Жемдік фторсыздандырылған фосфат алудың негізгі шикізаты мен өнімінің сипаттамасы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жемдік фторсыздандырылған фосфат алудың негізгі шикізаты мен өнімінің сипаттамасы

Кіріспе

1. Жемдік фторсыздандырылған фосфат алудың негізгі шикізаты мен өнімінің сипаттамасы

2. Жемдік фторсыздандырылған фосфат алу әдістері

3. Жемдік фторсыздандырылған фосфат алудың үрдістері мен негізгі қондырғылары

4. Өндірістік техника-экономикалық көрсеткіші

5. Техника қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер        

 

 

                                             Мазмұны:        

Кіріспе ......................................................................................................................... 3

Жемдік фторсыздандырылған фосфат алудың негізгі шикізаты мен өнімінің сипаттамасы ..........................................................................................................7

Жемдік фторсыздандырылған фосфат алу әдістері .............................................9

Жемдік фторсыздандырылған фосфат алудың үрдістері мен негізгі қондырғылары .......................................................................................................14

Өндірістік техника-экономикалық көрсеткіші .....................................................17

Техника қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау ...............................................18

Қорытынды ...............................................................................................................20

Пайдаланылған әдебиеттер ......................................................................................21

 

 

 Кіріспе

«Қазфосфат» ЖШС Жамбыл филиалы (ЖЖФЗ) ‒ Жаңа Жамбыл фосфор зауыты ‒ бұл сары фосфор мен құрамында фосфоры бар өнімдер: термиялық ортофосфор қышқылын, натрий үшполифосфатын, натрий гексаметафосфатын, феррофосфор, түйіршіктелген қож шығаратын химиялық зауыт. Зауыт Тараз қаласының шекарасынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым қашықтықта «Кіші Қаратау» жотасының Үлкен Бурыл сілемінің терістік етегіне орналасқан.

Зауыттың жалпы аумағы 644,75 гектар. Зауыт өндірісі үздіксіз жұмыс істейді.

Жаңа Жамбыл фосфор зауытын 1971-1975 жылдары салу белгіленген болатын. Зауыт соғатын құрылыс алаңы 1970 жылдың қыркүйек-тамыз айларында анықталған еді.

Зауыт жобасын негізгі химиялық өнеркәсіптің (ЛенНИИГипрохим) Ленинград ғылыми-зерттеу және жобалау институты жасады.

Зауытты жобалау жұмыстарына сондай-ақ келесі жобалау ұйымдары да атсалысты: «Проектстальконструкция», «Ленстройпромпроект», «Гипрогазоочистка», «ВНИИгаздобыча», «ВНИИЭТО», қазақстандық «ПромтрансНИИпроект», "Водоканалпроект"және т.б.

1971 жылы өнеркәсіп құрылысы мен оған апаратын автомобиль жолдарын салудың алғашқы сызбалары түсе бастады. 1972 жылдың басында өнеркәсіп алаңдарында дайындық жұмыстарын жүргізу қолға алынды, ал 1973 жылы зауыттың өнеркәсіп нысандарын соғу басталып кетті.

1974 жылы алғашқы кезекте салынатын барлық негізгі цехтардың іргетастары қаланып бітті.

1977 жылы зауытымыз бұрынғы Кеңес Одағының ірі химиялық құрылысына айналды.

1 кезектік кешен құрамына кірген өндірістер:

- фосфорит ұнтағынан жылына 1000 т/жыл өнімділікпен агломерат алатын өндіріс (1-агломашинасы);

- жылына 55 мың т/жыл өнімділікпен сары фосфор алатын өндіріс (1-2 пештер);

- 550 мың т/ жыл өнімділікпен түйіршіктелген қож алатын өндіріс;

- 16 мың т/жыл өнімділікпен фосфорлы шламдардан фосфор қышқылын алатын өндіріс.

Жаһандық тәжірибеде бірінші рет ЖЖФЗ-ның РКЗ-80Ф термиялық пештеріне агломерат ұнтағынан сары фосфор алу технологиясы енгізілді. Бұрын үйіндіге төгілетін фосфорит ұнтағын 312 шаршы метр аумақ өнімін қамти алатын АКМ-312М іспетті агломерация машиналарында осы озық технологияның агломерациялау әдісімен кіріктіріп, фосфорит кесектеріне айналдыру арқылы қайта пайдалануға болатын болды.

