Инъекция орнын дұрыс таңдамау 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Инъекция орнын дұрыс таңдамау

Поиск

Инъекция орнын дұрыс таңдамау

Егу жасау техникасының дұрыс сақталмауы

Инфильтрат

Т ері астына және бұлшықетке жасалған инъекциялардан кейін жиі кездесетін асқынулар.

Инфильтрат пайда болуының негізгі себептері:

а) инъекция үшін өткір емес инені қолдану;

б) Бұлшықет ішілік инъекция үшін тері асты немесе тері ішіне инъекцияларын орындауға арналған қысқа инемен егу жасау нәтижесінде

в) Инъекция орнын дұрыс анықтамау және егулерді әрдайым бір жерге орындау, сонымен қатар асептика ережелерін сақтамау инфильтрат пайда болуын тудырады.

Асқыну емі: Инфильтрат болған жерге қыздыру компресі, жылытқыш қою

Абсцесс

Жұмсақ ұлпалардың іріңді қабынуы, қуыс пайда болып,оның ішінде іріңнің жиналуы. Абсцесс пайда болуының негізгі себептері инфильтрат туғызушы себептерге ұқсас. Бірақ бұл кезде асептика ережелерін бұзу себебінен жұмсақ ұлпалардың инфекциялануы.Асқыну емі: хирургиялық ем

Майлы эмболия

Тері ішіне және бұлшықетке егу жасаған кезде иненің кездейсоқ тамырға түсуі нәтижесінде немесе майлы ерітінділерді қателікпен көктамырға енгізгендн пайда болатын асқыну. май артерияға түскен жағдайда оны бітеп тіннің қоректенуін бұзады,некрозға соқтырады. Некроз белгілері : егус жасалған жердің ауырсынуы,ісік, терінің қызаруы немесе көгеруі,денесінің немесе егу орнының қызуының жоғарылауы.Егер май ерітіндісі көктамырға енгізілсе ол өкпе тамырларына түсіп,кенеттен тыныс тарылу ұстамасынжөтел, цианоз(кеуденің жоғарғы бөлігінің көгеруі)Асқыну емі: дәрігер нұсқауымен

Ауа эмболиясы

Дәрі-дәрімектерді көктамырға енгізгенде шприц ішіне ауа түскенде және оны ине арқылы тамыр ішіне жібергенде болатын ҚАУІПТІ асқыну.Белгілері эмболияға ұқсас,бірақ тез: бір минут ішінде білінеді.Асқыну емі: дәрігер нұсқауымен.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 75; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.005 с.)