамасы тұрақты немесе 5-15 % арасында өзгеруі; – нұсқалардың өнім көлемдері мен сапасын салыстыру түрге келтіру мүмкіндігі; – бағалау мерзімінің аз болуы. Статикалық есептерге кен өндіретін жабдықтарды салыстыру, үйінді құру әдістерін негіздеу, оржолдарды жүргізу нұсқаларын бағалау, т.б. жатады. Динамикалық есептер мына белгілер арқылы сипатталады: – бағалайтын кезең ішінде жұмыстар мен шығындардың жылдық көлемдерінің, тауар өнім бағасының әр жылдағы мәнінің, сондай-ақ пайдалы қазбаның көлемі мен сапасының өзгеру салдарынан кәсіпорын пайдасының бірқалыпты болмауы; – аршу жұмыстарының өндіру жұмыстарына қарағанда озу салдарынан, оларға жұмсалған шығындардың да әр түрлі уақыттылығы; – кәсіпорынды салу кезінде ғана емес, кенорнын пайдалану кезінде де күрделі қаржы жұмсау қажеттілігі; – бағалау кезеңі мен өндіру жұмыстарының тереңдігінің артуына орай, уақыт аралығында негізгі техника-экономикалық көрсеткіштердің өзгеруі. Сонымен, динамикалық (серпінділік) есептерді қарастырғанда, экономикалық критерий болып – пайдалылық, табыстылық, инвестициялардың шамасы мен тиімділігі саналатын болса, ал статикалық есептерде – ең аз шығын, өнімнің өзіндік құны және инвестицияларды қайтару (өтеу) мерзімі экономикалық критерий болуы мүмкін. Инвестициялық жобалардың тиімділігі, есептік кезең ішінде бағаланады, яғни жоба басталған уақыт пен оның тоқталу уақыты аралығын қамтиды. Есептік кезеңдер қадамдарға бөлінеді де, оларға сәйкес нөмірлер (0,1,...) беріледі. Инвестициялық жоба, басқа да қаржы операцияларының қайсысы болса да, осы сияқты табыс алу мен шығындар шығарумен байланысты болғандықтан да, ақша ағындарын туғызады. Жобаның әр қадамында ақша ағынының мәні мына көрсеткіштермен сипатталады: – ақша қаражаттарының түсімі - әр қадамдағы ақша түсімдердің шамасына тең; – ақша қаражаттарының жұмсалуы (жылыстауы) – әр қадамдағы ақша төлемдеріне тең; – сальдо (активті баланс, нәтиже) – түсім мен жылыстау арасындағы айырым. Ақша ағыны әдетте әр түрлі қызметтердің жеке ағындарынан тұрады: – инвестициялық қызметтің ақша ағыны; – операциялық қызметтің ақша ағыны; – қаржы қызметінің ақша ағыны. Инвестициялық қызметтің ақша ағынына мыналар жатады: – жұмсалуға – күрделі кен жұмыстарына жұмсалған шығындар, кеніш қуатын дамытуға жұмсалған күрделі қаржылар, жер және жер қойнауын пайдалануға кететін төлемдер, қосымша қорларға жұмсалған қаражаттар; – түсімге – жабдықтар мен басқа активтерді сатқаннан түсетін түсімдер, басқа да бір жолғы төлемдер. Операциялық қызметтің ақша ағынының түсіміне өнім өткізуден түскен түсім, сондай-ақ басқа өткізуден тыс табыстар, оның ішінде қосымша қорларға жұмсалған қаражаттардан түскен түсімдер жатады; жылыстауға - өндірістік (пайдалану) шығындары, салықтар, төлемдер мен алымдар, несие пайыздары жатады. Қаржы қызметінің ақша ағыны түсіміне меншікті (акционерлік) капитал, несие мен сырттан тартылған қаражаттар жатады; жылыстауға – несие бойынша берешектерді өтеу, дивиденд төлемдері жатады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.008 с.) |