Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Бөлім. Қабірлерді аралайтындардың мәселелерінің шешілуі қабірлерді аралауға рұқсат етіледі дегенді білдірмейдіСодержание книги
Поиск на нашем сайте 10-Бөлім. Ханафи мәзһабының имамдары Түркістанға, Бекет Ата мазарына және басқа да қабірлерге «қажылық» жасауға қарсы. Соңғы жылдары Орта Азияда өмір сүріп жатқан қарапайым адамдардың санасына Түркістанға қажылық жасау идеясы сіңдіріліп жатқаны сыр емес. Бұл идея әртүрлі үлгіде ұсынылады. Кейде ол «кіші қажылық» деген ұранмен таратылады, ал кейде «Жол аштырып, берекет тілеп қайту» деген қарапайым ұғымдар қолданылады. Жыл сайын жылы маусымның кірісімен-ақ адамзат үшін қатерлі болған осы адасушылықты пайда көзіне айналдырып алғандардың іс-әрекеті белсендей түседі. Олар Аллаһтың дінінен бейхабар адамдарды өздері «қасиетті орындар» деп атап қойған жерлерге зиярат жасауға тартып, осыны «кіші қажылық», Түркістанды «екінші Мекке», ал діни сауаты жоқ адамдар оны береке тілеп, айналып тәуап жасайтын Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін «Аллаһқа жақындататын орын» деп айтады. Оның үстіне сапардың өзі Ислам дінінде негізі жоқ рәсімдік іс-шаралардың ұйымдасқан кешеніне айналдырылған. Мысалы, жалған қажылықтың қатысушылары Түркістанға барудан бұрын Ахмет Яссауидің ұстазы болып саналатын Арыстан Бабтың жерленген кесенесіне барып түнеп, соның моласының үстіне соғылған мазардағы ғибадатханада намаз оқып, қабірінің алдында тілек тілеп, қабірдің есігіне ақ мата байлап, мүмкіндігі жеткендер құрбан шалып, ал содан соң ертеңіне таңертен Түркістандағы Қожа Ахметке жол алуы қажет. Ал Қожа Ахмет кесенесіне келгеннен соң, тайқазанға тиын тастап, кесененің өзін тілек тілеп айналып, кейін Қожа Ахметтің жерасты үңгірін көріп, мешітінде намаз оқып, ізінен осы жерде орналасқан басқа да қабірлерді зиярат етіп, соңынан кетудің алдында осы жерде көптеп сататын көзмоншақ, құс-жанауарлардың тіс-тырнақтары, адыраспан сияқты тұмарларды алып жақындарына тәбәрік ретінде алып кетеді. Елдің батыс аймақтарында өмір сүретін қазақстандықтар үшін осындай орын Бекет Ата мазары болып табылады екен. Осы себепті де ханафи мәзһабының атақты имамдарының қабірлерге жасалатын қажылықтарға қалай қарайтынын білдіретін сөздерін келтіру қажет болды. Бірақ жоғарыда айтылғандарды біреулер бос сөздер деп санамауы үшін, адамдардың арасында осы идеяның таралуының мәнін түсінуге мүмкіндік беретін үзінділерді келтірген жөн болар. Бұл үзінділердің барлығын және тағы да басқаларды еш қиналмастан, ғаламтордың түрлі сайттарынан табуға болады. 1. «1500 жыл ішінде Түркістан атақты шейх-көріпкел ақын Хазрет-сұлтан аталған Қожа Ахмет Яссауидің арқасында әлемге әйгілі болған. Ол кезде қала атауы Яссы болатын. XIV ғасыр аяғында Түркістан Ұлы Әмір Темір арқасында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынған соң, атақты болды. Мұсылман әлемінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі екінші Мекке болып саналады». 2. «Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады». 3. «Мұсылмандар Түркістан қаласын екінші Мекке деп, ал сол қасетті жерлерге баруды Кіші қажылық деп санайды». 4. «Мұсылмандар ішінде Қожа Ахмет Яссауи Мұхаммед пайғамбардан соң екінші болып саналады. (Түркістан) Арыстан Баб кесенесі – Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы жерленген орын. Аңыз бойынша, о дүниеге кетер алдында Мұхаммед пайғамбар Арыстан Бабқа аманат тасбиғын берді, ал ол 11 жастағы бала Қожа Ахмет Яссауиге ұсынды» 5. «Қожа Ахмет Яссауиге тәу етушілер алдымен Арыстан Бабтың басына барып түнейді». Енді ханафи мәзһабы ғалымдарының қабірлерге «қажылық» жасауға қалай қарайтындары туралы айтқан сөздерін келтіру қажет. 