Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Бөлім. Тарау бойынша жалпы қорытындыСодержание книги
Поиск на нашем сайте Шейх Раби’ ибн Хади ибн ‘Умайр былай деген: «Қабірлерді зиярат ету заңдастырылған. Алғашында Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшылыққа апарар есікті жабу үшін, оларды зиярат етуге тыйым салатын, өйткені бұрынғы өткен халықтар пайғамбарлар мен салиқалы адамдардың қабірлерін зиярат ету мәселесін түсінбегендіктерінен тура жолдан тайған болатын. Олар осы қабірлерді пұттарға айналдыруы арқылы Шайтан оларды сан алуан рет көпқұдайшылыққа қайта келтіретін. Мұның үстіне, жер бетіндегі алғашқы көпқұдайшылық Нух пайғамбардың қауымында, дәл солар Аллаһтың серіктеріне айналдырған салиқалы адамдарының қабірлері себепті орын алды. Осы себепті Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бастапқыда қабірлерді зиярат етуге тыйым салды. Ал бірқұдайшылық идеологиясы сахабалардың жүректерінде мығым орнаған соң және (Шайтанның) көпқұдайшылыққа (түсіру мақсатындағы бұл айлалары) оларға енді қауіп төндірмейтіндіктен, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға қабірлерді зиярат етуге рұқсат етті, әрі осы зиярат етудің мақсатын бұл оларға келесі өмірді еске салсын әрі қайтыс болғандарға пайда келтірсін деп түсіндіріп берді. Сондықтан да, егер мақсаттардың біріншісіне, яғни өлімді еске салуға, адамның тұрғылықты елді-мекенінде үйіне жақын жердегі қабірлерді зиярат етумен қол жеткізілсе, онда адамдарға басқа елді-мекендерге алыс қабірлерді зиярат ету үшін баруға рұқсат етудің қажеті жоқ. Сондықтан да Аллаһ Тағала Өзінің Даналығымен қабірлерді зиярат етуге деген рұқсатты жақын жердегі зираттарды зиярат етумен бірге бүлік пен көпқұдайшылыққа бөгет болатын көптеген шектеулермен шектеді. Осы шектеулерге зираттарды зиярат еткен кезде Аллаһтың ашу-ызасын келтіретін еш нәрсе айтуға рұқсат етілмейтіндігі жатады. Сондай-ақ қабір орындарын ғибадат орындарына айналдыруға жол берілмейді. Қабірлердің басына ғимараттар және құрылыстар құруға рұқсат етілмейді. Қабірлерді гипспен сылауға болмайды. Сондай-ақ қабірге қарай немесе оның үстінде намаз орындауға тыйым салынады, т.с.с. [18] Сондықтан да Заң Шығарушы осы рұқсатты өлімді еске салу мақсатына қол жеткізу үшін жеткілікті болған деңгеймен шектеді, әрі сөзбен де, амалмен де алыс зираттарға сапар жасауды ешқандай тәсілмен заңдастырмады.[19] Сен осыған мына нәрселерден көз жеткізуіңе болады: мұның рұқсат етілгендігі немесе кұпталатындығы туралы бірде-бір аят, бірде-бір сенімді хадис жоқ. Ал егер бұл заңдастырылған болғанда, онда осы аяттар мен хадистер біздің алдымызда тұрар еді. Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарлар мен ізгілердің қабірлеріне сапар жасап барып, бізге осыда өнеге көрсетер еді. Хадис пен хабар жинақтары сахабалардан және олардың ізбасарларынан жеткен осы туралы хабарларға толы болар еді. Өйткені біз хадистер жинақтарының және түрлі мәзһабтардың фиқһ кітаптары қайтыс болған адамдардың, аурулардың, өлім аузында жатқандардың құқықтары туралы түсіндірмелерге толы екендігін көрудеміз ғой. Кітаптар оларды қалай жуу керектігі, оларға қалай иіс су себу керектігі, өлген адамның мәйітін қалайша жаназаға әзірлеу керектігі, оны қалай жерлеу керектігі, оны қалай зиярат жасау керектігі, ол үшін Аллаһтан қалай кешірім сұрау керектігі, қабірлердің үстіне отыруға болмайтындығы туралы т.