Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Сергіту сәті: Шарға ұқсас заттарды ата. Шарларды суретке айналдыру.Содержание книги
Поиск на нашем сайте Сергіту сәті: Шарға ұқсас заттарды ата. Шарларды суретке айналдыру.
Ойыншықтар, табақтар
Оқулық Сурет бойынша көрсету
Суреттер
Жұмыс дәптері Қорытынды бөлім 10 минут - Жер ғаламшары қандай? - Жер ғаламшары неге ұқсас? Оқушылармен кері байланыс: «Менің сөзім»
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Сабақ. Жаратылыстану Тақырыбы: Глобусты қалай қолданады? Күні: 16.02.2017 жыл Мұғалім : Толемисова А.К. Сыныбы: Қатысқандар: Қатыспағандар: Сабақтың оқу мақсаттары: 1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:.глобусты жердің кішірейтілген үлгісі екендігін біледі Оқушылардың көпшілігі орындай алады:.глобустан Қазақстан республикасын көрсете алады, құрлық және суды түстері бойынша ажыратады Кейбір оқушылар орындай алады: ҚР орналасқан құрлықты біледі, жер шарындағы мұхит санын анықтай алады Бағалау критерийлері 1. Глобус - жердің кішірейтілген моделі екенін білу 2. Глобусты қалай пайдалану керектігін түсіну. Ойлау деңгейлерінің дағдылары Білу, түсіну, қолдану, талдау. Тілдік мақсат Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:саяхат,глобус, модель Globe model - Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Ғарыштың Жерден қандай айырмашылығы бар? 2. Ғарыштан қарағанда Жер неге ұқсайды? 3. Ал бұрын адамдар жерді қандай деп ойлаған? 4. Жер пішіні жағынан алсақ қандай ғаламшар? Алдыңғы оқу: Жер және ғарыш, жер ғаламшарының көрінісі Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Басы Сабаққа дайындық . - Балалар ғарыш сөзін айтқанда көз алдымызға не елестейді? Сол ғарышқа ұшқан , осы мектепте оқыған ағамыз кім еді? Айдын Айымбетов ағамыз секілді ғарышқа ұшамыз. Алдымен бір-бірімізге сәттілік тілейміз. Көзді жұмып, қолды көтеріп ұшамыз (дыбыс қосылады). «Ғарышқа саяхат». Ғарыштан түсірілген бейнежазбаны тамашалау арқылы: Ой қозғау: 1. Біз қайда саяхатқа бардық? 2. Онда не байқадық? 3. Ғарыштан қарағанда Жер неге ұқсайды? 4. Ал бұрын адамдар жерді қандай деп ойлаған? 5. Жер пішіні жағынан алсақ қандай ғаламшар? (Өте үлкен) 6. Сол жерді біз қалай кішірейте аламыз? (оқушылар жауабын толығымен тыңдау) Яғни бүгінгі сабақта жердің кішірейтілген үлгісін білетін боламыз. Сабақтың тақырыбы: Глобусты қалай қолданады? Сабағымыздың оқу мақсаты: 1. Глобус - жердің кішірейтілген моделі екенін білу 2. Глобусты қалай пайдалану керектігін үйрену Ал осы мақсатқа жетудің табыс критерийлері: 1. Жердің кішірейтілген моделі глобус екенін білемін 2. Глобусты қалай пайдалану керектігін үйренемін Осы табыс критерийлеріне мына табыс баспалдағы арқылы жетеміз.