1. Имам Уалиуллаһ әд-Дахләуи (1176 һ/ж) былай деген: «Көпқұдайшылықтың тағы бір көрінісі Аллаһқа емес, белгілі «қасиетті» орындарға қажылық жасау болып табылады». Қз.: «Хужжату Ллаһи әл-Балиға» 1/188. 2. Имам Шукри әл-Алюси (1343 һ/ж) былай деген: «Молаларға табынушылардың[14] кейбір шекке шыққан фанатиктері қабірлерге қажылық жасайды. Ал олардың кейбіреулері Меккеге де қажылыққа аттанады, алайда іс жүзінде Қажылық оларды мүлде қызықтырмайды, өйткені олардың мақсаты Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне бару болып табылады. Сонымен бірге олардың көбі тіпті Қағбаға да бармайды. Ән-Набхани[15] және сол сияқтылар бұл әрекеттерді Қағбаға Қажылық жасаушының істерінен де жақсы деп санайды[16]. Жағдай тіпті молаларға табынушылардың кейбір көшбасшылары былай деп айтуларына дейін жетті: «Бұл дүниеде қажылық жасалатын үш үй бар: Қағба, Құддыс (Иерусалим) және Үндістандағы пұт». Ал молаларға табынушылардың кейбіреулері өз шейхтарының (пірлерінің) қабірлерінің алдында Қажылық кезінде Арафат тауында тұрғандай тұрады. Бұл бүгінгі күні батыста да, шығыста да орын алуда». Қз.: «Ғаят ул-Амани» 2/347-348. 3. Имам әл-Баркауи (981 һ/ж) былай деп айтты және оның осы сөздерімен имам Ахмад әр-Руми де (1043 һ/ж)келісті: «Ал өздері де адасқан және өзгелерді адастыратын осы адамдар қабірлерге Қажылық ұйымдастыруға дейін және сол орындарда Қажылықта орындалатындарға ұқсас құлшылықтың ерекше рәсімдерін жасауға дейін барды. Олардың соқыр сенімді жетекшілерінің бірі тіпті бұл туралы кітап жазып, оны «Мәнасиқ ул-хадж әл-машахид» («Мазарлардың алдындағы қажылықтың рәсімдері»)»[17] деп атады. Осынысымен ол мазарлар мен кесенелерді Қорықты Үймен (Қағбамен) теңестіргісі келді. Және бұл - Ислам дінінен айқын шығу мен пұтқа табынушылардың дініне кіру екені ешкімге сыр емес. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірлердің алдында істеуге тыйым салған іс-әрекеттер мен мыналардың ұйымдастырғандары әрі мақсат етіп ұмтылғандарынының айырмашылықтары қаншалықты екеніне қараңыздар. Және онда сипаттауға келмейтін мөлшердегі оңбағандық пен күнә бар екендігіне күмән жоқ!» Қз.: «Зиярат ул-қубур» 20-бет. Өкінішке орай, Түркістанға қажылық немесе оның кейбір рәсімдерін жасау белсенді түрде дамып жатыр. Ал жылдар өте, соның себебінен адамдар мұны құдайсыздық және Құдайға тіл тигізу деп есептемей, тіпті осы адасушылықтарды Исламның бір бөлігі деп санауда. Ал басқа араб елдеріне келер болсақ, мысалы, Мысырда Бәдәуидің туған күніне оның қабірінің басына жыл сайын жиналатын адамдардың саны Меккеге қажылыққа келетіндердің санынан қалмайды. Және бұл идея толығымен құдайсыз сенімдерге дейін алып барады. Сондай құдайсыздардың имамдарының бірі Ибн Саб’ин (сөзге орай айтып кететін нәрсе: оны сопылардың көптеген тариқаттары әулие және Аллаһқа жақын ізігілерден деп санайды) Қағбаны тауап жасап (жеті рет айналып) жүрген қажыларды келемеждеп, былай деген: «Мыналар диірменнің тасын айналып жүрген есектер сияқты. Егер олар мені айналғанда, олардың айналуы мына Үйді айналудан құрметтірек болар еді». Қз.: «Жухуд ‘уләма әл-ханафия» 1-сілтеме, 1325-бет. Құрметті оқырман, салиқалы адамдардың («әулиелердің») қабірлерін зиярат ету