Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Бөлім. Қабірді зиярат ету үшін басқа елді-мекенге сапарға шығуға рұқсат етіледі ме?Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Бұл бөлімді оқу барысында шариғат өз елді-мекенінің зиратын зиярат ету мен басқа бір елді-мекенге ондағы қабірлерді зиярат ету үшін сапарға шығудың арасында айырмашылық орнатқанын білдіретін маңызды жайтты ұғып алу қажет. Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Тек үш мешітке бару үшін арнайы сапарға шығуға болады – әл-Харам Мешітіне, менің мешітіме[5] және Илия[6] мешітіне» (хадис сенімді (сахих);Муслим 1397). Сондай-ақ Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Жануарлар үш мешіттен: әл-Харам Мешітінен, Елшінің Мешітінен және әл-Ақса Мешітінен - басқа мешіттерге сапар үшін жегілмейді» (хадис сенімді (сахих);Бухари 1189; Муслим 1397; Абу Дауд 2033; Нәсаи 699; Ибн Мәжаһ 1409; т.б.). Абу Са’ид әл-Худри Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жануарларды үш мешіттен: осы менің мешітімнен, әл-Харам Мешітінен және әл-Ақса мешітінен – басқа мешіттерге қарай жекпеңдер», - деп айтқанын баяндаған (хадис сенімді (сахих);Бухари 1197; Муслим 828; Тирмизи 326; Ахмад 45, 51). Бұл хадистерде өз елді-мекеніңнен басқа бір елді-мекенге ғибадат жасау үшін, мейлі мешітке болсын, мейлі қандай да басқа бір жерге сапарға шығуға тыйым салынғандығына айқын нұсқау бар. Ал егер біреу: «Мен пәлен елге шариғи білім алуға барғым келеді. Ал білім талап ету ғибадат болып табылады, бірақ осы сөздерге сәйкес мен білім талап етуге сапарға шыға алмайтын болып тұрмын ғой», - деп айтса, оған жауап былай болмақ: бұл рұқсат етіледі, өйткені сен бұл елге білім талап ету үшін баруды қалап тұрсаң да, және ол ғибадат болса да, бірақ дәл осы ел саған ел ретінде керек емес. Сен бұл елге дәл сонда ғалымдар немесе саған қажет болған университет бар болғандықтан сапарға шықпақсың. Ал егер ғалым басқа бір елге қоныс аударса, немесе осы сияқты университет басқа бір елде ашылса, онда сен өз бағытыңды оңай ауыстыра саласың да, әлгі бірінші елге барудың орнына екінші елге барасың. Ал осы хадисте тыйым салынған нәрсе - басқа елді-мекенге дәл сол елді мекенде белгілі бір мешіт бар болуы және адам дәл сонда намаз немесе басқа да ғибадатты орындағысы келуі себепті сапарға шығу. Мұндайды істеуге рұқсат жоқ, өйткені сіздің елді мекеніңіздегі мешіт басқа елді мекендегі мешіттен еш кем емес, өйткені жоғарыда аталған үш мешіттен өзге мешіттердің барлығының мәртебелері де, дәрежелері де өзара тең. Дәл Түркістанда және басқа да сол сияқты «әулиелі» жерлердегі жасалған ғибадат-құлшылық сауабы бойынша басқа жерлерде жасалған құлшылықтан жоғары деген пікір Түркістанды, Бекет Атаны, Арыстан Бабты т.с.с. жерлерді зиярат етіп барушыларды сол жерге сапарға шығуға итермелейді. Олар Түркістандағы немесе сол сияқты басқа да жерлердегі қабір-кесенелер, ғимараттар мен құдықтар, ағаштар мен топырақ қасиетті, демек ол жерде намаз орындау да жақсырақ деп санайды. Осы Түркістанға және сол сияқты басқа да «киелі» жерлерге зиярат етушілер сол жерлер ондағы жерленген «әулие-әруақтардың» болуы немесе көне замандардан бері сақталып тұрғандығы себепті қасиетті деген сенімге ие. Ал сауда-саттық, ағайын-туысты зиярат ету т.