Кейінгі 1979 – 1986 жылдары қалған өзге өндірістер де іске қосылды:

29.12.79ж. – фосфор ұнтағынан 1000 т/жыл өнімділікпен агломерат алатын өндіріс ( 2-агломашинасы);

29.12.79ж. – 55 мың т/жыл өнімділікпен сары фосфор алатын өндіріс (3-4 пештер);

29.12.79ж. – 550 мың т/жыл өнімділікпен түйіршіктелген қож алатын өндіріс;

31.03.82ж. – 28 мың т/жыл өнімділікпен шламнан фосфор қышқылын алатын өндіріс;

30.04.82ж. – 1000 т/жыл өнімділікпен фосфорит ұнтағынан агломерат алатын өндіріс (3-агломашинасы);

30.11.82ж. – 60 мың т/ж өнімділікпен сары фосфор алатын өндіріс (5-6 пештер);

30.11.82ж. – 600 мың т/жыл өнімділікпен түйіршіктелген қож алатын өндіріс;

30.11.82ж. – 30 мың м3/сағ. өнімділікпен азот шығаратын өндіріс;

30.12.82ж. – 60 мың т/жыл өнімділікпен термиялық фосфор қышқылын алатын өндіріс;

30.12.83ж. – 60 мың т/жыл өнімділікпен сары фосфор алатын өндіріс (7-8 пештер);

30.12.83ж. – 550 мың т/жыл өнімділікпен түйіршіктелген қож алатын өндіріс;

29.03.84ж. – 60 мың т/ жыл өнімділікпен натрий үшполифосфатын алатын өндіріс (1-кезектік кешен);

31.10.84ж. - 60 мың т/жыл өнімділікпен термиялық фосфор қышқылын алатын өндіріс;

05.01.85ж. - 60 мың  т/жыл өнімділікпен натрий үшполифосфатын алатын өндіріс (2-кезектік кешен);

25.02.86ж. – 3,5 мың  т/жыл өнімділікпен калий үшполифосфатын алатын өндіріс;

25.02.86ж. – 2,1 мың  т/жыл өнімділікпен калий-натрий үшполифосфатын алатын өндіріс ;

Соңғы жылдары зауытта жаңа өндірістер іске қосылды:

15.03.2011ж. – 50 мың т/жыл өнімділікпен тазартылған фосфор қышқылын алатын өндіріс;

01.10.2011ж. – 20 мың т/жыл өнімділікпен түйіршіктелген натрий үшролифосфатын алатын өндіріс;

01.06.2012ж. – 5 мың т/жыл өнімділікпен натрий гексаметафосфатын алатын өндіріс.

Зауытта сондай-ақ ірі табиғат қорғау нысандары да іске қосылды:

01.08.2010ж. – № 5 пештің пеш газын өңдеп, пайдалану жүйесі;

13.04.2012ж. – № 6 пештің пеш газын өңдеп, пайлану жүйесі;

01.10.2012ж. – ФС пештерін қолданғаннан кейін қолқапты сүзгілерді түтінді газдардан тазалау жүйесі.

Шламжинағыштарды ондағы фосфорлы шламды өңдеп, бейтараптандыру арқылы тазарту. Бүгінгі күні 4 шламжинағыштың біреуі тазартылған, екеуінде тазарту жұмыстары жүргізілуде.

7, 8 пештерде пеш газын өңдеу жүйесін монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Құрғатқыш барабандардан өтетін түтінді газды тазалайтын қолқапты сүзгілерді монтаждау жұмыстарын жүргізу көзделген.

1991 жылы Жаңа Жамбыл фосфор зауытының (ЖЖФЗ) атауы «НОДФОС» ӨБ болып өзгертілді.

1992 жылы 5 тамызда «НОДФОС» ӨБ Жамбыл мемлекет мүлкін басқару комитетінің шешімімен "НОДФОС" АҚ – ашық Акционерлік қоғам іспеттес болып қайта құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы10 маусымдағы № 725 "Жамбыл облысының фосфор саласында істейтін кәсіпорындарын, «НОДФОС» АҚ дағдарыстан алып шығудың кезек күттірмес шаралары туралы» деген қаулысына орай «НОДФОС» АҚ сырттай басқарылу үшін "IBE TRADE CORP" фирмасына берілді.

