Штангасыз сорап ҚондырҒылары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Штангасыз сорап ҚондырҒылары

Поиск

1 ШТАНГАСЫЗ СОРАП ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ

1.1 Ұңғыны штангасыз сораптармен пайдалануға

арналған жабдықтар

 

Кенорнын игеру барысында өндірілетін сұйықты үнемі алу нәтижесінде қабат қысымы азайып, өндірілген сұйықтың сулану дәрежесі көбейеді және алынатын қоспада газдың салыстырмалы мөлшері кемиді де, ұңғыдан алынатын сұйықтың деңгейі төмендейді. Соның нәтижесінде фонтандық әдісті қолдану жүзеге аспайды, ал компрессорлы әдіспен өндіруді жалғастыру экономикалық тұрғыдан тиімді болып табылмайды, соған байланысты мұнайды сорапты әдіспен өндіруге көшеді.

Мұнайды сораптардың көмегімен өндіру кезінде олардың негізгі екі түрін атауға болады: бірінші – штангасыз сораптар және екіншісі – соңғы кездері көп таралған – штангалы сораптар. Штангасыз сораптарда ұңғылық сорап және оның жетектеушісі бір-бірімен тікелей байланысады. Сораптың жетектеушісіне энергия кабельмен (электрлі жетектеуші болған кезде) немесе  сығылған сұйық түрінде құбырмен (гидро- немесе пневмо-жетектеуші болған кезде) жеткізіледі. 

Жетектеуші мен штангасыз сораптың арасында ұзын механикалық қатынас болмағандықтан, штангасыз сораптардың қуаты штангалы сораптарға қарағанда едәуір үлкен болады. Бұл кейбір штангасыз сораптардың түрлерімен сұйықты үлкен мөлшерде алуға мүмкіншілік береді. Мұндай сораптарға ең біріншіден, электрлі жетектеушісі бар батырмалы ортадан тепкіш сораптар жатады.

1.1- суретте кең таралған белгілі штангасыз сорап қондырғыларының қысқаша классификациясы берілген. Мұндай қондырғылардың негізгі энергия көзі болып электр энергиясы немесе жетектерге белгілі қысыммен берілетін сұйықтың немесе газдың энергиясын атауға болады. Көпшілікке белгісіз магнитті-фугальді қозғалтқыш жөнінде қысқаша мағлұмат бере кетейік. Бұл ілгерілмелі-кейінді магниттік өріс жасайтын электрқозғағышы және оның көмегімен поршеньді немесе сұйық металл массасын (мысалы, сынапты) қозғалысқа келтіруге арналған.

Қалақты, көлемді және инжектерлі сорап үлгілерінің, конструкцияларының әртүрлі болып келуі ұңғылық агрегаттардың штангасыз сораптарының түрлерінің көп болатынын көрсетеді. Тек қана золотниктің көмегімен реттеуішті көлемді поршеньді жетектеушісі бар поршеньді сораптардың 1000-нан аса үлгілері бар.

Қазіргі кезде қолданыста немесе өндірістік сынауда 10-ға таман әртүрлі сорап түрлері қолданады. Олардың негізгілері – электрлі жетектеуші ортадан тепкіш, бұрандалы, поршеньді (диафрагмалық) және гидропоршеньді, ағынды гидрожетектеулі сорап түрлерін атауға болады.

Штангасыз сорап қондырғыларында сорап және жетектеушіден басқа басқаруға, энергия тасымалдауға арналған т.б. жабдықтар бар.

Штангасыз сораптық қондырғылар сорап пен жетектеуші құрылғыдан басқа басқару жабдықтары мен энергияны тасымалдау қондырғылармен жабдықталады. Олардың электр қозғалтқышы бар сораптар үшін белгіленген түрі болса, ал сұйық немесе газ энергиясын қолданып жұмыс істейтін сораптар үшін басқа түрлері болады.

Штангасыз ортадан тепкіш сораптар мен гидропоршеньді сораптардың өндірістік үлгілері    арнайы конструкторлы бюроларда жобаланды. Бұл ұйымдар барлық штангасыз сораптардың (бұрандалы, диафрагмалы, т.б.) түрлерін жасауға қатысты.

ЭОС (ЭЦН) қондырғы торабтарының (узел) құрамы және орналасуы 1.2-суретте көрсетілген.

 

 

 

1-электр қозғалтқыш; 2-гидрооқшаулау; 3-сорап; 4-кабельді желі; 5-трансформатор; 6- түсіру клапаны; 7- белбеу; 8-сорапты-компрессорлы құбыр; 9-ұңғы сағасының жабдығы; 10-кабельді қосу пункті; 11-кері клапан; 12-газосепаратор; L және D1–сорапты агрегаттың ұзындығы және диаметральды габариті; D2-СКҚ резьбасының диаметрі



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 70; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.007 с.)