с.с. мақсаттар үшін сапарға шығуға келер болсақ, мұның барлығында проблема жоқ, өйткені мұнда діни сылтау жоқ болып тұр. Мұндай жағдайда адам белгілі бір қалаға осы қала қасиетті деп саналғандығы себепті емес, дәл сол қалада оның ағайын-туыстары өмір сүретіндігі себепті оларды көріп қайту үшін сапар жасайды, әрі егер олар басқа қалада тұрғанда еді, ол сол басқа қалаға барар еді. Мұндай жіктеудің жалпы түсіндірмесін «Мәжму’ әл-Фәтауада» 2/186 табуға болады. Түркістанға және сол сияқты басқа да өтірктен қасиетті саналатын жерлерге сапар жасауды жақтайтындар: «Бұл хадисте қабірлер, кесенелер және қасиетті жерлер туралы емес, дәл мешіттер туралы сөз болуда», - деп айтады. Жауап: 1. Абу Басра әл-Ғифаридің[7] ол бірде Абу Хурайраны кездестіргендігі және одан: «Сен қайдан келе жатырсың?» - деп сұрағандығы туралы хадисі жеткізіледі. Абу Хурайра: «Тур [8] тауынан келе жатырмын. Мен ол жаққа сол жерде намаз орындау үшін бардым», - деп жауап берді. Сонда Абу Басра: «Егер мен сені сапарға аттануыңнан бұрын көріп үлгергенімде, сені ол жерге жібермес едім, өйткені мен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жануарлар үш мешіттен: әл-Харам Мешітінен, Елшінің Мешітінен және әл-Ақса мешітінен - басқа мешіттерге сапар үшін жегілмейді»,- дегенін естігенмін»,- деп айтты (хадис сенімді (сахих);Нәсаи 1429; Мәлик «Муатта» 1/108; Тайялиси 1348; Ахмад 23848; имам Тирмизи хадисті сенімді (сахих) деді № 491; сондай-ақ шейх әл-Әлбани де «Ахкам ул-Жәнаизде» (287-бет) оны сахих деді). 2) Каз’а былай деп баяндайтын: ”Бірде мен Тур тауына баруға жиналдым да, бұл туралы Ибн ‘Умардан кеңес сұрадым, ол маған: «Сен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жануарлар үш мешіттен: әл-Харам Мешітінен, Елшінің Мешітінен және әл-Ақса Мешітінен - басқа мешіттерге сапар үшін жегілмейді», - дегенін естімеп пе едің? Мұны таста да, ол жерге барма», - деп жауап берді” (хадис сенімді (сахих);әл-Азраки «Ахбар Макка» 304-бет; Хайсами «әл-Мужма’» 4/4 және әт-Табарани «әл-Кәбир» 13283). Сахабалардан жеткен осы екі хабарды оқып шыққан кезде, ғибадат жасау үшін сапарға шығу тек мешіттермен шектелмейтіні түсінікті болады, өйткені Тур тауы мешіт болып табылмайды. Соған қарамастан, сахабалар осы тауға онда Аллаһқа ғибадат жасау үшін баруға тыйым салатын. Егер олар: «Бұл хадистерде мешіттер және қасиетті таулар мен жерлер туралы айтылуда, алайда оларда қабірлер мен кесенелерді зиярат етуге тыйым жоқ», - деп айтса, біз бұған былай деп жауап береміз: Жауап: 1.Шейхул-Ислам былай деген: «Исламның алғашқы ғасырларында қабірлердің басында мешіттер немесе кесенелер салынбайтын. Алғаш рет мұндай нәрсе Бану Буэйх[9] мемлекетінде, шығыста және батыста араларында құдайсыз кәпірлер көпшілік болған каррамилер[10] сектасы пайда болған кезде пайда болды. Олардың мақсаты Ислам дінін ауыстыру еді». Қз.: «Мәжму’ әл-Фәтауа» 27/167, 384. Сондай-ақ ол былай деді: «Қабірлер мен олардың басындағы кесенелерге сапарға шығудың артықшылығы туралы хадистерді ойдан тоқып шығарғандардың алғашқылары рафидилерден және сол сияқтылардан болған бидғатшылар еді». Қз.: «Мәжму’ әл-Фәтауа» 27/191. Сондай-ақ ол былай деді: «Сахабалардың заманында адамдар оған қарай