Табыс баспалдағы Ортасы Бұл жердің шар тәріздес екенін алғаш рет дәлелдеген Фернан Магеллан теңіз саяхатшысы. Глобус сөзін үш тілде айту, globe. Ал енді сынып ішіне қарайық, модель боп табылатын заттар бар ма? Ненің модельдерін көріп тұрсыңдар? (Әр түрлі заттардың моделін көрсету) Модель сөзін үш тілде айту. Model. Жеке жұмыс. Зерттеу жұмысы. Кез келген заттың моделін жасау. Оқушылар жасаған модель үлгілерін көрсетіп айтады. 5. Кімнің жұмысы жердің моделіне ұқсайды екен? Жердің кішірейтілген үлгісі глобус жайлы қосымша мәлімет беру. Ең бірінші глобусты неміс географы және саяхатшысы Мартин Бехайм жасаған (1492 ж.). Ол оны “Жер алмасы” деп атаған. Ашық сұрақтар: 1. Глобус түстеріне мән берейік, неге әр түрлі түспен боялған? 2. Көк түсі нені білдіреді? 3. Ал сарғыш, қоңыр, жасыл түстер ше? Жерді басқаша тағы құрлық деп атайды. Топтық жұмыс. Глобуспен танысу. (зерттеу) Бағалау критерийлері: 1. Ынтымақтастық сақтайды 2. Топтар бірін бірі тыңдайды 3. 1 топ құрлықтар мен суды тауып, сәйкес түсті жапсырады 4. 2 топ ерте кездегі глобус пен қазіргі глобустың айырмашылығы мен ұқсастығын анықтайды 5. 3 топ глобус үлгісін қима қағаздан жапсырады 6. 4 топ ҚР тауып белгілейді 7. Глобус пен жердің айырмашылығы мен ұқсастығын анықтайды 1 топ: Глобус моделінен құрлықтарды, суды тауып сәйкес түстерді жапсыру 2 топ: Ерте кездегі глобус пен қазіргі глобустың айырмашылығы мен ұқсастығын анықтау. 3 топ: Глобустың үлгісін қима қағаздан құрастыру. 4 топ: ҚР тауып белгілеу, туын жапсыру. 5 топ: Ғарыштан түсірілген жер үлгісі мен глобус моделін салыстыру. Қосымша мәлімет: Жер бетінде 6 құрлық бар. Солардың бірі Еуразия құрлығы. Ол жерде біздің ҚР орналасқан. - Ал көп бөлігін су алып жатыр. Жер шарындағы үлкен сулар мұхит деп аталады. Олар төртеу. Алма арқылы көрсету. Алманың пішіні неге ұқсайды? Алманы кесіп көрсету арқылы түсінік беру. Ал глобустың ортасынан бөліп тұрған сызығы экватор деп аталады. Кері байланыс: Балалар глобусты қолданып үйрендік пе? Табыс баспалдағының қай сатысына келдік? Екінші сатыға көтеріле алдық па? Сергіту сәті: Сергіту сәті.«Байқоңыр» әуеніне допты лақтыра отырып, сұрақтарға жауап беру. 1. Жердің кішірейтілген үлгісі не? 2. Ғарышта нелерді байқауға болады? 3. Бұрын адамдар жерді қандай деп 4. Глобуста құрлық қандай түспен берілген? Ал енді табыс кілтімен үшінші сатыға жете аламыз ба соны байқайық ҚБ тапсырмасы. 1. Жердің жасанды моделін тауып белгіле:
2. Глобустағы сары түс нені білдіреді? су
құрлық
ғарыш Дескрипторлар: 1. Глобустың жер ғаламшарының моделі екендігін біледі 2. Глобустағы құрлықтың түсін ажыратады Қорытынды жасау: Бірінші тапсырма бойынша кім глобусты белгіледі? Кім допты белгіледі? Балалардың жауаптары бойынша ойларын тыңдау. Табыс баспалдағының үшінші сатысына көтеріле алдық па? Кім екінші сатыда қалып қалды? Қай сұрақты дұрыс белгілемедің? Неліктен?
Глобус
Ермексаз, ақ парақ
Жапсырма фигуралар
ҚБ тапсырмасы
Соңы 1. Бүгін сабақта не үйрендім? сұрағына жауапты «Менің сөзім» әдісі арқылы береді 2. - Табыс баспалдағы бойынша қай сатыда тұрғанын анықтау үшін сабақ мақсатына қайта оралып, оқушылардың не үйренгендері туралы кері байланысын тыңдау.
Саралау – сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындағаннан кейін қосымша тапсырма орындайды. Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс Бағалау – оқушылардың сабақ барысында үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? «Қол белгісі», «Менің сөзім» тәсілдері арқылы
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті? Қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Тапсырмалар сәйкес болды ма? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? Сабақ барысында орындалған тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне сай. Сабақ мақсатына жету үшін жеке, топтық жұмыс түрлері жүргізілді. Оқушылар глобусты қалай қолдану керектігін үйренді және глобустың шығуына байланысты қосымша мәліметтер алды. Табыс баспалдағына жетудегі оқушылардың өз ойын білдіруі ұтымды болды. 4 оқушы өзінің табыс баспалдағының екінші сатысында тұрғанын анықтады. Оларға ұсыныс берілді.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 91; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.009 с.) |