КернеудіҢ тиристорлыҚ тҮрлендіргіштерініҢ реверстік схемалары. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

КернеудіҢ тиристорлыҚ тҮрлендіргіштерініҢ реверстік схемалары.

Поиск

31. КЕРНЕУДІҢ ТИРИСТОРЛЫҚ ТҮРЛЕНДІРГІШТЕРІНІҢ РЕВЕРСТІК СХЕМАЛАРЫ.

Тұрақты ток электр жетегін реттеуші ретінде қазіргі кезде негізінен статикалық жартылайөткізгіштер, негізінен тиристорлық түрлендіргіштер қолданылады. Олар өздерімен бірге бірфазалы немесе үшфазалы схемада жиналған басқарылатын ререверстік немесе реверстік еместүзеткіштерді ұсынады. Тиристорлық түрлендіргіштің жұмыс істеу принципі мынаған негізделген: тиристор қоректендіруші кернеудің оң жарты периодына, кілт секілді, ашылады да қозғалтқышқа кернеуді бұл жарты периодтың белгілі бөлігінен ғана береді. Бұл кезде жүктемеде түзетілген орташа кернеу мәні UСР басқару бұрышы деп аталатын, вентильдің ашылу α бұрышы (углом задержки отпирания вентиля α) бойынша анықталады. Реверстік емес тиристорлық түрлендіргіш схемалары электр қабылдаушы қозғалтқыш режимінде және қарсы қосумен тежеу режимінде жұмыс жасауы қажет болғанда қолданылады. Егер барлық 4 квадрантта жататын сипаттама алу және қозғалткышты реверстеу қажеттігі туындаса, реверстік түзеткіштер қолданылады (олар ревестік емес түзеткіштердің 2 жұбынан (комплект) тұрады.)   

           

32. ПОЛЮСТЕР САНЫН АУЫСТЫРЫП ҚОСУ АРҚЫЛЫ АСИНХРОНДЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ АЙНАЛУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН РЕТТЕУ.

Айнымалы ток электр қозғалтқышы роторының айналу жиілігін былай анықтауға болады: , (9.1) мұнда f - қоректендіруші кернеу жиілігі, pп – полюстер жұбының саны, s – ығысу. (9.1) ге кіретін параметрлердің бірін н\е бірнешеуін өзгерту арқылы АҚ тың айналу жиілігін және моментін реттеуге болады. Осыған сәйкес, бұрыштық жиілікті берілген жиілікте және аздаған ығысуда, полюс жұптар санын өзгерту арқылы реттеуге болады. Реттеу толық полюстер жұбы санының сатылық салдары. Реттеудің бұл әдісі қысқатұйықталған роторлы қозғалтқышта қолданылады. Яғни ауыстыру (переключение) статор орамасында болады, ал ротор орамасы автоматты түрде бейімделеді. Егер фазалық роторлы Қ пен қолдансақ, статордағы полюстер жұбы санын қайта қосумен (переключение), бірге ротордағы полюстерді де ауыстыруға туракеледі, ал бұл құрылысын күрделендіріп жібереді. Сондықтан қысқа т. роторлы Қ. Жиі қолданылады.      

Полюстер жұптарын кайта қосудың (переключение) сан алуан схемалары бар. Орамада кернеуді өзгерту керек болса, ормамаларды үшбұрыш, қос үшбұрыш, жұлдызша-үшбұрыш және т.б. жалғау қолданылады. Реттеудің бұл түрі кең қолданымды станок құрылысында, жүк көтергіш техникада (лифт), желдеткіштерде, сорғыларда және т.б. тегіс реттеу қажет емес салаларда қолданылады. Бұл әдіс біраз үнемді және де өте жақсы қатаңдығы бар механикалық сипаттамаларға ие болып келеді.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 66; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)