Кім қажылық жасаса және мені қайтыс болғанымнан соң зиярат етсе, сол мені тірі кезімде зиярат жасаған сияқты болады». 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Кім қажылық жасаса және мені қайтыс болғанымнан соң зиярат етсе, сол мені тірі кезімде зиярат жасаған сияқты болады».

Поиск

3. «Кім қажылық жасаса және мені қайтыс болғанымнан соң зиярат етсе, сол мені тірі кезімде зиярат жасаған сияқты болады».

Жауап:

Бұл хадис өте әлсіз болып табылады, өйткені оның иснадында әлсіз жеткізуші - Хафс ибн Суләйман әл-Қари бар, бұдан қалса ол өтірікте айыпталған еді. Қз.: «Әсна ул-Мәталиб» № 1378; «Тәлхис әл-Хабир» 2/266.

4. «Кім қажылық жасап, мені зиярат етпесе, сол мені ренжітті».

Жауап:

Бұл – өтірік, ойдан тоқылған, мүлде жеткізушілер тізбегі жоқ хадис. Қз.: «Кашф ул-Хафа» № 2460; «әл-Макасид әл-Хасана» № 1178.

 Оның үстіне, бұл өтірік хадис барлық мұсылмандардың бірауызды келісілген пікіріне қайшы келеді, өйткені Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ренжіту өте ауыр күнәлардың бірі болып табылады, бірақ мұсылмандар «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат ету міндетті болып табылмайды» дегенге бірауызды келіскен, осыдан шыға келе, егер осы хадисті дұрыс деп тапсақ, онда «мұсылмандар Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ренжіту рұқсат етілген» дегенге бірауызды келіскен болады. Қз.: «әл-Фәтауа» 27/25.

Жалпы алғанда, сопылар он төртке жуық осындай хадистер келтіреді. Ал біздің келтіргендеріміз олардың ішіндегі сенімділігі жағынан ең күштілері болып табылады. Ендеше, олардың қалғандарының сенімділігі туралы не айтуға болмақ. 

Сахабалардан жеткен хабарларға келер болсақ, онда осы жерде олардың кейбіреуін келтіріп кетеміз.

1.«Биләл ибн Рабах[12] Шамнан Мәдинаға тек Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат ету үшін келді».

Жауап:

Бұл хабардың иснадында Ибраһим ибн Мухаммад ибн Суләйман атты белгісіз жеткізуші бар. Сондықтан хафиз ибн Хәжар: «Бұл оқиғаның өтірік екендігі айқын», - деп айтқан. Қз.: «Лисан ул-Мизан» 1/107.

2.‘Умар ибн ‘Абдул-Азиз Шамнан Мәдинаға шабарман жіберіп, оған: «Менің атымнан Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сәлем бер», - деп айтты.

Жауап:

Бұл хабардың иснадында бірден бірнеше белгісіз жеткізуші бар, сондықтан бұл хабар өте әлсіз. Қз.: «Сарим ул-Мунки» 244-бет. Бұдан қалса, бұл хабар тек Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат ету үшін ғана сапарға шығу заңдастырылғандығына нұсқамайды. Бұл осы хабарда: «Билеуші шабарманды тек оның атынан Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сәлем беру үшін ғана жіберді», - деп айтылмағандығы себепті. 

3.«‘Умар ибн әл-Хаттаб Шамнан Мәдинаға қайтып бара жатқан кезде Ка’б әл-Ахбарға: «Сен менімен бірге Мәдинаға, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат ету үшін барғың келмей ме?» - деді. Бұған Ка’б: «Иә, уа, мүміндердің әмірі! Мен жиі осылай істеймін», - деп жауап берді.

Жауап:

Бұл хабар өтірік және ойдан тоқылған. Қз.: «Сарим ул-Мунки» 247-бет.

Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат етуге қатысты келтірілетін хадистердің барлығы мухаддис-ғалымдардың бірауызды келіскен пікірі бойынша әлсіз болып табылады. Мұның үстіне, бұл хадистер өтірік және оларды танымал хадис жинақтарының бірде-бір авторы келтірмейді. Имамдардан ешкім бұл хадистерді дәлел ретінде келтірмеген, мұның үстіне, Мәдинаның имамы – имам Мәлик біреу: «Мен Пайғамбардың қабірін зиярат жасадым», - деп айтқан кезде жақтырмайтын».[13]Қз.: «әр-Радд ‘алә әл-Ахнаи» 189-бет.

Біз хадистер мен хабарларды келтіргеннен соң, енді аяттың ерекше ерсі түсіндірмесін келтіру қалды.

Аллаһ былай деді: «Егер олар өздеріне бір кесір істегенде, саған келіп, Аллаһтан жарылқау тілесе, егер Елші олар үшін жарылқау тілесе еді, әрине, олар Аллаһты тәубені өте Қабылдаушы, ерекше Мейірімді табар еді»(4:64).

Осы аяттан қабірге табынушылар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне бару және өзі үшін кешірім тілеу абзал болады деген пайым шығарады. Бұдан тыс, осы аятты өздерінше осылайша түсінуін олар бір бәдәуи осы аятты оқып, содан соң Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне барып, оның алдында Аллаһтан кешірім сұраған, содан соң оның бір танысы түсінде Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көрген және ол оған: «Бар да, әлгі бәдәуиді кешірілгенімен қуант», - деп айтқан жалған оқиғамен нығайтады.

Жауап:

1.Бірде-бір сахабадан немесе олардың олардың ізбасарларынан олар Аллаһтан кешірім сұрау үшін Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне баратындығы туралы сенімді хабар жеткізілмеген. Ал олар Құранның мағыналарын басқалардан жақсырақ түсінетін еді ғой.

2.Аталған аятта: «...егер Елші олар үшін жарылқау тілесе еді»,- деп айтылған. Ал сен үшін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кешірім сұрағанын қайдан білесің?! Мұның үстіне, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз қабірінде естимейтіні және осы әлемде не болып жатқанын білмейтіні сенімді түрде мәлім. Бұл оның қайтыс болып, қазір мәні бізге беймәлім басқаша өмір сүріп жатқандығынан.

Бұған дәлел – Қиямет күні адамдар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) су айдынына келетіні, бірақ періштелер одан олардың көбін кері қуатыны және Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осыған өзінің таң қалысын білдіретіні. Сонда періштелер оған: «Олар сенен кейін (дінге) не енгізгенін білмейсің», - деп айтады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Әрі сонда мен ізгі құл (яғни Иса ибн Мәриям) айтқан нәрсені айтамын: «Мен олардың арасында болған кезімде оларға куә болғанмын, ал Сен менің жанымды алған соң оларды Сен бақыладың». Сол кезде маған: «Сен олардан кеткелі бері олар сенің дініңнен тая берді», - деп айтылады» (хадис сенімді (сахих);Бухари 5/191; Муслим 4/2194).

Сондықтан да Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің қабірінде адам өмір сүре алатын ең кемел өмірмен өмір сүріп жатқан болса да, бірақ ол, осыған қарамастан, осы фәни өмірде не болып жатқанын білмейді, ал оның бақи өмірінің мәні белгісіз.

Ал «Кім менің қабірімнің алдында маған салауат айтса, мен оны естимін, ал кім оны маған алыста болып айтса, ол маған жеткізіледі» деген хадиске келер болсақ, бұл хадис өтірік болып табылады, өйткені оның иснадындағы Мухаммад ибн Маруан әс-Судди – өтірікші.

3.Сондай-ақ осы аятты осылайша түсінудің өтірік екендігіне егер әрбір күнәхар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің жанына ол жерде тұрып кешірім сұрау үшін бара беретін болса, онда оның қабірі тұрақты жиналыстар орынына айналатындығы, ал мұны Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тыйым салғандығы да нұсқайды. Сондықтан да Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат жасау үшін арнайы сапар жасауға тыйым салатын тағы бір себеп – осы сапарлар Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің жанында тұрақты жиналыстарға алып келеді, ал бұған Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз сөздеріне сәйкес тыйым салынған.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 72; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.01 с.)