Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Техника қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауПоиск на нашем сайте 5.1. Техника қауіпсіздігі ережелері КОФ цехы қауіпті өндіріс алаңы болып саналады, өйткені фтор құрамдас газдарға улану, электр тогы тартып қалу, механикалық жарақаттар алу сияқты жағдайлар болуы әбден мүмкін. Сондықтан бұл өндіріс алаңында қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтаған дұрыс. Өндірістің негізгі қауіпсіздік ережелеріне мыналар жатады: · жұмыскер ең алдымен жұмысты арнайы киіммен бастау қажет; · ыстық су мен бу құбырларының фланецты байланыстары арнайы корпустармен қапталуы қажет және ол корпустар жөндеу жұмыстары қажет болған жағдайда оңай шешілуі керек; · жылу бөлетін қондырғы мен коммуникациялар жылумен оқшауланған болуы қажет; · барлық қозғалыстағы және айналмалы механизмдер жақсы қоршаулармен жабылып, дұрыс жабдықтандырылуы қажет; · ағын сулар, ойпаттар, люктар және шұңқырлар алынбалы қақпақтармен жабылуы керек; · электр құрылғылары мен сымдары оқшауланған болуы керек; · кернеуі 12В портативті лампаларды қолдануға рұқсат беріледі; · барлық өртке бейім аймақтар арнайы өрт қауіпсіздік қалқандары және өрт жабдықтарымен қамтамасыз етілуі қажет (өрт сөндіргіш күректер, ілмектер); · электр құрылғыларындағы жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде ажыратылған сым байланыстары айқын көрсетіліп тұруы қажет. Іске қосу құрылғыларында «Қоспаңыздар, адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген жазуы болуы керек; · жөндеу жұмыстары жүргізілетін барлық коммуникациялар жүйеден ажыратылып, өнімнен тазартылып, іші жуылуы және булануы қажет; · жарақаттанған адамға алғашқы көмек көрсету керек.
5.2. Қоршаған ортаны қорғау Үшкальцийфосфат өндірісінде қоршаған ортаны зиянды заттардан қорғап қалатын қондырғылар: · энерготехнологиялық агрегат ЭТА; · кептіргіш барабан; · шарлы диірмен; · дайын өнім мен фосфат шикізатын сақтайтын орын. Өндіріс орны шаң және газдарды аулайтын қондырғылармен жабдықталған. Цех тұндырмай пайдаланатын су схемасына қосылған. Гранбассейндегі үшкальцийфосфатты салқындату мен балқымаларды тасымалдау үшін қолданылған су градирняға барады. Градирняда салқындатылған су қайтадан салқындату циклі мен балқымаларды тасымалдау үшін қайта жіберіледі. Сұйық қалдық өндірісіне фтор қосындыларынан қалған қалдық газдарды тазалайтын абсорбциялық ерітінді жатады. Қатты қалдық: суық шұңқыр астынан жүргізілген циклондық шаң аммофос цехындағы ЭФҚ өндірісінде пайдаланылады. Зиянды заттарды атмосфераға шығару мен шығарылған заттардың сипаттамасы «Қазфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» зауытының «Табиғатты қорғау. Атмосфера» деген ережесіне сай орындалады. Атмосфераға жіберілген зиянды заттардың құрамы мен көлемі осы ережеге сай бақыланып отырады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 42; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.) |