үшін сапарға шығатындардың көбі өздерінің дәл осы қабірлердің алдында ауруларына шипа табатындарын, жоғалған адамдары мен заттарының қай жерде екені туралы білетінін, сол жерлерде муғжизалар көретінін және басқаша бір дауыстар еститінін айтатынын біліңіз. Олар: «Кімде-кім қайтыс болған «әулиеге» лайықты құрмет көрсетпесе немесе оның абыройын қорласа, оның басына міндетті түрде қайғы-қасірет немесе бәле келеді», - деп те айтады. Осы жерлерді зиярат етушілер оларды зиярат ету барысында көрген түрлі муғжизаларды баяндайды. Олар пәлен адам қабірлерді құрметтейтіндердің немесе олардың істерінің үстінен күлгеннен кейін, оны найзағай соққандығы, немесе оның отбасының барлығы қырылып қалғандығы, немесе ол ауыр, шипасы жоқ аурумен ауырып қалғандығы туралы баяндап жатады. Осының барлығы қабірлерді қастерлейтіндерді өздерінің хақ екендігіне деген сенімін және олардың осы жерлерге деген байланыстылығын одан сайын күшейтеді. Мынау – осы туралы айтылатын ғаламтордан алынған кейбір үзінділер: «Бір таныс адам осы жерге аяғы ауру, жүре алмайтын әйелін алып келгенін айтып берді, бұлақтың жанына келгенде ол бірден орынынан тұрды да, екеуінің қуанышына нық қадам баса жүріп кетті!» Сондай-ақ: «Бұлақты бірнеше рет бульдозер көміп тастады, бірақ ол бәрібір қайта-қайта жердің астынан ағып шыға берді. Сиынушыларды қорқыту үшін ара ұяларын қойып көрдік, бірақ барлық аралар тез арада өле берді...» Тура осы сияқты пайымдарға сопылардың кітаптары толы. Мысалы, «әл-Басаир» кітабында (42-бет) автор Бағдадтағы Муса әл-Қазымның кесенесі туралы сөз етіп, былай дейді: «Муса әл-Қазым кесенесі Аллаһ Тағала дұғаларға жауап беретін тексерілген орын болып табылады». Сондай-ақ «Табақат ул-әулия» кітабында (281-бет) автор Ма’руф әл-Курхидің қабірі туралы сөз етіп, былай деп пайымдайды: «Оның қабірі жақсы ажыратылып белгіленген және танымал. Адамдар оған құт-береке тілеу үшін сапармен барады. Ал Бағдад тұрғындары ол арқылы Аллаһ Тағаладан жаңбыр тілейді де, Аллаһ Тағала олардың осы тілектерінің қайтармайтынын айтады. Олар: «Әл-Курхидің қабірі жапа шегушілердің ауыртпалықтарын шешетіндігімен танымал», - деп айтады». Алайда, осы жерде осының барлығы қабірлерге табынушылардың іс-әрекеттерін ақтамайтындығын және осы амалдардың рұқсат етілгендігін білдірмейтінін түсіну қажет. Мұны бірнеше тармаққа бөліп түсіндіруге болады: 1. Бұл оқиғалар мен әңгімелердің басым бөлігі іс жүзінде негізсіз, ойдан шығарылған және өтірік болып табылады. Жиі жағдайда бұл ертегілер бейтаныс адамдардан немесе өтірікшілер мен сұмдардан жеткізіледі. Осындай жерлерде халықты көп-көп жинаудан пайда көретін адамдар, осындай аңыз-ертегілерді ғаламтор кеңістігінде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында таратады. Ханафи мәзһабының имамдарының бірі – имам Шукри әл-Алюси былай деген: «Мұндай ертегілерді білімге ие болмаған және иманы әлсіз болып табылатын адамдар ойлап шығарады. Немесе мұндай әңгіме-хикаялар белгісіз адамдардан жеткізіледі. Бізге келер болсақ, онда егер осы хикаялар тіпті Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) атынан жеткізілетін болғанда да, біз олардың жеткізушілер тізбегінің сенімділігін растамай қабылдамас едік. Ал басқа біреуден жеткізілетін нәрсе туралы не айтуға болмақ?!» Қз.: «Фатх ул-Мәннан» 372-373 беттер. Барлық ғалымдар осындай хикаялар, ертегілер және түстер қасиетті мәтіндерде тыйым салынғандығы туралы айтылған нәрселердің рұқсат етілгендігіне дәлел бола