Жалаң сөйлем дегеніміз не? 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жалаң сөйлем дегеніміз не?

2Жақсыз сөйлемді тап.

А) Бүгін емтиханға дайындалу керек.      В) Жартастың басынан қарауытқан бір нәрселер көрінеді.

С) Ойнап сөйлесең де,ойлап сөйле.  Д) Ауыл маңы тып-тыныш     Е) Оқу—білім бұлағы

3. Жақты сөйлемді тап.

А) Сенің балмұздақ жегің келе ме?       В) Оның айтқандарын түсініп болмайды

С) Бұл оқиғаны енді айтпасқа болмайды Д) Оның үрейден төбе шашы тік тұрды.Е) Ертең сабаққа келесің бе?

4. Жалаң сөйлем дегеніміз не?

А) Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем. 

В) Тұрлаулы мүшелерімен қатар,тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем

С) Мазмұны толық берілген сөйлем. Д) Бастауышы жоқ сөйлем Е) Бастауышы әрдайым жасырын тұратын сөйлем

5. Жайылма сөйлемді тап.

А) Мен барамын. В) Айдала    С) Ол—сері жігіт   Д) Үй жап-жарық            Е) Сендер қараңдар

6. Қай сөйлем түрі екеуара сөйлескенде жиі қолданылады?

А) Толымсыз сөйлем В) жақсыз сөйлем  С) жалаң сөйлем  Д) атаулы сөйлем     Е) жайылма сөйлем

7. «Кең зал.Құжынаған халық.» -қандай сөйлем?

А) Жақты сөйлем  В) жақсыз сөйлем   С) жайылма сөйлем  Д) атаулы сөйлем  Е) Толымды сөйлем

8. Бастауышы жасырын тұрған сөйлем қалай аталады?

А) жалаң    В) жайылма      С) жақты     Д) жақсыз     Е) толымды

9. Тұрлаусыз мүшелердің болу-болмауына қарай жай сөйлемдер қалай бөлінеді?

А) жақты,жақсыз         В) атаулы  С) толымды,толымсыз    Д) жалаң,жайылма         Е) жай,құрмалас

10.Жалаң сөйлемге жетпей тұрған сөзді көп нүктенің орнына қойыңыз. «........оқып шықсын».

А) тез    В) ол        С) оған       Д) сенімен      Е) қайратпен

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.                    Үйге тапсырма:    қайталау.

Күні:                                   Пәні: қазақ тілі                              Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Құрмалас сөйлем                     

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік:Құрмалас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.

                                    ә) дамытушылқ: ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.

                                   б) тәрбиелік:сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру. 

Сабақтың түрі:                              Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі:  сын тұрғысынан ойлау стратегиялары элементтерін пайдалану,сұрақ-жауап,жаттығу     

Сабақтың көрнекілігі:           интерактивті тақта,слайдтар,кестелер  

Пәнаралық байланыс:            әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі

          Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                             ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                 Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                   б) Жаңа сабақты түсіндіру:

          Құрмалас сөйлем екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралады.Атқаратын қоғамдық қызмет жағынан жай сөйлем мен құрмалас сөйлем бір:екеуі де ойды (бірі – жалаң ойды,екіншісі – күрделі ойды) білдіреді,ойды жарыққа шығарады,оны басқаларға білдіреді,сол арқылы қоғам мүшелерінің өзара түсінісу қызметін атқарады.Сөйлемнің бір-бірінен өзгешеліктері олардың сыртқы құрылыстары мен ішкі мазмұндарында болады.

Құрамы жағынан алғанда,жай сөйлем жеке сөздерден құралады.Бұл – жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен мағыналық өзгешелігі – жай сөйлемнің жеке бір ойды білдіріп,құрмаластың күрделі ойды білдіруінде.

 Жай сөйлемдер: Зұлқия келген жұмысын баяндап отыр.Оның алдында бірнеше хаттар жатыр.

 Құрмалас сөйлем: Басқарма мәжілісінен шығып,мамыт пәтеріне қарай беттеп келе жатты.

Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып,күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді құрмалас сөйлемдейміз.

  Құрмалас сөйлемнің құрылысына қарай 3 түрі бар: салалас құрмалас сөйлем,сабақтас құрмалас сөйлем және аралас құрмалас сөйлем.Олардың ерекшеліктері төмендегідей:



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 64; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)