Мұнай кәсіпшілігінің ортадан тепкіш сораптарын есептеу және құрастыру 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мұнай кәсіпшілігінің ортадан тепкіш сораптарын есептеу және құрастыру

Поиск

                          

Қалақшалы сораптардың ішінде мұнай кәсіпшілігінде ең көп қолданылатыны ортадан тепкіш сораптар болып табылады.

Сорапты жобалағанда оның беріліс мөлшерін, арынын, өзгеретін сұйықтың сипаттамасын, атқаратын функцияларын, сонымен қатар қосымша талаптар, мысалы габаритінің шектелуі, массасы, климаттық факторларға байланысты қолданылуы мен орналасуын көрсетеді.

Сораптың атқарылатын функциялары оның конструкциясының кейбір ерекшеліктерімен, жекеленген материалдарымен, құбырларға жалғау жүйесімен және беріліс мөлшерімен анықталады.

Ортадан тепкіш сораптардың конструктивтiк өңдеуiнiң жұмыстық ретi мынадай:

1. Жұмыстық дөңгелектің (немесе бағдарлаушы аппарат) кедергі мөлшері, ағын каналдарының есептелуi және олардың график түрiндегі суреттелуi.

2. Жұмыстық дөңгелек және бағыттаушы аппарат қалақшасының профилінің құрастырылуы. Жасап шығару, сынау және сорап сатысының эксперименталдi түрде аяқталуы.

3. Негiзiнен жетектеуші қуатты есептеу, геометриялық өлшемдер (бiлiк, корпус, радиалды мойынтiректер, бiлiктi тiректер және т.б.) және сораптың элементтерiнiң берiктiгiнiң график түрiнде суреттелуi.

4. Бөлімдегі жалпы қабылданған белгілеулер:  — дөңгелектің бұрыштық жылдамдығы; с — абсолютті,  — айналмалы және  — сұйықтың дөңгелектегі салыстырмалы сызықтық жылдамдықтары; жылдамдықтағы индекстер олардың орналасуын анықтайды: 0 — қалақшаға кіре беріске дейін; 1 — дөңгелекке кірердегі қалақшалар арасындағы; 2— 1-шідегідей, бірақ дөңгелектен шығар кездегі жылдамдық; 2 — қалақшалардан шыққан соңғы жылдамдықтар.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 80; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.007 с.)