«Нодфос», «Суперфосфат зауыты», «Қаратау», «Промтранс», «Фосфор» акционерлік қоғамдары акционерлерінің жалпы жиналыстары шығарған шешімдерге сәйкес және Республиканың фосфор саласындағы кәсіпорындарын өндірістік-қаражаттық дағдарыстан алып шығуға жағдай туғызу мақсатында Мемлекет мүлкі мен ҚР қаржы министрлігінің активтерін басқару Департаментінің 1997 жылғы 23 қыркүйектегі қаулысымен "Қазфосфор" Ашық Акционерлік Қоғамы құрылды.

«Қазфосфор» ААҚ Басқармасы шығарған шешім негізінде (01.10.1997 жылғы № 2 хаттама), Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес 1997 жылдың 29 қыркүйегінде «Таразфосфор» филиалы құрылды.

1998 жылы 3 тамызда «Қазфосфор» ААҚ-ның филиалы "ТАРАЗФОСФОР" базасында «ЖЖФЗ» Өндірістік кооперативі («ЖЖФЗ» ӨК құрылтай жиналысының 1998 жылғы 3 тамыздағы №1 хаттамасы) құрылды.

1999 жылы 21 қазанда ҚР Үкіметінің №1580 «Қазақстан Республикасы фосфор өнеркәсібіне көрсетілер қолдаудың жекелеген шаралары туралы» қаулысына орай «Қазфосфат» ЖШС құрылды. Ол 2000 жылдың 3 мамырында өткен сауда талқысында «Жаңа Жамбыл фосфор зауытының» мүлік кешенін иемденді. Тараз қаласындағы "Қазфосфат" ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» зауыты филиалы ауыл шаруашылығы үшін минералды тыңайтқыштар, жемдік фторсызданған фосфаттар шығаратын химиялық зауыт болып табылады.

Тараз қаласындағы "Қазфосфат" ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» зауыты филиалы ауыл шаруашылығы үшін минералды тыңайтқыштар, жемдік фторсызданған фосфаттар шығаратын химиялық зауыт болып табылады.

Зауыттың құрамына келесі негізгі өндірістер кіреді:

• фосфорлы-азотты тыңайтқыштар - аммофос өндірісі (ди-және моноаммонийфосфат қоспасы) 46% Р2О5, 10% N;

• қарапайым суперфосфат өндірісі 19% Р2О5;

• сульфоаммофос өндірісі 18% Р2О5, 18% N;

• нитроаммофос өндірісі 22% Р2О5, 22% N;

• жемдік үшкальцийфосфат өндірісі 27% P2О5;

• жемдік кальцийнатрийфосфат өндірісі 41% P2О5.

Шығарылатын өнімнің негізгі бөлігі ішкі нарықта сатылады. Бірнеше жылдан бері отандық ауылшаруашылығы өндірісшілерін тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін оны қаражаттандырудың мемлекеттік Бағдарламасы жұмыс істеуде. Сонымен қатар, тыңайтқыштар Қытай, Украина, Белоруссия, Тәжікстан нарықтарында сатылады. Ауғанстан, Қырғызстан, Румыния, Чехия, Болгария, Иранның фосфорлы тыңайтқыштар нарығын игеру үшін үлкен жұмыстар атқарылуда.

                        

 

 

Фосфорлы тыңайтқыштарды және жемдік фосфаттарды өндіру үшін негізінен табиғи фосфаттарды және экстракциялық фосфор қышқылын пайдаланады. Тыңайтқыштың физика-химиялық қасиеті мен сапасы фосфорит кенінің минералдық және химиялық құрамына көп байланысты. Шикізат ретінде пайдаланатын фосфат кенінің (апатит және фосфорит) негізгі минералды-апатит тобы 3Са3(РО4)2 СаХ2 (Х-фтор, хлор, гидроксил тобы). Кальций элементінің орнына стронций сирек кездесетін церий тобы және басқа элементтерімен алмасуы мүмкін. Табиғатта көп тараған фторапатит     3Са3(РО4)2 ∙ СаҒ2, гидроксилапатит  3Са3(РО4)2 ∙ Са(ОН)2. Фосфаттардың құрамында нефелин (Na, K)2O ∙ Al2O3 ∙ 2SiO2, эгерин NaFeSi2O6, сфен СаТіО5, титаномагнетит ҒеТіО3 ∙ nFe3O4, дала шпаты (Na, К)AlSi3O8, т.б. минералдар болады.

