Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Мұнай өндірісіндегі сораптарының ортадан тепкіш газ сепараторларыСодержание книги
Поиск на нашем сайте ЭОТСҚ қолданылатын ұңғыларда газбен күресудің келесі әдістері белгіленген: - сорапты белгілі зонаға түсіру, бұл зонада қабылдаудағы қысым сораптың оптимальды берілісін және оның тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді; - сепаратордың әртүрлі конструкцияларын қолдану; - сораптың қабылдау жағында бытыратушы (диспергиялайтын) құрылғының орнатылуы; - құбыр сыртындағы кеңістіктен газдың түсірулуін мәжбүрлеу; - “конусты” және “сатылы” комбинциялынған сораптарды қолдану. Сораптың қабылдауында мұнайдың қанығу қысымын немесе оған жақын қысымды орнату. Бұл әдіс технологиялық және ұйымдастырулық жағынан оңай болғандықтан, кеңінен таралған, бірақ жоғарыда айтылған әдісті қолдану үшін сорапты үлкен тереңдікке түсіру керек, ал бұл тиімсіз болады. Мұның себебі - СКҚ-ға, кабельге, электр энергиясына және СПО-ға қосымша қаражат керек және де бұл технологиялық жағынан көп жағдайда мүмкін емес. Сепараторларды қолдану. Бұл әдіс сораптың қабылдауында газ бен сұйықты бөліп, газды құбыр сыртындағы кеңістікке шығара алатын арнайы құрылғыларды қондыру қажет етеді. Диспергаторларды қолдану. Диспергаторлардың қолдануын беру сұйығында газдың шектік көлемінің мәнін 0,1-ден 0,25-ке дейін көбейтуге мүмкіндік береді, бұл ортаның жұқадисперсты құрылымының пайда болуы арқылы жүзеге асады. Диспергаторлар тұтқырлы эмульсияның құрылымын жақсы бұзатындықтан оларды суланған ұңғыларда пайдалануға өте тиімді. Диспергатор ағында күшті турбулизатор болып табылады және газ-сұйықты қоспаның құрылымын тегістейді. Диспергатор сораптың бірнеше сатысының орнына оның сыртында немесе ішінде қондырылуы мүмкін. Құбыр сыртындағы кеңістіктен газдың мәжбүрлеп түсірілуі. Ұңғыны қолдану кезінде сораптың қабылдау зонасындағы газдың бір бөлігі сұйықтан құбыр сыртындағы кеңістікке бөлініп шығады. Онда ол оның ішінде жиналып, газ сұйықты сораптың қабылдауына дейін ығыстырып, сорапқа түседі де оның берілісін азайтып немесе құрғақ үйкеліс режиміндегі төтенше жағдайға әкелуі мүмкін. Одан басқа газ қабатқа қарама-қарсы бағытта болып сұйықтың ағынын азайту мүмкін. Аралас (комбинированный) сораптарды қолдану. Егер сериялы сораптың қабылдауында кейбір сатыларды үлкен өнімділікті сатымен алмастырса газдың “нашар” әсері азаяды. Каналдың үлкен аумағына ие болған бұл сатылар қабылдауға газ-сұйық қоспасының үлкен мөлшерде енуін қамтамасыз етеді. Сериялы сораптарға түскенде сығылу және газдың сұйықта еруінің арқасында қоспаның көлемі азаяды, бұл арқылы оптималды өнімділік іске асада.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 72; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.) |