жолға шығатын немесе оның алдына барып Аллаһқа жалбарыну үшін немесе одан игілік-береке мен шапағат тілеу үшін бағыт алатын қабір жоқ еді. Бұдан қалса, егер сахабалар қандай да бір жерлерде төбесіне ғимараттар салынған пайғамбарлардың қабірлерін көрсе, олар осы ғимараттардың біреуін де қалдырмай, оларды жермен бірдей етіп тегістейтін. Өйткені мұндай ғимараттар адамдарды бүлікке салуы мүмкін еді. Тіпті Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін де олар оның бөлмесінің ішіне жасырды да, адамдарды одан алыстатты». Қз.: «Мәжму’ әл-Фәтауа» 27/271. 2.Сондай-ақ осы хадистердегі тыйым тек мешіттерді ғана емес, бірақ молалар мен кесенелерді де қамтитынына тағы бір дәлел – бұл жәхилиет кезінің, көпқұдайшыл-құрайштықтардың әдет-ғұрпы болғаны да. Ханафи мәзһабының имамдарының бірі болған имам әд-Дахләуи былай деген: «Жәхилиет кезінде адамдар өздері «қасиетті» деп санайтын орындарға баруға ұмтылған, оларды зиярат еткен, олардан игілік тілеген және осы жерлерде қаншама бидғаттар мен күнәлар жасаған, бұл көпке мәлім болғанындай. Ал Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заңдастырылған ғибадат заңдастырылмаған ғибадатпен араласып кетпеуі үшін, сондай-ақ осы Аллаһтан басқа өзгеге құлшылық етуге алып келетін себепке айналмауы үшін, осы күнәның есігін жапты. Әрі кімнің болсын қабірі немесе қандай болсын салиқалы адам құлшылық жасаған орын, сондай-ақ Тур тауы да – осы жерлердің барлығы оларға ғибадат жасау үшін баруға тыйым салынғандығында бірдей екендігі ақиқат болып табылады». Қз.: «Хужжату Ллаһи әл-Балиға» 1/192. Дәл сондықтан да осы - имам Мәликтің және оның ізбасарларының, сондай-ақ кейбір ханафилердің[11], шафиғилердің және ханбалилердің пікірі. Ханафи мәзһабының имамдарының бірі болған имам әл-Бәрқауи (981 һ/ж) былай деген: ”Ал қабір орындарына сапарға шығып, осы орайда жол ауыртпашылықтарын тарту және осымен ұлы күнә істеу туралы айтар болсақ, онда ғалымдардың басым бөлігі былай деген: «Пайғамбарлар мен салиқалы адамдардың (әулиелердің) қабірлерін зиярат жасау үшін сапарға шығу дінге енгізілген жаңалық (бидғат) болып табылады. Мұндайды сахабалар да, олардың ізбасарлары да істемеген. Сондай-ақ мұндайды әлемдердің Раббысының Елшісі де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырмаған, әрі мұсылмандардың имамдарынан ешкім мұны абзал деп айтпаған. Сондықтан да кім осы сапарлар Аллаһқа мойынсұну және игі амал болып табылады деген сенімге ие болса, сол мұсылмандардың бірауызды пікіріне қайшы келеді. Ал кім осы сенімге ие бола тұра, осы қабірлерге сапарға шықса, сол мұсылмандардың бірауызды пікірі бойынша тыйым салынған (харам) нәрсе істейді”. Қз.: «Зиярат ул-қубур» 18-22 беттер. Бұл ханафи имамының сөздері Түркістан, Бекет Ата сияқты жерлерге сапар жасап бару күнә және тыйым салынған амал болады дегенді білдіреді. 3. Егер үш мешіттен басқа қандай да нақты бір мешітке ғибадат жасау үшін сапарға шығу тыйым салынған болса, онда қабірлерге сапарға шығу тіпті тыйым салынған. Бұл қабірлердің ғибадат жасауда мешіттерден еш артықшығы жоқ болғандығы себепті, бұдан қалса мешіттердің олардан артықшылықтары
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 76; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.) |