с.с. үкімдерге толы. Басқа жағынан, тірілердің идеологиясын қорғау үшін, қабірлердің үстіне ғимараттар құруға, оларды гипспен қаптауға т.с.с. тыйым салынады. Осының барлығы ислам кітаптарында толы, бірақ, сонымен бірге, біз оларда қабірлерді зиярат ету үшін сапар жасауға қатысты Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қандай да бір сахих немесе хасан хадистерінің, немесе сахабалар мен олардың ізбасарларының сөздерінің, немесе осы үметтің ұлы имамдарының сөздерінің мүлдем жоқ екендігін байқаймыз. Имам Мәликті мысалға ал. Оның «Муатта» кітабында сен қабірлерге сапарға шығуға нұсқайтын бір сөз де таппайсың. Осы орайда бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне де, басқа қабірлерге де қатысты. Сондай-ақ өздерінің бойына имам Мәликтің бүкіл білімін қамтыған оның шәкірттерінің кітаптарын қара. Біз оларда мұсылмандарды қабірлерді зиярат ету үшін сапар ұйымдастыруға ынталандыратын бірде-бір тарауды да, бірде-бір бөлімді де, бірде-бір хадисті де таппаймыз. Ал мынау – имам әш-Шафи’и және оның «әл-Умм» деген ұлы кітабы, сондай-ақ оның басқа да кітаптары. Оның барлық кітаптарында сен тағы да осы туралы тарау да, бөлім де, хадис те таба алмайсың. Ал мынау – имам Ахмад және оның хадистерге толы зәулім «Муснады», сондай-ақ оның шәкірттерінің кітаптары. Сен олардың ішінде тіпті бұл мәселенің аталуын таппайсың. Ал мынау – әл-Бухари мен Муслимнің «Сахихтары» және басқа да хадис жинақтары. Олардың барлығы түгелімен осы мәселені азғантай болса да атаудан таза. Ал мынау – имам Абу Ханифа мен оның шәкірттері – Абу Йусуф пен Мухаммад әш-Шәйбанидің кітаптары. Біз оларды басынан аяғына дейін қарап шықтық әрі қабірлерді немесе кесенелерді зиярат ету үшін жол жүру туралы мәселесі туралы бір сөз де таппадық. Барлық сахабалардың, олардың ізбасарларының, сондай-ақ осы үмметтің фақиһ және мухаддис имамдарының осы туралы бірде-бір сөз айтпағанының сыры неде екен?! Әрбір ақыл-есі дұрыс адам өзіне өзі: «Сонда олардың барлығы Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көрмеген бе?» - деп сұрақ қоюға тиіс. Немесе осындай хадистер болған, бірақ барлық имамдар оңбағандық жасап, осы хадистерді жасырып оларды көміп тастады ма? Бірде-бір Сүннеттің жақтаушысы осы үмметтің имамдары туралы осындай жаман ойға баруға ешқашан батылы бармайды. Бірақ мәселе мынада: осының барлығы – қабірлерге табынушылардың осалдығы және жындар мен адамдардан болған шайтандардың азғыруы ғана, сондай-ақ ақиқатты өтіріктен ажырата алмайтын және нысапсыздық пен немқұрайлылықтың арасындағы соқыр түрде сүю екендігінде.[20] Сондықтан да осы сапарлар мен жиындардың жақтаушыларында мағынасы Құранмен де, Сүннетпен де, сахабаның сөзімен де, үмметтің имамының сөзімен де мақұлданбайтын өтірік және ойдан тоқылған хадистерден болған көбік пен топырақтан басқа дәлелге келтірер еш нәрсе жоқ. Ал олардың өз істеріне соқыр түрде берілгендігі соншалықты – өздерімен бірге олардың жиындарына қатыспайтындарды және оларға қарсы шығатындарды олар күпірлікте айыптайды. Осы барлық сұрақтарға жауап ап-айқын: Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы қабірлерге табынушылар істеп жатқан істердің ешбірін істемейтін және ешбір жерде осыған үндемейтін. Мұның үстіне, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), біз атап өткен шектеулер мен тыйымдарды түгел керісінше орындайтын. Аллаһ осы үмметті шынайы Исламға оралуға және оның Пайғамбары мен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салиқалы сәлафтарына ілесуге бағыттасын!» Қз.: «Қа’ида жәлилә» 189-191-бет, № 3 сілтеме. Қолданылған дерек көз: www.abuhanifa.kz
