бап. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiндегi сынақ мерзімі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

бап. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiндегi сынақ мерзімі

Поиск

 19-бап. Арнайы тексеру

1. Мемлекеттiк қызметке алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметке оны тоқтатқаннан кейiн қайтадан кіретін азаматтар осы Заңға және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметке кiру шарттарына сәйкестігі тұрғысынан ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін арнайы тексерудің оң нәтижелерін алуы қажет.

Арнайы тексеруді жүргізу мерзімі үш айға дейінгі уақытты құрайды.

2. Осы Заңға сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметке кіретін азаматтар арнайы тексерудің нәтижелері алынған күнге дейiн мемлекеттік әкiмшiлiк лауазым бойынша көзделген мiндеттердi уақытша атқарады.

Олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледi.

Арнайы тексеруді жүргізу кезеңінде бұл азаматтарға мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен жауаптылығы, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер бөлігінде осы Заңның ережелері қолданылады. Бұл азаматтардың құқықтары еңбек шартында айқындалады.

Жұмысқа қабылдау мемлекеттік органның актісімен ресімделеді.

1. Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметке оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген мемлекеттік қызметшілер үшін олардың атқаратын мемлекеттік лауазымдарына сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімінен өту туралы шарттар мемлекеттік органның мемлекеттік лауазымға тағайындау туралы актісінде көзделеді.

Мемлекеттік саяси қызметке, "А" корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметіне кірген мемлекеттік қызметшілер, сайлау қорытындылары бойынша тағайындалған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімдері үшін сынақ мерзімі белгіленбейді.

Құқық қорғау органдарына қызметке кірген мемлекеттік қызметшілер үшін сынақ мерзімі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.

2. Сынақтан өтуші мемлекеттік қызметшілердің дәлелдi себептермен жұмыста болмаған кезеңдері сынақ мерзiмiне есептелмейдi.

3. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш рет кірген, сондай-ақ "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген мемлекеттік қызметшілер үшін сынақ мерзімі үш айды құрайды.

Сынақ мерзімінің нәтижесi қанағаттанарлықсыз болғанда сынақ мерзімі мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) не ол уәкілеттік берген лауазымды адамның шешімі бойынша кейіннен қайта ұзартылмайтын үш айға ұзартылады.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін сынақ мерзімінің нәтижелерi бойынша қызметтен шығару уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшесімен келiсу бойынша жүзеге асырылады.

4. Сынақ мерзімі кезеңінде, оның ішінде оны ұзартқан кезде мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілерге тәлімгерлер бекітіледі.

5. Сынақ мерзімінен өтудің тәртібі мен шарттарын және тәлімгерлерді бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 47; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.007 с.)