сурет. ПДН-44-1200 маркалы плунжерлі-диафрагмалы сорап
мұндағы, Ндин – қабат сұйығының төменгі деңгейінен ұңғының сағасына дейінгі динамикалық максималды көтеру биіктігі, МПа. Р1 – қабат сұйығының сағалық деңгейдегі қысымы, МПа.
Көрсетілген формулаларға сәйкес сораптарды тұтынушы оларды жасаушы кәсіпорынға сорапты пайдалану кезіндегі жұмыстық қысымы Ндин+Р1 (МПа) туралы ақпар беруі қажет.
Егер тұтынушыдан мәлім етілген ақпарат келіп түспесе, онда жасаушы-кәсіпорны клапандарды қирату қысымы Рқир=Р+2-4 (МПа)-ға тең ағызу мембраналарымен қамтамасыз етуге құқы бар;
мұндағы, Р – сораптың максималды қысымы, МПа.
Диафрагмалы сораптар плунжердің төменгі орнын белгілейтін фиксаторлармен (13) жабдықталады (оны ұңғыға түсіру үшін). Сорапты ұңғыға тек қана штокты батырып және фиксатормен бекіткеннен кейін түсіруге болады. Фиксатордың қимасының кесу күші 30 000 Н. Сораптар өндіріс орнына ыдысшалары толтырылып, жиналған күйінде жеткізіледі. Ыдысшаларға құйылған май регламенттеуден өтеді, диафрагманың қысыммен қабырғаға жабыспауын қамтамасыз етеді және ол өз кезегінде диафрагма ыдысшаның тесігіне қысылып, жыртылып кетуден сақтайды. Диафрагмалы сораптардың жекеленген жетектері болмайды. Жетек көзі ретінде кез келген типті тербелмелі станок қолданылады және ол штоктың жұмыстық жүрісінің ұзындығы мен екіжақты жүрістерді толық қамтамасыз етеді.
1.14-суретте диафрагмалы сораптың гидравликалық жүйесінің үлкейтілген сұлбасы көрсетілген. Гидравликалық жүйеде бірінің үстіне бірі орналасқан үш ыдысша бар (1, 2 және 6). Олар бір біріне планкалардың (16) көмегімен параллель қосылған және өнімділіктері де үш еселенеді. Ал 3- суретте сораптың гидрожетегінің сұлбасы берілген. Мұнда штоктың (4) цилиндрдегі (3) жоғары-төмен қозғалысы арқылы диафрагмалы сораптың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
|