Пикфлоуметрия нәтижесінің интерпретациясы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Пикфлоуметрия нәтижесінің интерпретациясы

Поиск

Пикфлоуметрия нәтижесінің интерпретациясы

• Максимальды тыныс шығару жылдамдығы (ПСВ – пиковая скорость выдоха) > 90 ℅ - қалыпты;

• Максимальды тыныс шығару жылдамдығы =80-90℅ - шартты қалыпты, науқасқа динамикалық бақылау жүргізу керек;

• Максимальды тыныс шығару жылдамдығы = 50-79℅ - біршама төмендеген, науқасқа емдік шараны күшейту қажет;

• Максимальды тыныс шығару жылдамдығы < 50℅ - өте төмендеген, науқасқа тез арада госпитализация жүргізу қажет.

Пикфлоуметрия нәтижесін қалай бағалаймыз?

Бронхиальді астманы емдеуде «шекаралық зона» көрсеткіші

Бронхиальді астманы бақылауды жеңілдету үшін «бағдаршам» принципі ұсынылған. Ол бойынша максималды тыныс шығару көлемі бағдаршамның белгілі түстеріне сәйкестендіріліп бағаланады.

q «Жасыл зона» . Жасыл түс – бұл қалыпты көрсеткішті білдіреді. Ұстама бақылауда, науқастың ешқандай шағымы жоқ, ұйқысы тыныш, физикалық белсенділігі сақталған. МТШК әдетте 80-100℅ немесе тәуліктік ауытқу 20℅ аспайды. Егер науқас жағдайы 3 ай көлемінде осы көрсеткішті ұстап тұрса ол жағдайының жақсарып келе жатқандығын көрсетеді.

q «Сары зона». Сары түс – «Назар аудар!» деген сигнал. Астманың түнгі белгілері, физикалық белсенділіктің төмендеуі, жөтел, ысқырықты сырыл, кеуде клеткасының басылу белгісінің болуы немесе МТШК 60-80℅ немесе тәуліктік ауытқу 20-30℅. Бұл аурудың өршуін немесе емдеу шарасының жеткіліксіздігін білдіреді.

q «Қызыл зона». Қызыл түс - «Қауіп!» сигналы. Ұстаманың симптомдары қозғалыс кезінде де тыныштық жағдайында да көрінеді. МТШК 60℅ төмен. Бұл жағдайда жедел көмек көрсетіп, интенсивті терапия жүргізу қажет.

27.Пациентті өңеш, асқазан ішекті эндоскопиялық зерттеуге дайындау. Көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер.

Фиброэзофагогастродуоденоскопия (ФГДС) -асқазан мен он екі елі ішектің кілегейлі қабығын арнайы оптикалық құрал –гастроскоп арқылы зерттеу әдісі.ФГДС диогностикалық және емдік мақсатта,қажеттілігіне байланысты жедел және жоспарланған болуы мүмкін.

Жоспарланған диогностикалық ФГДС- науқас асқазан мен он екі елі ішек ауырсынуына шағым жасаса яғни созылмалы гастрит ,асқазан жарасы мен асқазан рак ауруының алғашқы белгілері көрінгенде қолданылатын әдіс.

  Жедел ФГДС-асқазан мен ішектен қан кеткен кезде қолданылатын әдіс.

  Емдік ФГДС-әр түрлі мақсатта қолданылады.Мысалы асқазаннан қан кеткен жағдайда,қан тоқтататын дәрі енгізу ;асқазан стенозы кезінде қайта қалыпқа келтіруші препарат енгізу үшін.

Мақсаты:Асқазан мен он екі елі ішектің кілегейлі қабығын бақылау.

Емделушіні дайындау:зерттеу қарсаңында кешкі тағам сағат 19:00-дан кеш ішілмеуі және жеңіл болуы қажет.Тексеріс аш қарынға жүргізіледі,сондықтан тісті тазалауға,дәрі дәрмек ішуге,шылым шегуге,су ішуге болмайды.

Қарсы көрсеткіштер:

¤Қан қысымы, температура көтерілгенде,күшті аурулар,өңеш тарылуы болғанда жүргізуге болмайды.

¤Егер ФГДС енгізген жағдайда науқас жөтеліп,не бет-аузы көгеріп,тұншыға бастаса,тексеру тоқтатылады,себебі ФГДС өңешке емес ,кеңірдек пен көмейге кеткен.

 

28.Пациентті құрсақ қуысы УДЗ ге дайындау.

Құрсақ қуысы органдарын ультрадыбыстық зерттеу органдар ауруларын уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.

Ультрадыбыстық зерттеу құрсақ қуысы ауруларының диагностика әдістерінің бірі болып табылады.

УДЗ көмегімен бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр және құрсақ қуысындағы лимфа түйіндерінің құрылымы мен мөлшері зерттеледі. Алайда, бұл әдіс асқазан және ішекті зерттеуге мүмкіндік бермейді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 69; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.005 с.)