Фосфорит кендерде фторапатиттен басқа фторгидроксил-карбонатапатит Са10Р5СО23(Ғ,ОН)3, франколит (штаффелит) Са10Р5,2СО,8О23,2Ғ1,8ОН, курскит Са10Р4,8С112О22,8Ғ2(ОН)1,2, глауконит (гидратталған силикат – Na,K,Mg,Ca,Fe,Al тотықтары бар), кальцит СаСО3, лимонит Ғе2(ОН)6Ғе2О3, доломит СаСО3 ∙ MgCO3, магний силикат MgSiO4, каолин H2Al2Si2O8 H2O, пирит FeS2, кварц, дала шпаты, гранит, т.б. және органикалық заттар болады.

Фосфорит кендері майда дәнді (қабатталып орналасқан), желвак (томпақ үйінді түрінде – конкреция), ұлутас (қабық, сыртқы қабық) және қалдық таралған (шашыранды) түрінде кездеседі.

Апатит кен орындары негізінен магмалық (балқыған) пайда болған, ал фосфориттік – тұнбалық.

Қазақстанда фосфорит кен орындары Қаратау аймағында және Ақтөбе облысында Шилісай массивінде орналасқан. Қазіргі кезде Қаратау фосфориттері пайдаланылуда.

Фосфорит майда дәнді қабатталып жатқан, тығызғ қатты, тақталы қара-сұрдан қара түсті жыныс.

Қаратау қойнауында 45 кен мекен жайлары бар. Бассейннің өндірістік ресурсы (80%) негізінен 5 мекен жайында: Жаңатас, Көкжон, Көк су, Ақсай және Шолақтау. Осы кенді мекен жайындағы фосфорит қоры шамамен 1260 млн.тонна.

Ақсай, Шолақтау, Көкжон мекен жайындағы фосфорит қуаты 5-тен 15-20м-ге дейін, ал Жаңатас, Көксу – 5-25 м.

Кендердің көбісінің фосфатты заттары – фторкарбонатапатит Са10Р5СО23(Ғ,ОН)3. Тек Шолақтау кенінің метаморфизмделген (құрылысы мен құрамының өзгеруі) рудаларында фторапатит бар – Са10(РО4)6Ғ2. Фосфориттегі фосфаттық заттар фторкарбонатапатит немесе оның апатиттен араласы. Олардағы СаО:Р2О5 қатынастағы фосфор атомының 8-15% көміртек атомымен алмасуы мүмкін, сондықтан минерал Са10Р6О24Ғ2-ден Са10Р4С2О22(Ғ,ОН)4 дейін өзгеруі мүмкін.

Жемдік үшкальцийфосфат Са3(РО4)2 – Қаратау фосфоритінің кальций фосфаты, ол майда сұр түсті ұнтақ. Фосфор бесокись лимон ерітіндісі мен тұзды ерітінді қалпында үшкальцийфосфаттың α және β түрлендірулері.

Үшкальцийфосфаттың молекулалық салмағы – 310,18, балқу температурасы – 16700С, ыдырау температурасы – 20000С, тығыздығы – 1600кг/м3.

Үшкальцийфосфат гидроскопиялық қасиетке ие емес және де әлсіз сілтілік реакцияға ие, сондықтан суда нашар ериді.

Ол ауыл шаруашылығында жануарлар мен құстарға арналған жем ретінде пайдаланылады, сондай-ақ фосфор құрамдас тыңайтқыштар ретінде түрлі аудандарда кез келген топыраққа пайдалануға болады.

Үшкальцийфосфатты калий және азот тыңайтқыштарымен бірге пайдалануға болады.

Фторсызданған фосфат тыңайтқышын апатит немесе фосфорит концентратына 2-3% кремнезем қосып, 14000С-15000С температурадағы судың буымен өңдеу арқылы алады. Фосфоритті қыздырған кезде оның құрамындағы фтордың 90%  ұшып кетеді, бұл өте пайдалы, өйткені фтор көпшілік дақылдар үшін улы болып саналады.     

Фторсызданған фосфат ақшыл түсті ұнтақ, тыңайтқыш аздап ылғал тартады. Құрамында 22-28% фосфор болады.

Бұл тыңайтқыштың фосфоры әлсіз қышқылдарда еритін болғандықтан, оны суармалы, ылғалы өте мол және қышқыл топырақтарға күзде егістікті жыртар алдында қолданған дұрыс. Фторсызданған фосфаттың дақылдарға арналған 2-3 жылдық мөлшерін бірден беруге де болады.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 46; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.008 с.)