[1]Қз.: «Бадаи’ ус-Санаи’» 1/320; «әд-Дур әл-Мухтар» 2/242. [2]Қз.: «Фатх уль-Қадир» 2/150; «әл-Бахр әр-Раиқ» 2/210. [3] Бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) анасы көпқұдайшылық сенімінде қайтыс болғандығы себепті. [4]Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болған адамнан кешірім сұрауды емес, қайтыс болған адам үшін Аллаһтан кешірім сұрауды рұқсат еткеніне назар бұрыңыздар. Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), молаға (әруаққа) табынушылардың кейбірі істейтіндей, қайтыс болған адамнан Аллаһтың алдында дәнекер (шапағатшы) болуын сұрауды заңдастырмады. Ал олар осынысында кімнен өнеге алуда?! [5] Мәдинадағы Пайғамбар Мешіті. [6] Иерусалимдегі әл-Ақса мешіті. [7]«Фатхул-Мәжидте» бұл хадис Басра ибн Аби Басра әл-Ғифаридің сөздерінен келтіріледі, ал бұл қателік болып табылады, бұл туралы имам Ибн Абдул-Барр «әт-Тамхидте» 23/38 және «әл-Исти’абта» 2/39 айтқанындай. [8] Аллаһ Тағала Мусамен сөйлескен қасиетті тау. [9] Бағдадта. [10] Пәлсапашы-парсылардың ізбасарлары. Олардың ең көп бөлігі рафидилердің арасында болатын (Қз.: «әл-Бидая уән-Нихая» 11/66). [11]Қз.: «Хужжату Ллаһи әл-Балиға» 1/543. [12]Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) азаншысы. [13] Имамның бұл сөздерін «әл-Қира» кітабында 629-бетте табуға болады, оның авторы – имам Мухиббуддин әт-Табари.
[14] Қабірлерге табынушылардың (қубурия) орташылдары және шектен шыққан, соқыр сенімділері (фанатиктері) болады. Ханафи мәзһабының бұл имамы олардың ішіндегі қабірлерге қажылық жасаушыларын молаларға табынушылардың фанатиктеріне, яғни шектен шыққандарына жатқызғанына назар аударыңыздар. [15] Қабірлерге табынушы сопылардың көшбасшыларының бірі. [16] Мұның себебін шекке шыққан сопылардың жетекшілерінің бірі Нуруддин әс-Сами ән-Нақшбанди (898 х/ж) былай деп ашып берді: «Өзінің ішінде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) денесін сақтап тұрған жердің бұл киелі телімі Қағбадан, Аллаһтың Ғаршынан және Оның Күрсісінен қадірлірек, бұл туралы біздің фақиһтарымыз (ғалымдарымыз) айтатындарындай-ақ». Қз.: «әл-Муханнид ‘аләл-Муфаннид» 34-36 беттер. [17] Бұл кітаптың авторы рафидилердің (шекке шыққан шиғалар) жетекшілерінің бірі Ибн ән-Ну’ман әл-Муфид (413 х/ж) болып табылады. [18] Осы шектеулердің барлығының түсіндірмесі осы кітаптың жеке тарауларында әлі келеді. [19] Өзі де осыны істемеді, өзгелерді осыған ынталандырмады деген меңзелуде. [20] Шейх осы факторлардың барлығы сопылар мен рафидилерді Аллаһтың дініне онда тіпті аталмаған нәрселерді енгізуге дейін итермеледі дегенді меңзеп тұр, мұның үстіне олардың әрбір жеке іс-әрекетіне көптеген тыйымдар бар.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 66; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.) |