Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Сабақтың тақырыбы: Ыңғайлас салаласПоиск на нашем сайте Шұғаның аулында Күн бата ауылдан шықтық. Біздің де жеккеніміз пар ат. Делбені өзім ұстадым.Қатты шыққан қарқынымызбен келіп қалдық. Әбдірахманның екі көзі алдында. Алдымызда жүз метрдей жерде Есімбектің үйі тұр,бірақ Шұға көрінбейді. Енді кішкене жүрсек,өтіп те кетеміз,бірақ өткіміз келмейді. Аттың басын тежей беремін. Бұдан кетсе, Әбдірахман Шұғаны мәңгі көре алмас деген ой елестейді. Бір-бірімізбен сөйлеспей келеміз, сонда да біріміздің ойлағанымызды екіншіміз біліп келеміз. Есімбектің қабаған төбеттері алдымыздан шықты. Есіктің алдында бірталай адам жағалай отыр, бірақ бәрінің көзі бізде. Басында кимешек киген Шұғаның үлкен жеңгесі түйе сауып тұр. Үлкен үй мен отаудың арасында бәйбіше теңселіп жүр. Осының бәрі маған қуаныш секілді көрінді, сонда да біздің кетіп бара жатқанымызға ешкім таңырқаған жоқ. Ат тоқтауға айналған екен,сөйтсе де, делбені жиыңқырап ұстай бергенімде,ширыға жөнелді. Осы кезде ауылдың сырт жағындағы құдықтан келе жатқан екі әйел көрінді. Біреуі-Шұға. Әбдірахман арбадан қарғып түсті. (Б.Майлин.) (142 сөз) Мәтінді тағы да бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгілерін қояды.
Үйге тапсырма : қайталап келу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың мақсаты: а) ыңғайлас салалас туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;. ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу; б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу; Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, дамыта оқыту Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар. Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын б) Жаңа сабақты түсіндіру: Құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес,бағыттас,ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуын ыңғайлас салаласдейміз.Мысалы: Қостың ар жағынан қара кер аттың басындағы жүген сылдырлары,шөп суылдады. Көмірден май да шығады,темір қорытатын кокс те шығады.Мен бұл арада үнемдедім және үндеуді қажет те көрмедім. Бастапқы ыңғайлас саласта жүгеннің сылдырлауы мен шөптің суылдауы бір мезгілде болғандығы туралы айтылған.Екінші ыңғайлас салаласта бірінші жай сөйлемде айтылған ойдың екінші жай сөйлемге де ортақ екендігі байқалады және екі сөйлемнің баяндауышы да шығады деген сөз болып тұр.Соңғы ыңғайлас салаластағы жай сөйлемдер істің,оқиғаның жүзеге аспауы жағынан бірыңғай біркелкі айтылған.Мұндағы жай сөйлемдердің баяндауыштары (үндемедім,қажет те көрмедім) етістіктің болымсыз түрімен берілген. Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар арқылы да,жалғаулық шылаусыз,іргелес тұрып байланыса береді.жалғаулық шылаулардың қатысу-қатыспауына қарап,ыңғайлас салаластарды жалғаулықсыз ыңғайлас салалас деп екіге бөлеміз. Жалғаулықсыз ыңғайлас салаластағы кейбір жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болған я болатын істерді білдіреді.Мұндайда олардың баяндауыштары көбінесе бір шақта тұрады. Тысқа Төрекеңмен ере шықтым.Ол кісі ойға қарай шұбатылған жолмен төмен кетті,мен жарға асылған жолмен жоғары кеттім.жастардың қолы қырықтықта,аузы әнде. Ыңғайласа байланысқан кейбір жай сөйлемдер бірінен соң бірі болатын я болған істерді білдіреді. Күн батты,тауды қара көлеңке басты.Екі құшақ жүнді Молдақым мен Әндіжан таразыға апарып өлшеп еді,жеті кило он төрт грамм болды. Жалғаулықты ыңғайлас салалас және, да/де, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалады.Мұның өзінде да,әрі жалғаулықтары ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің әрқайсысымен қайталанып немесе қайталанбай,олардың арасында бір-ақ рет келіп те тұра береді. Ал және жалғаулығы ешқашан да қайталанбай,құрмаласқан жай сөйлемдердің арасында бір-ақ рет келіп тұрады. Мысалы: 1.Олардың негізгі табысы сүттен екен.Сиырдың тұқымы да жақсы,бабы да келіскен екен. 2. Қадырдың киімі жұқа әрі денсаулығы да мықты емес. 3. Келгендер арасында Абай бұрынан білетін Дәндібай,Еренай сияқты қарттар бар және екі-үш орта жастағы адам бар. Меңдіқыз Хакімге қарады да,Әлібек Меңдіқыздың бетіне қарады. Және жалғаулықты шылаумен келгенде,әрі шылауы қайталанбай бір-ақ рет келгенде,жай сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды.Қалған жағдайларда жай сөйлемдер арасына үтір қойылады.
Жаттығумен жұмыс: 99-жаттығу. Көшіріп жазып тиісті тыныс белгілерін қойыңдар. Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік және морфологиялық талдау жүргізеді. Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын. Үйге тапсырма: 100-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 65; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.) |