Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Клизма қойғаннан кейін құралдарды өңдеуСодержание книги
Поиск на нашем сайте Тазалау клизмасы Мақсаты: ішектерді нәжіс массасынан, газдардан тазалау. Көрсетпелер: • Іш қатқанда; • Уланғанда; • Операция, босану алдында; • Науқастың ас қорыту мүшелерін, зәр шығару жүйесін ренгенологиялық зерттеуге дайындау; • Тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеуге дайындау; • Дәрілік және қоректік клизма жасар алдында; Қарсы көрсетпелері: • Тік ішектің және анус аймағының іріңді қабынуы • Ас қорыту жолдарынан қан кету; • Тік ішектің қатерлі ісіктері; • Жедел аппендицит және перитонит • Ішектерге операция жасағанда алғашқы күндері • Жедел жүрек қан-тамыр жетіспеушілігі Қажетті заттар: Бір рет қолданылатын Эсмарх кружкасы, оны ілетін штатив залалсыздандырылған вазелин майы, клеенка, дәрет ыдысы (егер процедура палатада орындалатын болса), 1,5-2л жылы су, латекс қолғаптар, медициналық халат, клеенкалы алжапқыш. Міндетті шарттар: Жіберілетін судың температурасы іш қату түріне байланысты: - атониялық іш қатуда- 12˚-20˚С; - спастикалық іш қатуда- 37˚-40˚-42˚С; - іш қатуда- 20˚-25˚С. Сифонды клизма Мақсаты: ішекті нәжіс массасынан және газдардан эффективті тазалау. Көрсетпелері: • Тазалау және босату клизмасынан нәтиже болмаған жағдайда; • Іш айдайтын дәрілер әсер етпегенде тоқ ішекті жуу үшін; • Емдік мақсатта сигма тәрізді ішек түйілуінде; • Іш қуысына операция жасағаннан (ішектерден басқа ағзаларға) кейін; • Динамикалық ішек өткізбеушілігінде; • Ішектен уды, токсинді, шырышты, іріңді, сыртқа шығару үшін; Қарсы көрсетпелері: • Тік ішектің іріңді қабынуы; • Ішектерге операция жасағанда; • Жедел аппендицит, перитонит • Тік ішектің түсуінде, геморройда • Тік ішектің қатерлі ісігі • Асқазан, ішектен қан кеткенде Қажетті заттар: ұзындығы 1,5м бір рет қолданылатын, ұшында бірнеше тесігі бар түтік, сиымдылығы 1литр шыны құйғыш.10- 12литр бөлме температурасындағы су,сиымдылығы 1литр ожау, табақ, клеенка алжапқыш, клеенка, залалсыздандырылған вазелин майы, 1рет қолданатын биялай, бетперде, іштен шыққан қалдықты құятын ыдыс (тазик); Гипертониялық клизма Мақсаты: ішектің перистальтикасын күшейту, ішек қуысына сұйықтық транссудациясын жасау. Көрсетпелер: Іштің қатуында және әртүрлі кең көлемді ісіктерде; Қарсы көрсетпелер: • Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде; • Жедел аппендицит; • Ішектерге операция жасағанда; • Тік ішектің түсуінде; Қажетті заттар: Жане шприці немесе резеңке груша , бір рет қолданылатын жел шығаратын түтік, залалсыздандырылған вазелин, клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған 100мл 10%-NaCL-ерітіндісі немесе 20-30% 50мл магний сульфат ерітіндісі, бір рет қолданылатын биялай, бетперде, залалсыздандырылған салфетка, жаялық, шымылдық. Майлы клизма Мақсаты: емдік мақсатта тоқ ішектің төмеңгі бөліктерін тазалау. Көрсетпелер: тазалау клизмасы нәтиже бермегенде, іштің қатуында, іш қуысына операция жасалғаннан кейін алғашқы күндерде, босанудан кейін. Қарсы көрсетпелер: • Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде; • Жедел аппендицит; • Ішектерге операция жасағанда; • Тік ішектің түсуінде; Қажетті заттар: Жане шприці немесе резеңке груша, бір рет қолданылатын жел шығаратын түтік, залалсыздандырылған вазелин, клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған 50-100мл майлы ерітінді (дәрігердің тағайындауы бойынша), бір рет қолданылатын биялай, бетперде, залалсыздандырылған салфетка, жаялық, шымылдық. Міндетті шарттар: майлы клизмадан соң науқас бірнеше сағат жатуы керек, сондықтан майлы клизманы түнде қойған дұрыс. Дәрілік клизма Мақсаты: емдік мақсатта тік ішекке дәрілік заттарды енгізу және оның сорылуын қамтамасыз ету. Көрсетпелер: ағзаның көп сұйықтық жоғалтуы, қоректік заттарды ауыз арқылы жіберуге мүмкіндік болмаған жағдайда Қарсы көрсетпелер: • Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде; • Қатерлі ісіктер; • Ішектерде операция жасағанда; • Тік ішектің түсуінде; Қажетті заттар: Жане шприці немесе резеңке груша, бір рет қолданылатын жел шығаратын түтік, залалсыздандырылған вазелин, клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған 50-100мл дәрілік зат (дәрігердің тағайындауы бойынша), бір рет қолданылатын биялай, бетперде, залалсыздан- дырылған салфетка, жаялық, шымылдық. Міндетті шарттар: дәрілік клизманы тазалау клизмасынан соң жүргізу қажет. Тамшылы клизма Мақсаты: емдік мақсатта тік ішекке дәрілік заттарды енгізу және оның сорылуын қамтамасыз ету. Көрсетпелер: ағзаның көп сұйықтық жоғалтуы, қоректік заттарды ауыз арқылы жіберуге мүмкіндік болмаған жағдайда Қарсы көрсетпелер: • Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде; • Қатерлі ісіктер; • Ішектерге операция жасағанда; • Тік ішектің түсуінде; Қажетті заттар: тазалау клизмасына арналған жүйе, дәріні тамшылатып жіберуге арналған жүйе, штатив, залалсыздандырылған вазелин, клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған 50-100мл дәрілік зат (дәрігердің тағайындауы бойынша), бір рет қолданылатын биялай, бетперде, залалсыздандырылған салфетка, жаялық, шымылдық, жылытқыш t-40-45˚С Міндетті шарттар: дәрілік клизманы тазалау клизмасынан соң жүргізу қажет, енгізілетін ерітінді 40-42˚С-ке дейін жылытылған болуы керек. Ұштық, жел шығаратын түтік, асқазан зонды манипуляция жасағаннан соң залалсыздандыру алдындағы өңдеудін бірінші үш кезеңінен өтеді: 1. 0,06% деохлор ерітіндісі бар бөлек ыдыста жуады. 2. 0,06% деохлор ерітіндісіне 1 сағатқа салып қояды. 3. Ағынды су астында шаяды. Залалсыздандыру алдындағы өңдеуден соң, резеңке бұйымдар автоклавқа салынады: қысым 1,1 атм, t-120°С, уақыты 45 минут. Жел шығаратын түтікті қолдану алгоритмі Мақсаты: ішектегі газдарды сыртқа шығару. Көрсетпелері: метеоризм, ішек атониясы, дәрілік клизманы қойған кезде Қарсы көрсетпелер: ішектен қан кету, тік ішектің төмен түсуі. Жабдықталуы: стерильді жел шығаратын түтікше, стерильді астауша, вазелин майы, стерильді таңу материалы, биялай, шымылдық, халат, үлкен жаялық, дәрет ыдысы, шпатель. Міндетті шарттар: жел шығару түтікшесі 1 сағатқа дейін қойылады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 81; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.008 с.) |