алмайды дегенге бірауызды келіскен. Ханафи мәзһабының имамдарының бірі – имам Махмуд Шукри әл-Алюси (1342 һ/ж) былай деген: «Шариғи үкімдер және діни ғибадаттар тек Аллаһтың Кітабымен, Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетімен және Сүннет имамдарының бірауызды пікірімен (ижма’) бекітіледі. Әрі бұл – осы үмметтің алғашқы буындарының жолы. Сондықтан да осы үш дереккөзден өзге қандай да нәрсеге негізделіп шариғат үкімін бекітуге рұқсат етілмейді... Ал осындай ертегілер мен хикаялар арқылы қандай да бір ғибадаттардың заңдылығын бекітуге келер болсақ, бұл яһудилердің, христиандардың және солар сияқтылардың жолы». Қз.: «Ғаят ул-Амани» 2/274-275 («Дар ихья ус-Сунна» баспасы). 2. Кейбір жағдайларда «әулиелердің» қабірлерінің қасында шындығында да ерекше құбылыстар орын алып жататынын айтып кету қажет. Бұл қабірге зиярат етушілердің көз алдына түрлі бейнелерде, соның ішінде осы «әулиенің» бейнесінде көрінетін, немесе оған сөйлейтін, немесе жоғалған заттарының орнын көрсететін, немесе белгілі бір аурудан емделу жолын нұсқайтын жындар істейтіндігімен түсіндіріледі. Осының барлығын жындар қабірлерді зиярат етушілерді одан сайын үлкен адасушылыққа салу мақсатында істейді. Аллаһ Тағала былай деді: «Әлдекім Рахманды еске алудан көз жұмса, оған шайтанды ерікті етеміз де, сонда ол оның жолдасы болады. Күдіксіз, шайтандар оларды жолдан тосады. Олар өздерін тура жолға түсірілдік деп ойлайды»(«әз-Зухруф» сүресі, 43: 36-37). Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Көпқұдайшылдардың адасуының ең ұлы себептерінің бірі олардың өз пұттарының қасында көретін және еститін нәрселері болып табылады. Кейбіреулер пұттардың жанында жоғалған заттың (табылар) орнын немесе қандай да бір қиындықтың шешілу жолын сыбырлап айтатын дауыстарды естиді, қабірлерді қадір тұтатындардың кейбіреуі оның көз алдында қабір ашылып, одан қарт адам шығып, оны құшақтап немесе онымен әңгімелесетінін көреді. Ал осы қабірге табынушы бұл бейнені қайтыс болған Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) немесе «әулиеден» өзге ешкім емес деп санайды. Бірақ іс жүзінде қабір ашылмады, бұл тек Ібіліс қана оған қабірді ашылған етіп көрсетуде». Қз.: «Қа’ида әл-жәлилә» 140-бет. Ханафи мәзһабының имамдарының бірі – имам әл-Хужанди былай деген: «Кейде Ібіліс қайтыс болған салиқалы адамның бейнесінде келеді. Ол қабірге табынушымен сөйлесе бастайды, оған қайғы-қасіреттерінің шешу жолдарын сыбырлайды және оған кейбір құпия нәрселерге нұсқайды. Ал осы қабірге табынушыға келер болсақ, ол осы арқылы алданады да, одан да үлкен адасушылыққа түседі». Қз.: «Хукму Ллаһи әл-Уахид әс-Самад» 19-бет. Ал біз өзімізден осындай хикаялардың тағы береуін қоса аламыз. Йеменнің қыстақтарының бірінде адамдар қасиетті деп санайтын бұлақ бар. Олар кім осы бұлақтың суына шомылса, сол түрлі тері ауруларынан айығатынын байқаған соң осы сенімді иеленіп алды. Барлығы да еш нәрсе емес, алайда мәселенің түйіні шипа тек дүйсенбі күні таң намазынан соң шомылғанда ғана болуында. Әрине, осы қыстақтың тұрғындары бұл құбылысты байқап қалған соң, білім иелерінен ешкім оларды бұл тек жындар мен сиқыршылардың айлалары екендігіне сендіре алмай қойды. Істің мәні жындар мен сиқыршылардың осы аймақ тұрғындарына зиян, аурулар т.с.с. нәрселер жіберетіндігінде болып тұр. Бірақ адам осы бұлаққа келген соң олар өз зиянының немесе ауруының күшін әлсіретеді немесе өшіреді, соның нәтижесінде адамның денесіндегі түрлі тері жаралары, Аллаһтың қалауымен, кете бастайды. Ал бұл қыстақтың қарапайым тұрғыны дәл осы суға жуынғандығы себепті шипа алғандығы туралы сенімді иеленіп алады, алайда іс жүзінде бұл бұлақтың суы басқа бұлақтардың суларынан еш айырмашылығы жоқ. Шамамен тура сол сияқты нәрселер қабірлерде де орын алуда. Бұл «сиқыршылар немесе жындар себепсіз зиян тигізе алады немесе зиянды кетіре алады» деген сөз емес. Бірақ бұл кез-келген адамның басқа бір адамға өзінің физикалық мүмкіндіктерінің шеңберінде зиян тигізе алатындығы сияқты. 3. Кейде Аллаһ Тағала осы қабірге табынушының дұғасына ол Аллаһқа ықыласты түрде жалбарынған кезде жауап береді. Әсіресе, бұл сұраушы ауыр жағдайда болған кезде орын алады. Аллаһ Тағала былай деді: «Немесе қиналғандар Өзіне жалбарынғанда, қабыл етіп, қиыншылықты айықтыратын және сендерді жер жүзіне орынбасар ететін кім? Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма?»(«ән-Нәмл» сүресі, 27:62). Бұл Аллаһ Тағаланың тіпті кәпірлердің де дұғасына, олар Оған лажсыз жағдайда ықыласты түрде жалбарынған кезде жауап беретіндігінен. Аллаһ Тағала былай деді: «Ол сондай Аллаһ, сендерді құрлықта, теңізде кездіреді. Сендер кемеде боласыңдар. Кеме оларды жақсы бір самал арқылы алып бара жатады да, олар онымен мәз болады. Бір боран келіп оларға әр тараптан толқын келгенде, олар онымен қоршалдық деп ойлаған сәтте сенімін нағыз Аллаһқа арнап: «Егер осыдан бізді құтқарсаң, шүкір етушілерден болар едік», - деп тілейді. Дегенмен, Аллаһ оларды құтқарған кезде, олар жер жүзінде орынсыз қарсылық істейді. Әй, адам баласы! Дүние тіршілігіндегі қарсылықтарыңның зияны өздеріңе ғана. Содан соң барар жерлерің Біз жақ. Сонда сендерге істеген істеріңді білдіреміз»(«Юнус» сүресі, 10: 22-23). Ал әлгі бақытсыз сорлыға келер болсақ, ол аңсап жүрген дұғасы қабыл болған соң оның қабыл болуына пәлен «әулиенің» басына барып Аллаһтан сұрау септігін тигізді, немесе бұл соның ғана ықпалымен болды деген кесірлі сенімінде ары қарай нығая түседі. 4. Және осы бөлімде айтып кету қажетті болған нәрселердің ең соңғысы – бұл проблемалардың шешілуіне және бақытсыздықтарды жоюға алып келетін жолдардың барлығы шариғатта рұқсат етілген болып табыла бермейтіні. Белгілі бір іс-әрекеттің нәтижесі бұл дүниедегі игілікке алып келгендігі немесе бір зиянды қайтарғандығы осы іс-әрекетті рұқсат етілген деп жариялау үшін әлі жеткіліксіз болады. Басқаша сөзбен айтсақ: мақсатқа қандай да бір құрал арқылы қол жеткізу сол құралды рұқсат етілген етпейді. Мысал ретінде келесі жайттарды келтіруге болады: Адамдардан ешкім спирттік заттар, есірткі, доңыз етін сату, өсімқорлық, тонау, ұрлық – осының барлығы бай болу үшін қолданатын құрал екендігіне күмән келтірмейді. Алайда осы аталған нәрселер шариғатта рұқсат етілген деп жариялауға кімнің батылы жетеді? Тура сол сияқты, пара, жалған куәлік беру де қандай да бір құқықтарды заңсыз түрде иеленудің құралы болып табылады. Бірақ кім Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жоғарыда аталғандарды рұқсат етті деп айта алады?! Осыдан шыға келе, тіпті егер қабірлерді қадірлеушілер олардың қабірлер алдында жасаған дұғалары қабыл болып жатқанын және қиындықтары шешіліп жатқанын мәлімдесе де, бұл қабір орындарында жиналыстар өткізуге және сол жерлерде әртүрлі ғибадаттар жасауға рұқсат етілгендікті білдірмейді.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 56; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.012 с.) |